Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Елде 4,5 мыңнан астам ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды

Елде 4,5 мыңнан астам ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Елде жерасты суларын кешенді пайдалану тұжырымдамасы жасалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов хабарлады.

Елде төрт мыңнан астам жерасты су көздеріне барлау жасалған. Ал олардың жылдық пайдалану қоры 15,7 млрд текше метр шамасында бекітілді. Жалпы жерасты сулары жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Сондықтан да салаға ауқымды зерттеу мен бағалау жүргізу қажет. Осыған орай, құзырлы орган жерасты суларын кешенді пайдалану тұжырымдамасын әзірлемек. 

Үкімет отырысында алғашқы болып баяндама жасаған өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі халықты ауызсумен қамтуда былтыр талай шаруа атқарылғанын жеткізді. Мәселен, 73 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Ұзындығы 1600 шақырымға созылатын сумен жабдықтау желісі тартылды. Сондай-ақ елде су құбыры нысанындарына арналған 8 алаң салынған.

Қуандық Қажкенов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалып, еліміздегі 90 қала мен 7,5 млн тұрғыны бар 6087 ауыл 100 пайыз аузсумен толық қамтамасыз етіліліп отыр. Оның ішінде 474-сі орталық су жүйесімен қамтылған. 1340 ауыл орталықтандырылмаған су жүйесімен қамтылған. Оның ішінде 1102 ауыл суды тазарту блок модульдер арқылы қамтамасыз етілген. 219 халқы аз елді мекен сумен жабдықтау ұңғымалар есебінен жүзеге асырылады.

2030 жылға қарай өнеркәсіптегі суды қайталама және айналымды пайдалану үлесі екі есеге ұлғайтылмақ. Су Кодексіне сәйкес, кәсіпорындар тиісті сумен жабдықтау жүйесіне кезең-кезеңмен көшуге міндеттеледі.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұған жеті жыл мерзім берілгенін атап өтті. Осылай алдағы төрт жылда судың қайталама және айналымды пайдалану үлесін 13%-дан 28%-ға дейін өсіру көзделіп отыр. Бұл 1,5 млрд текше метр су үнемделеді деген сөз. Сол сияқты, аграрлық салада заманауи суару жүйесін енгізіп, тіршілік нәрін үнемдеу өзекті мәселеге айналған.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары министрлігімен бірлесіп, жоспарларды жедел түрде пысықтап, қажет болса түзету енгізу керек. Әкімдіктер суды көп қажет ететін егіс алқаптары бойынша индикаторларды шаруалардың назарына жеткізіп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алсын.

Үкімет басшысының олай деуінің жөні бар. Былтырғы суару маусымында тіршілік нәрін заңсыз пайдалану дерегі 2,5 есе артыпты. 2024 жылы осындай 221 дерек тіркелсе, 2025 жылы онысы 526-ға жетіпті. Ал салынған айыппұл мөлшері 501-ден 801-ге дейін өскен. «Енді суды үнемдеу мақсатында агрошаруашылықтарға тіршілік нәрін қолданудың шектеуі енгізіледі», – деді құзырлы ведомство басшысы отырыстан кейін өткен брифингте.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Егер тұтынушы келісімшартсыз суды пайдаланар болса, оған тариф бағасынан екі есе айыппұл салынады. Ал ауыл шаруашылық өнімін өндіруші бір дақыл бойынша келісімге отырғанымен, басқа дақылды ексе, онда су тарифінен 1,5 есе артық мөлшерде айыппұл төлеуге тиіс. 2025 жылы осындай деректер анықталған. Келісімге отырмау бойынша 57 заң бұзу дерегі, және шаруалардың басқа дақылды суарудың  169 дерегі тіркелген.

Сарапшылардың болжамынша, алдағы вегетациялық маусым кезінде оңтүстік өңірлердегі өзен-суларға жететін су көлемі айтарлықтай азаяды. Сол себепті суды мейлінше үнемдеп-жарату қазіргі басты міндеттердің бірі. Осы ретте құзырлы ведомство су ресурстарын заңсыз пайдалануға қарсы жұмыс тобын құрмақ ниетте. Суды үнемдеу стратегиялық мақсат, сондықтан да үкімет цифрлық шешімдерді мейлінше оңтайлы пайдалануды көздеп отыр.

Авторлары: Бақыт Топтаева, Жандос Битабаров

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 20:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see153

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see151

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see149

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see141

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see136

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see135

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see131

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see126

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see124

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see124

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see124

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see123

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see123

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see120

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see120

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see119

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see119

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары