Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Фотограф тілші өзі жинаған төсбелгі мен тиыннан шағын музей ашты

Фотограф тілші өзі жинаған төсбелгі мен тиыннан шағын музей ашты

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Батыс қазақстандық фотограф-тілші Рафхат Халеловтың есімі Орал өңіріне жақсы таныс.

Өз ісінің шебері өңірдегі тарихи сәттерді таспалап, Жайық жылнамасының жазылуына сүбелі үлес қосып келеді. Бала кезден түрлі төсбелгілер мен тиындарға қызығатын ол кейінгі кезде көне бұйымдарды да жинап, өз үйінде шағын экспозиция жасақтапты.

Ерденбек Жылқайдарұлы, тілші: 

- Біз қазір оралдық фотограф-тілші Рафхат Халеловтың шаңырағындамыз. Жайық өңіріне аты мәшһүр азаматтың үйі үй емес, мұражайға көбірек келіңкірейді. 4-5 жасында кәмпит қағаздарын бастап жинаған ол кейін пошта маркілеріне ауысады. Жас филателист бұдан соң нумизматика мен фалеристикаға ден қойып, көне тиындар мен төсбелгілерді жинай бастайды. 

Рафхаттың коллекциясында күні бүгін 700-ден астам төсбелгі бар. Бірқатарын көрмеге сұрап әкеткендер кейін қайтармапты. Содан кейін көне бұйымдардың басын қосып, үйінің бір бұрышынан өзі шағын музей ашуды ұйғарыпты. Өткен ғасырдың 70-жылдары жасалған, шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк бейнеленген мына төсбелгілерді коллекциясындағы ең құнды жәдігерлер деп біледі. 

Рафхат Халелов, Орал қаласының тұрғыны:

-  Ішіндегі өзіме қатты ыстығы Әлия мен Мәншүк значоктері. Осындай жаңағы кейде әуесқойлар шығарып, сатылымға қояды. Әрқайсының бағалары әртүрлі. Мұны жақсы қымбат бағаға қойды. Осыны алғанша мен мен ұйқым қашты деп айта аламын. Ақыры қолыма түскенде қуандым.

Рафхаттың экспозициясындағы әрбір жәдігер өткеннен сыр шертеді. Ертеден қалған ескі жабдықтар мен өзі қолданған фотоаппараттарды қарай жүріп, суретке түсіру өнерінің дамуынан мол мағлұмат алуға болады. Көне патефондар мен магнитофондар, сағаттар, тиын-теңгелердің де айтары бар. Осының бірін сұрап алса, бірін сатып алыпты. Коллекциясының толығуына ұл-қыздары да көмектесіпті.

Рафхат Халелов, Орал қаласының тұрғыны:

- Енді қандай іс жасасаң да, не бастасаң да, алдымен отбасың ғой. Бәрі риза болып, неге жинадың, неге алдың деп, ондай әңгіме болып көрген жоқ. Керісінше балаларым да, қыздарым да, папа осындай жерде осындай бұйым бар екен, ия болмаса, жәдігер бар, значоктер бар, көрдің бе деп айтып, қодарына түскен болса, өздері де тауып әкеліп, көмектесіп отырады.

Рафхаттың коллекциясын мамандар да жоғары бағалайды. Көне бұйымдарға қызығушылық танытып, өлке тарихына қатысты жәдігерлерді жинақтап жүрген азамат көп емес. Олармен тығыз байланыста жұмыс істейміз, дейді облыстық өлкетану музейінің басшылығы. 

Жантас Сафуллин, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

- Олар да өз мүмкіндігі шеңберінде қолдарына түскен ескілікті жәдігерлерді жинақтап, шағын экспозияция жасап, сонымен музейлердің алғышарттарын жасап жатыр. Бұл біздер үшін өте маңызды, өте қажет. Ссбебі болашақта музей қорларын толықтырған кезде, осындай азаматтармен бірлесе отырып, бірлескен көрмелер ұйымдастыруға мүмкіншілік аламыз.

Келешекте Рафхат Халелов облыс орталығында көрме ашып, өз коллекциясын Жайық жұртшылығына кеңінен таныстыруды жоспарлап жүр.

Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қаңтар 2026 16:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары