Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Дзеффирелли қойған Аида Опералия фестивалінде

Дзеффирелли қойған Аида Опералия фестивалінде

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«Астана Операдағы» «Аида» – елордалық көрермен әрдайым асыға күтетін оқиға. 2014 жылы миландық «Ла Скала» театрының қойылымын қазақстандық сахнаға көшірген Ф.Дзеффиреллидің орасан зор қойылымы әр жолы өзінің ұлылығымен таңғалдырады. Перғауындар заманындағы Ежелгі Мысырдың керемет сұлулығын сахнада суреттеу үшін сахнада жүк көтергіштігі 30 тонна болатын көпқабатты, массивті, сан-салалы декорациялар орнатылған. М.Милленоттидің эскиздері бойынша тігілген 500 костюм әрекетті ежелгі әлемнің тірі мұражайына айналдырады. Көпшілік сахналарға 400-ден астам опера, хор, балет және миманс әртісі қатысады.

Биыл бұл қойылымда Қазақстан, Мексика, Италия және Ресейдің тамаша солистері өнер көрсетеді.

27 маусымда Аиданың әкесі Амонасро патшаның партиясын Мексикадан шақырылған солист Карлос Алмагер орындайды. Ол қазіргі заманның сұранысқа ие драмалық баритондарының бірі, Испания, Бельгия және Португалиядағы халықаралық байқаулардың лауреаты, Мексиканың ұлттық марапаттарының иегері. Оның репертуарында Дж.Верди және Дж.Пуччини операларынан Риголетто, Макбет, Симон Бокканегра, Набукко, Скарпия («Тоска») және басқа да жетекші партиялары бар. К.Альмагер Ковент-Гарден, Вена операсы, Берлиндегі Неміс операсы, Арена ди Верона секілді әйгілі сахналарда өнер көрсетті.

 - Мен «Астана Опера» сахнасында «Аида» қойылымына қатысуды тағатсыздана күтіп жүрмін, – дейді Карлос Альмагер. – Амонасро – Дж.Вердидің баритондарға арналған ғаламат партияларының бірі. Мұнда монархтың ұлылығын, әкелік махаббатты және Отаны отарланған адамның терең азабы көрініс тапқан. Әдетте дайындығымды партитура мен мәтінді терең зерттеуден бастаймын: мен оның айтқанын ғана емес, әр сәтте не сезінетінін де түсінуге тырысамын. Сахнада мен осы кейіпкердің адамгершілігін, ішкі қуаты мен эмоциялық жан-жақтылығын көпшілікке жеткізуге тырысамын. Мен осы фестивальге шақырылған кейбір атақты әріптестермен бір сахнада өнер көрсету құрметіне ие болдым. Мен әртіс ретінде де, адам ретінде де шын жүректен таңданатын Джакомо Престиамен бірге біз Ла Коруньеде «Аида» және Канар аралдарындағы Лас-Пальмаста «Аттила» операларын орындадық. Сонымен қатар біз Тиранада Амади Лагамен бірге «Тоска» қойылымында өнер көрсеттік. Мен бұл орындаушыларды құрметтеймін, олардың кәсіби деңгейіне тәнтімін, – дейді К.Альмагер.

 

- «Астана Опера» театрында фестивальдің қатысушысы болу мен үшін зор мәртебе. Мен фестивальге шын жүректен үлкен табыс тілеймін және опера мен орындаушылық өнерді үнемі қолдағаны үшін көрерменге шын жүректен алғыс айтамын. Біздің «Аида» спектаклі көрермен қауымға ұмытылмас музыкалық-эмоциялық әсер сыйлайды деп үміттенемін, ал бұл опера мерекесі әлемнің түкпір-түкпірінен келген әртістер мен көрерменнің басын қосуды жалғастырады, – деп қорытындылады мексикалық әнші.

Сол күні кешке перғауын Амнеристің зұлым әрі албырт қызын Анастасия Болдырева (Ресей - Италия) сомдайды, оны өз буынының ең қызықты меццо-сопраносының бірі деп атайды. Халықаралық бағдарламалар лауреаты, HSBC Young Artists турының жеңімпазы, ол Зубин Мета, Риккардо Мути, Пласидо Доминго, Джанандреа Нозеда және Бернар де Бийи сияқты шеберлермен шығармашылық ынтымақта болды. Оның репертуарына әлемдегі ең беделді сахналардағы қойылымдар кіреді – Арена ди Верона, Рим, Неаполь, Палермо театрлары және Карнеги холл.

26 және 28 маусымда әскери қолбасшы Радаместің партиясын Амади Лага (Италия-Франция) орындайды. Француз-тунис теноры Париж консерваториясында шеберлікті шыңдай бастады. Оның ең көрнекті рөлдерінің қатарында «Турандоттағы» Калаф (Шанхай, Бейжің, Валенсия, Пуччини фестивалі), «Тоскадағы» Каварадосси және «Кармендегі» Дон Хосе (Арена ди Верона) және басқалары бар. Еуропаның әйгілі сахналарында өнер көрсететін әртістің репертуарында драмалық тенордың, оның ішінде, әрине, Радаместің партиялары ерекше орын алады.

Елордалық көрермен, әлбетте, сүйікті солистерімен де кездеседі. Аида партиясын еліміздің үздік әншілері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина (26, 28 маусым) және Ұлпан Әубәкірова орындайды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Татьяна Вицинская, Гүлжанат Сапақова (Амнерис, 26, 28 маусым). Мысыр патшасының партиясын – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Шыңғыс Расылхан (26, 28 маусым) және Болат Есімханов сомдайды, Саян Исин (Радамес, 27 маусым). Сондай-ақ сахнаға Талғат Мұсабаев (Амонасро 26 және 28 маусым), Саргис Бажбеук-Меликян, Шыңғыс Расылхан (Рамфис), сондай-ақ операның жетекші солистері, хор, балет және миманс әртістері шығады. Бұл күндері «Астана Опера» симфониялық оркестрін Қазақстанның халық әртісі дирижер Абзал Мұхитдин басқарады.  

 Естеріңізге сала кетейік, «Аида» – өлімді жеңген махаббаттың әнұраны. Суэц арнасының ашылуына Мысыр үкіметінің тапсырысы бойынша жазылған опера алғаш рет 1871 жылы 24 желтоқсанда Каирде орындалды, содан кейін Миланда салтанатты түрде өтті. Бұл монументалды туындыда тартысқа толы жеке драма шерулер мен әнұрандардың фонында өрбиді. Қатыгез діни қызметкерлердің бейнелерінде Дж.Верди Аида мен Радаместің рухани сұлулығы мен моральдық төзімділігіне қарсы тұрған шіркеудің жеккөрінішті қараңғылығын атады: олардың махаббаты барлық сынақтарға, тіпті ажалдың өзіне жасқанбай қарсы тұрып, төтеп береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары