Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Елімізде әйелдер ғарыш экипажының қатысуымен алғашқы SANA 1 эксперименті аяқталды

Елімізде әйелдер ғарыш экипажының қатысуымен алғашқы SANA 1 эксперименті аяқталды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«SANA-1» жобасы Ғарышкерлерді даярлау жөніндегі зерттеу тобының, ҚБТУ-дың, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ-ның (ҰҒЗТО), ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жанындағы Аэроғарыш комитетінің және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жобаның ерекшелігі – инженер және зерттеуші әйел адамдар қатысты. Бұл Қазақстанның ғылым мен технология салаларындағы гендерлік теңдікті дамытуға қосқан үлесі. Бүгінде әлемдегі ғарышкерлердің шамамен 12,5%-ы ғана нәзікжандылар. Эксперимент нәтижелері оқшауланған ортада эмоционалдық реттеу, когнитивтік икемділік және күйзеліске төзімділікті зерттеу үшін маңызды.

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Эксперименттің өткізілуі Бүкіләлемдік ғарыш апталығымен (жыл сайын 4-10 қазан аралығында аталып өтеді) тұспа-тұс келді. Биыл апталық тақырыбы — «Living in Space» (Ғарыштағы өмір) деп аталды. Бұл адамзаттың ғарышты «өмір сүруге болатын орта» ретінде игеруге деген ұмтылысын бейнелейді.

Жобаның ғылыми жетекшісі Алина Гутореваның айтуынша, SANA-1 миссиясының мақсаты – оқшаулану кезіндегі адамның когнитивтік, физиологиялық және эмоционалдық бейімделуін зерттеу. Экипаж медициналық, физиологиялық, психологиялық сынақтардан өтті (ЭКГ, талдаулар, COVID-тест), когнитивтік және мінез-құлықтық эксперименттерді орындады, капсуланың инженерлік жүйелерін бағалады. Эксперимент барысында зерттеушілердің монотондық жағдайда, оқшаулану кезіндегі төзімділігі мен қарым-қатынас орнатуы зерттелді.

Алынған деректер оқшаулану кезінде психофизиологиялық жағдайды бақылау жүйелерін және ұлттық ғарышкерлерді даярлау бағдарламасын әзірлеуге негіз болады. Сондай-ақ күйзеліс кезінде төзімділікті арттыру туралы әдістемені жасауға, ұзақ уақыт бойы ғарышта болуға арналған капсуланы жобалауға септігін тигізеді және нәтижесі Space Days Kazakhstan және COPUOS сынды халықаралық конференция мен форум, сондай-ақ ғылыми жарияланымдарда ұсынылады.

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Дәл осы күні, 34 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров ғарыштық сапарын аяқтаған еді. Шара барысында ол тәжірибесімен бөлісіп, психологиялық тұрақтылық, топтық жұмыс пен өз күшіне сенудің маңыздылығын атап өтті. Ғарышкер сөзі ұрпақтар сабақтастығы мен саланың үздіксіз дамуының айғағы.

Салтанатты рәсімнің соңында ұйымдастырушылардың бірі, ҰҒЗТО басқарма төрағасы Марат Жәнікеев «SANA-1» экспериментіне қатысушыларға бағдарламаны сәтті аяқтағаны үшін дипломдар табыстады. Бұл олардың қазақстандық ғылымның дамуына қосқан үлесін мойындаудың және болашақ зерттеушілердің кәсіби дайындығының жарқын үлгісі.

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

«SANA-1» командасы әйелдер көшбасшылығы, эмпатия мен бір-бірін қолдау, оқшаулану кезіндегі экипаж тұрақтылығының аса маңызды ресурсы бола алатынын көрсетті. Бұл нәтижелер ғарышкерлерді даярлаудың жаңа стратегиясын, эмоционалдық күйзелістің алдын алу және болашақ экипаждарды психологиялық қолдау жүйелерін әзірлеуге жол ашады, сондай-ақ әйелдердің ұзақ мерзімді миссияларға белсенді қатысуына арналған бағдарламаларды дамытуға ықпал етеді.

Жоба ғылым, білім және қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосып, экстремалды жағдайдағы адам психологиясы, бейімделуі мен когнитивтік тұрақтылығын зерттеудің жаңа тәсілдерін қалыптастырады. Сондай-ақ ол әйелдер арасында STEM бағыттарын танымал етуге және пәнаралық ғылыми ынтымақтастық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін тұңғыш қазақ әйелінің ғарышқа сапары қалай өткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 19:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары