Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Елдегі ең жас шенеуніктер кімдер?

Елдегі ең жас шенеуніктер кімдер?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстандағы ең жас және тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлердің тізімі жарияланды. Ranking.kz ұсынған тізімге министрлер мен олардың орынбасарлары, облыс және қалалардың әкімі, сондай-ақ, республикалық деңгейдегі ірі мемлекеттік құрылымдардың жетекшілері енген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандағы ең тәжірибелі шенеуніктердің қатарында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бар. Екеуінің жасы 64-ке жеткен. Елдің жетекші экологының зейнеткерлік жас шегінен асып кетуі БАҚ өкілдерінің назарына ілікті. Бұл ретте Нысанбаев өзінің мол тәжірибесі мен білімін ескере отырып, қызметін жалғастыруға құқығы бар екенін мәлімдеген.

Қараша айының соңында зейнеткерлер қатарына тағы бір тәжірибелі шенеунік – Ішкі істер министрлігінің орынбасары Игорь Лепёха қосылады. Ranking.kz мәліметінше, шенеунік журналистердің өткір сұрақтарына салмақты әрі дәйекті жауап береді. Ол Қостанайға қатысты сепаратистік пікірлерді тоқтатып, тек ақылды бағдаршамдар арқылы жол кептелісін шешу идеясының тиімсіздігін ашық айтқан. Сонымен қатар Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев та тәжірибелі шенеуніктер қатарында. Өзінің 40 жылдық еңбек жолында редактор, баспасөз хатшысы, елші, сенатор және әкім болып қызмет атқарған.

Ал, зейнет жасына жақындаған шенеуніктер қатарында – Бас прокурор Берік Асылов және облыс әкімдері Марат Ахметжанов, Нариман Төреғалиев пен Құмар Ақсақалов бар. Бір қызығы, Құмар Ақсақалов жұмысқа жаяу барады екен. Әрине, бұл қалыпты жағдай болса да, аймақ басшысының дәл осы әрекеті оның халықпен ашық байланыста екенін көрсетеді. Сол үшін оны «халық әкімі» деп атап кеткен.

Шенеуніктердің нақты табысы олардың лауазымы мен қызмет өтіліне байланысты. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, өткен жылы облыс әкімінің орташа номиналды жалақысы шамамен 1,7 миллион теңгені құрады. Бұл қосымша төлемдерді, бонустарды және басқа да жеңілдіктерді қоспағанда, базалық сома. Министрлер мен олардың орынбасарлары аймақтық басшыларға қарағанда сәл аз жалақы алады – 1,5 миллион теңге.

Жалпы, министрлердің орынбасарлары мен қала әкімдерінің лауазымдарын қазір 30 жастағы және 9 жылдан 15 жылға дейінгі тәжірибесі бар адамдар иеленеді.

Ең жас шенеуніктердің қатарында – Оқу-ағарту министрі Асылбек Ахметжанов, 33 жастағы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және 34 жастағы министр орынбасарлары – Қайырхан Тұтқышбаев, Дмитрий Мун және Бекболат Молдабеков бар.

Айта кетейік, тізімге енген шенеуніктердің көбі Президенттің жастар кадрлық резервінен, ал кейбірі алғашқы жұмыс жылдарын жоғары қызметтен бастаған.

Мәселен, Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов еңбек жолын концерт залында билет контролері ретінде бастаған, вице-министр Ермек Кенжеханұлы университет кезінде өз бетімен егістік егіп, өнім жинаған. Ал, Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Марат Омаров мемлекеттік қызметпен қатар Қазақстан футбол федерациясын басқарған.

Рейтингтегі соңғы орнынды экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошырбаев иеленді.

Ең жас шенеуніктердің жалақысы да әртүрлі. Вице-министр деңгейіндегі қызметкерлер 2024 жылы 1,5 млн теңге алған, облыстық әкімдердің жас орынбасарлары шамамен 836,9 мың теңге табыс табады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 17:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары