Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Елімізде балық шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске қосылды

Елімізде балық шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары іске қосылды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік қолдау субсидиялаудың үш негізгі бағытын қамтиды.

Бірінші бағыт - аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу. Екінші бағыт - өнімінің сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар. Үшінші бағыт - су беру қызметтерінің құнын субсидиялау.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі - инвестициялық салымдарды субсидиялау қағидаларының жаңартылуы болды. Алғаш рет қарсы міндеттеме енгізілді: субсидия алушылар мемлекеттік қолдауды алғаннан кейін кемінде бес жыл бойы аквашаруашылық саласындағы қызметін жалғастыруға міндетті. Бұл шешім бюджет қаражатының ұзақмерзімді тиімділігін қамтамасыз етуге және қолдау шараларын формалды пайдаланудың алдын алуға бағытталған.

Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, инвестициялық шығындардың өтемақысы бірқатар басым бағыт бойынша 25% мөлшерінде жүзеге асырылады. Олардың қатарында қуаты сағатына кемінде бір тонна болатын аквашаруашылық нысандарына арналған жем өндіретін зауыттар мен цехтарды құру және кеңейту, жылына 25 тоннадан бастап өнім өндіретін тоған шаруашылықтарын дамыту, сондай-ақ дәл осындай қуаттағы бассейндер мен тұйық су айналымы қондырғыларын қолданатын индустриялық шаруашылықтарды дамыту бар.

Мемлекеттік қолдау сондай-ақ жылына 50 тоннадан бастап қуаты бар балық шаруашылығы су айдындарындағы торлы акваөсіруді дамытуға, аумағы кемінде 50 гектар болатын су айдындарында көл-тауарлы балық өсіруге арналған жабдықтар мен техниканы сатып алуға, тәулігіне кемінде бір тонна өнім өндіретін балық өңдеу нысандарын құру және кеңейтуге, сондай-ақ белгіленген қуаттағы балық шабағын өндіретін қайта өндіру шаруашылықтарын дамытуға да таралады.

Су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. № 8 «Жылына 25 тоннадан бастап акваөсіру нысандарын өсіретін акваөсіру субъектілерін, сондай-ақ акваөсіруді дамытуға ықпал ететін субъектілерді сумен қамтамасыз ету» паспорты шеңберінде өтемақы мөлшері ұлғайтылып, нақты шығындардың 50%-ын құрайды.

Аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағытында да елеулі өзгерістер енгізілді. Жемшөпті, балық отырғызу материалын және жөндеу-аналық табынды сатып алу кезінде берілетін субсидиялардың шекті мөлшерлері қайта қаралды. Сонымен қатар бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау талаптары күшейтілді. Шаруашылықтарға көшпелі тексерулер жүргізу, міндетті фото және бейнетіркеу, сондай-ақ ветеринариялық құжаттарды ұсыну енгізілді.

Осы бағыт аясында акваөсіру нысандарын өсіруде пайдаланылатын жемшөпті сатып алуға жұмсалған шығындардың 30%-ы, балық отырғызу материалын, биологиялық негіздеме әзірлеуді, мамандандырылған дәрілік препараттарды, сондай-ақ аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарының 50% өтеледі.

Сонымен қатар, аквашаруашылық субъектілеріне мемлекеттік қолдау ретінде жаңадан су беру қызметтерінің құнын субсидиялау енгізілді. Мемлекеттік қолдау мөлшері дифференциалды түрде айқындалып, су беру тәсіліне қарамастан, қосылған құн салығын есепке алмағанда тарифтің 60-85%-ын құрайды. Бұл, әсіресе, су ресурстары шектеулі өңірлерде орналасқан шаруашылықтар үшін маңызды.

-Жалпы алғанда, қабылданған шаралар акваөсіру өнімінің өзіндік құнын төмендетуге, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және балық шаруашылығын одан әрі дамытудың берік негізін қалыптастыруға бағытталған,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар онда жаңа субсидиялау тетіктері өндіріс көлемін ұлғайтуға, өнім сапасын жақсартуға және Қазақстанның ішкі әрі сыртқы балық өнімдері нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді деген үміт бар екені айтылған.

Айта кетейік, кейінгі 4 жылда елде балық өсіретін шаруашылықтар саны 7 есе өскен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 17:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары