Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Эстония цифрлық басқару бойынша көш бастап тұр

Эстония цифрлық басқару бойынша көш бастап тұр

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Эстония әлемде цифрлы мемлекет ретінде танымал. Себебі дәл осы ел әлемде алғаш болып сайлауда онлайн-дауыс беру жүйесін енгізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкімет индексі бойынша Эстония 7-ші орынмен алғашқы ондыққа кіреді. Ал Қазақстан 193 елдің ішінде 24-ші орынға табан тірейді. Осы тұрғыда екі елдің алдағы уақытта цифрландыру саласы бойынша ынтымақтастығы артатыны сөзсіз.

Биыл жыл басында екі елдің өкілдері аталған сала бойынша бірқатар келісім жасасты. Құжаттар Эстония мен Қазақстан арасындағы цифрлық технологиялар мен логистиканы дамытуға басымдық береді.

Иә, Эстония – Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам дамуы индексі бойынша дамыған, Дүниежүзілік банктің жіктеуі бойынша экономикасы табысты, «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» индексінде, инфрақұрылым, цифрлық басқару, бизнес бойынша Еуропада көш бастап тұрған мемлекет. Үлгі етер тұстары жетерлік.

Еуропадағы цифрлы мемлекет   

Эстонияда мемлекеттік мекемелердің 99%-і электронды жүйеге көшкен. E-Estonia бағдарламасы өкілдерінің айтуы бойынша бұл елге ЖІӨ-нің шамамен 2%-ін үнемдеуге мүмкіндік береді. Көлік тіркеу, салық декларациясын тапсыру сияқты кез келген өтініш онлайн түрде бірнеше минутта орындалады. Дәрігер қағаз бланк жазбайды. Науқас дәріханаға жеке куәлігін ғана көрсетіп, дәрісін ала алады. Сондай-ақ ата-аналар баласын мектепке еш кедергісіз тіркей береді. Жалпы елде технологияға баулу мектеп қабырғасынан басталады. Эстондық оқушылар роботтехниканы 2-сыныптан бастап оқиды. Биыл билік жасанды интеллектіні 1-сыныптан енгізуді жоспарлаған болатын. Алайда оқу жылының басында іске қосылуы тиіс пилоттық жоба кейінге қалдырылды. Соған қарамастан кейбір мұғалімдер мен оқушылар генеративті чат-боттары бар, заманауи жасанды интеллект құралдарын меңгеріп жатыр.

«2027 жылға қарай мектептерде жасанды интеллект жаппай қолданылады. Құрылғылардың мұғалімдерге де, оқушыларға қолжетімді болуы қамтамасыз етіледі. Технологияның тілін меңгеріп, қыр-сырын үйренген сайын жетістіктердің де көп болатынына сенемін», — Кристен Михал, Эстония премьер-министрі.

Эстония халқы интернетті белсенді қолданады. Статистика департаментінің дерегіне сүйенсек, үй шаруашылықтарының 95%-тен астамы интернетке қосылған. Бұл 564 мыңнан астам отбасы технологияның тілін жетік меңгерген деген сөз. Пайдаланушылардың жартысына жуығы контент жасау, ақпарат іздеу немесе мәтін жазу үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. Қалаларда бұл көрсеткіш 50%-тен жоғары, ауылдық жерлерде сәл төмен.

Эстонияның энергетикалық әлеуеті   

Инновацияға деген ұмтылыс Эстонияның энергетикалық әлеуетін де көрсетеді. Ел билігі 2030 жылға қарай елдегі тұтыну көлемін толық қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия өндіруді көздеп отыр. Бұл 2035 жылға дейінгі энергетикалық даму жоспарында көрсетілген. Қазір жаңартылатын энергияның ішінде биоэнергия басым. Электр энергиясының 93%-і соның үлесінде. Сонымен қатар жел және күн генерациясы да белсенді дамып келеді. Алайда «Күн шықпаса, жел соқпаса не істейміз?» деген сұрақ өзекті күйінде қалып отыр. Қазір резервтік қуаттың басым бөлігін сланецпен жұмыс істейтін электр станциялары қамтамасыз етеді. Алайда оларды пайдалану барған сайын қымбаттап, техникалық ресурсы таусылуға жақындаған. Көптеген станция 60 жылдан астам жұмыс істеп, алдағы жылдары тек апаттық резерв ретінде қолданылуы мүмкін. Сондықтан күн мен жел қажетті энергияның орнын толтырмаса, жедел іске қосылатын газ станциялары арқылы қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 

«Былтыр Эстонияда өндірілген электр энергиясының үштен екісі жаңартылатын көздерден алынды. Жел энергетикасының әлеуеті жоғары. Бірақ бізге энергия қоймалары қажет. 2035 жылға қарай Эстония бағаның төмен және жеткізілімнің үздіксіз болуы үшін энергияны өндіру мен сақтаудың жеткілікті қуаттарына ие болуы тиіс» — Андрес Сутт, Эстонияның Энергетика және қоршаған ортаны қорғау министрі.

 

Эстония — экотуризмді дамытқан ел    

Эстонияның тағы бір артықшылығы – туризм саласы. Әсіресе экотуризм қарқынды дамыған. Ел аумағының жартысынан көбі жасыл желекке оранған. Шамамен 21%-і қатаң қорғалатын табиғи аумақтар, оның ішінде алты ұлттық парк бар. Туристердің 40%-не жуығы табиғатқа бағытталған маршруттарды таңдайды. Эстония – туроператорлар үшін «жасыл стандарттарды» енгізу бойынша Еуропадағы жетекші елдердің бірі. Қонақүйлер, кемпингтер және шаруа қожалықтары EcoLabel және Green Key сертификаттарын алуға ұмтылады. 

Эстония 2007 жылдан бері Шенген аймағына мүше. Яғни елге саяхаттау үшін Еуроодақ мемлекеттерінен алған визаңыз жеткілікті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 10:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары