Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ертең Рим Папасы Ыстамбұлдағы атақты Сұлтанахмет мешітіне барады

Ертең Рим Папасы Ыстамбұлдағы атақты Сұлтанахмет мешітіне барады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

BBC News хабарламасына сүйенген Aikyn.kz Рим Папасының алғашқы апостолдық сапары барысында жасаған мәлімдемелерін талдайды.

Рим Папасы Лев XIV Режеп Тайип Ердоғанмен кездесуінде Түркия президентін диалог пен ынтымақты күшейтуге шақырды. Фото kiprinform.com сайтынан алынды

Рим Папасы Лев XIV Түркия мен Ливанға жасайтын алғашқы шетелдік сапарының басында әлем «жаһандық деңгейде қақтығыстарға» жол бермеуі керек екенін ескертті. «Адамзаттың болашағы қыл үстінде тұр», – деді Рим Папасы Режеп Тайип Ердоғанмен кездесуінде. Понтифик Түркия президентін диалог пен ынтымақты күшейтуге шақырды.

Рим Папасы Түркияда 4 күн болып, Ливанның астанасы Бейрутқа 30 қарашада ұшып келеді деп жоспарланған. Бұл сапарлар Папа Франциск жоспарлаған кездесулердің жалғасы саналады. 

Лев XIV қазіргі әлемде болып жатқан соғыстар «бөлшектенген үшінші дүниежүзілік соғысқа» ұқсайтынын атап өткен. Бұл пікірді де оның алдындағы Папа Украина, Сирия, Мьянма және өзге өңірлердегі қақтығыстарды меңзеп, бірнеше рет айтқан болатын. Алты ай бұрын понтифик атанғаннан бері ол аса сабырлы, тіпті сақ саясаткер ретінде танылды. Алайда бұл сапар оның дипломатиялық қабілеттерін терең сынақтан өткізбек.

Сапардың негізгі сәттерінің бірі – ежелгі Никея орналасқан Түркиядағы Изник қаласына баруы болмақ. Папа Лев және әртүрлі христиан дінінің көшбасшылары осыдан 1700 жыл бұрын өткен тарихи собордың мерейтойына орай жиналады.

Бұл жерде б.д. 325 жылы 200-ден астам епископ Иса Пайғамбардың Құдайдың Ұлы екеніне сенім білдірген. Кейін «Никей сенім символы» деп аталатын догманың негізі қаланған.

Бұдан кейін Шығыс және Батыс христиандық тармақтар бөлінгенімен, осы сапарда бірлік пен татулықты арттыруға бағытталған үндеулер көбірек айтылады деп күтілуде. 29 қарашада Рим Папасы атақты Сұлтанахмет мешітіне барады. Ол дінаралық диалог аясында діни көшбасшылармен кездеседі.

Ливанға сапарында Папа көптеген діни көшбасшылармен кездесіп, жастардың пікірін тыңдайды. Бұл сапар ел халқының үштен бірін құрайтын христиандарға қолдау көрсетуді де көздейді.

Сапардың соңғы күнінде Лев XIV 2020 жылы Бейрут портында болған жойқын жарылыстың орнында месса өткізіп, 200-ден астам қаза тапқан және 7 000-нан аса жараланған адамға дұға бағыштайды.

Папа Лев XIV өзінің алдындағы прогрессивті идеяларды абайлап жалғастыра отырып, дәстүршілдердің пікіріне де құлақ асып келеді. Ол бірнеше рет соғысты тоқтатуға шақырды, бірақ оның үндеулері Папа Францискке қарағанда әлдеқайда байсалды болды. 

Осы сапар аясындағы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Ливан азаматтық қоғамы өкілдерімен кездесулер Понтификке аймақтық қақтығыс жөніндегі өз көзқарасын ашық түсіндіруі мүмкін. Папаның сапар соңында Римге қайтар жолдағы дәстүрлі баспасөз конференциясында берген бағаларын да көпшілік күтуде.

Бұл сапарда журналистер Рим Папасының ағылшынша «чикаголық акцентпен» сөйлегенін де еститін болады. Көп тілді еркін меңгерген Папа Лев XIV бұған дейін негізінен итальян тілінде сөйлеген. Ватиканның мәліметінше, ол Түркиядағы барлық ресми кездесулерде ағылшын тілінде, ал Ливанда аздап француз тілінде сөйлейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 15:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары