Энергетика министрлігі мұнай тасымалының тұрақты жүріп жатқанын растады
Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы «Шесхарис» мұнай терминалында болған дрон шабуылына қатысты ресми түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан мұнайын экспорттау бағыттарында ешқандай шектеу жоқ.
Министрліктің ресми өкілі Әсел Серікпаеваның айтуынша, Атырау – Самара және Ақтау – Махачкала бағыттарымен қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүріп жатыр. Сонымен қатар ведомство Ресейдің «Транснефть» компаниясымен тұрақты байланыста екені хабарланды.
Барлық тасымал процесі министрліктің бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін дрондар Новороссийскідегі «Шесхарис» мұнай тасымалдау кешеніне шабуыл жасаған еді. Шабуыл салдарынан мұнай базасы мен жағалау инфрақұрылымына зақым келген. Қазір оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:22
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 16:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















