Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Еуронарықтағы автоматты қазандықтар

Еуронарықтағы автоматты қазандықтар

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жер үйді, моншаны бір батырма арқылы әп-сәтте жылыта салатын автоматты қазандықтар Қарағандыда өндіріледі. Заманауи пеші ішкі нарықты қамтып, тіпті шетелге де экспортталып жатқан «Горняк автоматты қазандықтары» кәсіпорны – өз саласында көшбасшы. Президент Жолдауда: «Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді» деген еді. Аталған серіктестік өңір өнеркәсібінің өркендеуіне елеулі үлес қосып отыр.

Кәсіпорын басшысы Данил Березиннің айтуынша, бұл берекелі бизнесті әуелі әкесі Андрей Алексеевич бастап, кейін ұлына сеніп тапсырған. Данил Андреевичтің де компанияға басшылық еткеніне 10 жылдан асыпты.

Әкесі Андрей – тәжірибелі дәне­керлеуші. Содан өз үйіне автоматты түрде жылу тарататын тұрмыстық қазандықты жасап шығаруды ойлас­тырыпты. Күні-түні пеш күзетіп, машақаттан құтылуды көздеген ол технологиясын біраз уақыт іздеген көрінеді. Сөйтіп, қызуы күшті пешті жасап шығарады. Мұны көрген тамыр-танысы, көрші-қолаңы Андрей­дің алтын қолынан шыққан пешке қызы­ғып, тапсырыс береді. Осылайша, автоматты жылыту пешінің аты шығып, қазір индустриалды алып компанияға айналады.

«Үйдің шойын пештері мен авто­матты қазандықтар өндіріп, қазір тәжі­рибелі 180 маманды жұмыспен қам­тып отырмыз. 2013 жылы кәсіпор­нымыз­ды заңдастырып, «Горняк» брендін қалыптастырдық. Ресей, Қыр­ғызстан, Өзбекстан елдерінен де тапсырыс аламыз. Кәсіпорында қазандықтар мен су жылытқыштардан бастап, желдеткіштер мен автоматикаға дейін өндіріліп жатыр. Қатты отын, газ, электр қазандықтары, монша пештері мен сорғылардың сапа кепілі бар», дейді кәсіпорын басшысы.

Айтуынша, таяуда италиялық ма­манмен серіктестік орнатып, кәсіп­орын­ға бірқатар жаңашылдық та енгі­зіпті. Жақында RBK банкі мен «Даму» қорының жан-жақты қолдауының арқасында дербес ғимаратқа көшіп барыпты.

Өнеркәсіптік робототехника сала­сындағы әлемге «Kuka» атауымен танымал неміс компаниясының дәнекерлеу роботтары қызметтерін мінсіз атқарады: темір тігісін жоғары дәлдікпен дәнекерлейді. Яғни өнім сапасы артады. Аталған неміс компаниясы автоматтандыру және робот жасау технологияларын дамытуда әлем бойынша жетекші саналады. Оның роботтары автомобиль, логистика, электроника, медицина, металл өңдеу және басқа да салаларда кеңінен қолданысқа ие. Компанияда кең ауқымды қызмет түрі бар. Жүйе жолға қойылған. Елдің түкпір-түкпірінде кәсіпорын филиалдары мен дүкендері жұмыс істейді. Қазір Қарағанды, Алматы, Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай және Өскеменде орналасқан 13 дүкені тұтынушыларға жоғары қызмет түрін ұсынып отыр.

Кәсіпорын өз өнімдерінен бөлек, халықаралық деңгейдегі әйгілі брендтердің пеш жабдықтарын да ұсынады. Мысалға, «Ferrolli» мен «Immergas» (Италия), «Kospel» (Польша), «Металлик и Ко» (Ресей), «KG Elektronik» (Түркия), «Келет» (Алматы) сияқты әлемдік өндірушілердің жабдықтары компанияның өнім желісін толықтырып, тұтынушыларға ауқымды таңдау мүмкіндігін ұсынып отыр.

Кәсіпорында газ, көмір және электр­лік жылыту қазандығын кез келген аймаққа тұраққа жеткізу қызметі бар. Сапа кепілдігі де қоса беріледі. Жылы­ту қазандықтары жеке үйлерді, саяжай­ларды, өндірістік және қоймалық ғима­раттарды жылыту үшін сәтті қолда­нылады. Әрі мұндағы тәжірибелі мамандар жабдықты таңдауға кеңес беріп, оны жеткізіп, қажет десеңіз, орнату жұмыстарына қолғабыс етеді.

Қазіргі уақытта «Автоматты қазан­дықтар» өз өнімдерін «Must» бренді бо­йынша инверторлармен толықтырып отыр. Бұл инверторлар электр қуаты өшкен жағдайда айналым сорғысын тоқтатпай, қазандықтың қызып кетуіне жол бермей, жылу беруді қамтамасыз етеді. Осындай оңтайлы құрылғыны қоса ұсынатын компания әрдайым ізденіс үстінде. Өйткені қызметкерлерін жыл сайын арнайы оқу курстарына жібереді. Өндірістік тәжірибеден өтуге келген студенттерге де есігі ашық. Тіпті жұмыс-шаруаны жедел меңгеретін болса қатарларына қосуға да дайын.

Қарағанды облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 20:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see156

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see148

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see146

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see144

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see142

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see126

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see126

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see125

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see124

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see123

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see120

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see118

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see118

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see116

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see115

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see114

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары