Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Домбыра эволюциясы: бір ғасырда перне саны қалай көбейді?

Домбыра эволюциясы: бір ғасырда перне саны қалай көбейді?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Домбыра - қазақ мәдениетінің басты нышандарының бірі. Бүгінде бәрімізге үйреншікті 19 пернелі үлгі көпшілікке «ежелгі күйдің де дәл осылай орындалғаны» сияқты әсер қалдырады. Әлеуметтік желілерде «домбыра ежелден осындай болған» деген пікір жиі айтылады. Алайда қазақтың көне музыкалық дәстүріне қатысты деректер бұл ойды қайта қарауды талап етеді. Бүгін fact-checking әдісімен домбыраның перне санын анықтап көрмекпіз.

Бұрынғы жыр мен ән мәтіндерінде «домбырам алты пернелі», «жеті пернелі», «он екі пернелі» деген тұрақты сипаттамаларды кездестіреміз. Бұл деректер халық есінде сақталған домбыра түрлерінің әрқилы болғанын көрсетеді. Сол кезеңдердегі перне санының өзгерісі музыкалық тілдің, орындаушылықтың, дыбысты іздеудің эволюциясымен тығыз байланысты.

Археологиялық жәдігерлерде перне санын анықтау мүмкіндігі мүлдем жоқ болса, ал кейінгі ғасырларда домбыра пішіні мен перне жүйесі жетіліп, қазіргі белгілі стандартқа келгені көрінеді. Сондықтан «19 перне ежелден бар» деген түсінік тарихи дәлдікке сай келмейді. Домбыраның перне құрылысы уақытпен бірге өзгеріп, әр дәуірдің музыкалық сұранысына бейімделіп отырған құбылыс деп қарауға болады.

Тексеру. Бұл жерде үш түрлі дерекке назар аудардық. Біз таңдаған деректер үш түрлі уақытта, үш түрлі ғалыммен жазылған. Және үш түрлі аймақ жайлы мәлімет береді.

Ахмет Жұбанов “Ән-күй сапары” (Алматы, 1976): “Диатоникалық тәртіппен тағылған пернелердің саны Батыс Қазақстан аймағында 12-ден 15-ке шейін, Шығыс Қазақстанда 7-ден 9-ға шейін болады” (113-бет)

Болат Сарыбаев “Қазақтың музыкалық аспаптары” (Алматы, 1981): “Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12-14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға (Арқаның қалақ домбыралары) небәрі 7-8 ғана перне байланған” (118-бет)

Б. Мүптекеев, С. Медеубекұлы “Жетісудың күйлері” (Алматы, 1998): “Нүптекенің (1910-1994) домбырасы 10 пернелік. Кей кездері домбыраның орта буынындағы фа диез пернесін тағып ойнайды” (308-бет)

Салыстыру. Үш дерек бізге бір нәрсені айқын көрсетеді: бұрынғы домбыралардың перне саны әрқашан бірдей болмаған. Батыс өңірінде көбірек, Шығыста аздау, ал Жетісуда орташа мөлшерде кездескен. Яғни, домбыра пернелер өңір, нақтырақ айтсақ аймаққа тән күйлерге қарай бейімделген.

Қорытынды. Домбыра пернесінің саны біркелкі болмаған. Әр аймақтағы дәстүрге сай әрі күйшінің қажетіне орай домбыралар 7-15 перне арасында қолданылған. Ал XX ғасырда кәсіби сахналық орындаушылық дамып, халық аспаптар оркестрлері құрылғанда, домбырадан кең дыбыс қатары талап етілді. Шетелдік әуендер мен күрделі шығармаларды орындау үшін қосымша пернелер енгізіліп, 19 пернелі үлгі қалыптасты. Сондықтан «домбыра ежелден-ақ 19 пернелі болған» деген пікір шындыққа сай келмейді.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары