Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Жылу желілері жаңарады

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Кәсіптің кілті гаражда

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Әділет республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Ғарышкер, халық әртісі, атақты жазушы: 2025 жылы өмірден өткен нар тұлғалар

Ғарышкер, халық әртісі, атақты жазушы: 2025 жылы өмірден өткен нар тұлғалар

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. 2025 жылы елдің бірқатар бетке ұстар азаматы өмірден өтті. Sputnik Қазақстан биыл дүниеден озған әр саланың майталманын еске алады.

Қазақ әдебиеті қара жамылды

Жыл басталмай жатып қалың қазақ Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннен айырылды. Ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға 85 жасында дүниеден озды. Оның қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапқаны сөзсіз.

© Photo : портал ADYRNAМұхтар Мағауин

Мұхтар Мағауин

© Photo : портал ADYRNA

Мұхтар Мағауиннің алпыс бес жылдық шығармашылық қызметі – жазушылық, ғылыми зерттеу, тарих және әдеби сын, көсемсөз тарабында жазған еңбектері толық жиырма жеті томды құрайды.

Мағауин 2007 жылы Чехияға қоныс аударды. Кейін АҚШ-қа көшіп, сол жерде 2025 жылы қайтыс болды.

Абай мұрасын зерделеген ғалым

Қаңтарда тағы бір нар тұлға - абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95 жасында дүние салды.

Абай "мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла" деп жазған. Сол жұмбақтың жауабын тапсам деген жолда Мекемтас Мырзахметов 60 жыл ізденіс жасайды. 90 жасқа келгенде тоқтам жасады. Абай армандаған "толық адам" формуласын түзді.

"Мен тек қана бірен-саран жұмбақтарының буындарын шештім. Абай деген – феномен. Жай адам емес. Мектепте де оқыған жоқ. Университет оқыған жоқ. Бар болғаны үш жыл медреседе оқыды. Сол кезде Шығыстың ақындарын мықты оқып, қуатты бойынша жиып алған. Мен Абайды өмір бойы зерттедім. Сонда да түсіне алмадым", - дейді ғалым Абай Құнанбайұлына қатысты зерттеуі жайлы.

© SputnikМекемтас Мырзахметұлы

Мекемтас Мырзахметұлы

© Sputnik

Мекемтас Мырзахметұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында әрқайсысы 400 беттен тұратын Абай туралы еңбегінің он томдығын шығарды.

Ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнады

Оның шығармасын жата-жастана оқымаған қазақ кемде-кем. Талай шығармасы сахналанып, кино түсіріліп, талай туындысы қоғамға рух берген. Көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек ері Дулат Исабеков ақпан айында 82 жасында дүниеден озды. Біртуар тұлғаның бақилық болуы әдебиет пен мәдениет саласын ойсыратып кетті.

Жазушының "Бекет", "Ащы бал", "Мазасыз күндер", "Қара шаңырақ", "Тіршілік" повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" романы, басқа да көлемді шығармалары басылды. Дулат Исабековтың туындылары мажар, чех, поляк, неміс тілдеріне аударылған. Жекелеген туындылары бойынша "Гауһартас", "Дермене", "Тауқымет" көркем фильмдері түсірілді.

"Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Мұхтар Әуезов атындағы сыйлық берілген. 1992 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

© Photo : АкордаДулат Исабеков

Дулат Исабеков

© Photo : Акорда

Мұнай кен орындарын ашқан геолог

Наурыз айында мұнай-газ саласының қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Маңғыстаудағы мұнай мен емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым Олег Герштанский 73 жасында дүниеден озды.

Ол Өзен кен орны бойынша өндірістік-геофизикалық зерттеулер нәтижелерін талдап, ұңғымалардың өнімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірледі. Өзен, Қарамандыбас және Теңге кен орындарының геологиялық және технологиялық қызметтерін басқарды, мұнай мен газ өндірудің тиімді әдістерін енгізді. Осы жылдары екі мұнай кен орнын және бір емдік минералды су көзін алғаш ашқан.

100-ден астам ғылыми мақаланың, 82 өнертабыстың және 5 монографияның авторы.

Олег Герштанский "Ерен еңбегі үшін" медалі мен "Құрмет" орденімен мараптталған. "Қазақстанның еңбек сіңірген геологы", "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері" атақтары берілген.

Журналистиканың қос майталманы өмірден өтті

Сәуірде Қазақстан журналистика саласының дамуына, отандық медиакеңістің қалыптасуына үлес қосқан белгілі азамат, көрнекті қайраткер Лев Тараков 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті.

Лев Тараков әр жылдары ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, президенттің баспасөз қызметінің басшысы, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-елшісі, "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы, "Литер" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 2012 жылдан "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы БАҚ мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі болды.

© соцсетиЛев Тараков

Лев Тараков

© соцсети

Ал мамыр айында белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Ол еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастады. Ұзақ жылдар бойы "Qazaqstan" телеарнасы мен "Хабар" агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. Ол "Qazsport" телеарнасының тұңғыш директоры болды. Соңғы жылдары әртүрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшы лауазымын атқарған.

© Из личного архива Диаса АхметшарипаДиас Ахметшәріп

Диас Ахметшәріп

© Из личного архива Диаса Ахметшарипа

Әдебиет пен мәдениетті төрге оздырған біртуар тұлға

Сондай-ақ сәуірде аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Тарази 92 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман "Әдебиет әлемінің Әкімі" деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады.

Әкім Таразидің көптеген туындылары орыс, қытай, поляк, болгар және ағылшын тілдеріне аударылды.

Драматургиялық шығармалары еліміздің театр сахналарында қойылды.

Ал сценарийлері бойынша түсірілген "Тұлпардың ізі", "Арман – атаман", "Қараш-Қараш оқиғасы", "Мұстафа Шоқай", "Қызжылаған" фильмдері қазақ киносының алтын қорына енді.

© Photo : КазНИУ Әкім Тарази

Әкім Тарази

© Photo : КазНИУ

Ұлттық поэзияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып кетті

Шілде айында белгілі ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбай 84 жасында қайтыс болды. Ол - Қазақстанның халық жазушысы, "Платина Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Парасат орденінің иегері.

Исраил Сапарбайдың артында қаншама әндері, лағылдай, мөлдіреген жақұттай поэзиясы, мәңгі өлмес сырлы, мұңлы жырлары қалды.

Жазған пьесалары М.Әуезов театрынан бастап еліміздің бірнеше театрында сахналанып, отты жырлары өз оқырмандарын тауып, әсем әндері миллиондардың жүрегіне жетіп, қазақ аспанында қалықтап тұр.

© Photo : Исраил Сапарбайдың әлеуметтік желідегі парақшасыИсраил Сапарбай

Исраил Сапарбай

© Photo : Исраил Сапарбайдың әлеуметтік желідегі парақшасы

Үш мәрте ғарышты бағындырған Халық қаһарманы

Тамызда ұшқыш-ғарышкер, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаев 74 жасында қайтыс болды. Ол - Қазақстанның Халық қаһарманы, Ресей Батыры, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты, Қазақстанның екінші, Ресейдің 79-шы, әлемнің 309-шы ғарышкері.

Талғат Мұсабаев авиация саласында еңбек жолын бастаған. Әуелі ұшқыш-инженер болып, кейін сынақшы-ұшқыш ретінде қызмет етті. 1991 жылы Кеңес Одағының ғарышкерлер қатарына қабылданды.

Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты - 1994, 1998 және 2001 жылы.

Алматыдағы ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі

Алматыдағы ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі

Ол ашық ғарышқа бес мәрте шыққан, бұл – ТМД елдері ғарышкерлері арасында ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ғарыштағы жалпы ұшу уақыты – 341 тәуліктен асады.

Мұсабаев Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, кейін сенат депутаты ретінде де қызмет атқарды. Көптеген медаль, ордендермен марапатталған.

Қазақ киносының абызы

Жыл соңында тағы бір қаралы хабар жетті - қазақтың сахна өнерінің саңлағы, талайды талантымен тамсандырған Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден озды.

Асанәлі Әшімов - кино және театр актері, режиссер, ұстаз, профессор, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Оның сахна мен экранда жасаған көркем бейнелері, режиссерлік және педагогикалық қызметі отандық өнер тарихында айрықша орын алды.

Театр сахнасында көпшілікке белгілі маңызды рөлдерді ойнады. Мұхтар Әуезовтің "Абай" қойылымында Керімді, "Еңлік-Кебек" қойылымында Кебекті, "Қара қыпшақ Қобыландыда" Айшуақты, "Таңғы жаңғырық" қойылымында Жарасбайды сомдады. Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" қойылымында Қодар бейнесі, Мұхамеджанов пен Айтматовтың "Көктөбедегі кездесуінде" Иосиф Татаевич, Шекспирдің "Юлий Цезарінде" Юлий Цезарь, Фриштің "Дон Жуанның думанында" Дон Жуан, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен терінде" Еламанды сомдады.

© Sputnik/Ертай СарбасовАсанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі

Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Асанәлі Әшімов студент кезінен бастап фильмдерге түсе бастады. "Ән қанаты" фильмінде Қайменді, "Қыз Жібекте" Бекежанды сомдаса, "Атаманның ақырында" Қасымхан Шадияровды ойнады. "Жазушы" фильмінде Қаражал, "Нан дәмінде" директор болса, "Сіз кімсіз К мырза?" фильмінде басты рөлде ойнады. Қазақ киносында отызға тарта образды сомдаған.

Актерлікпен қатар режиссерлікке бет бұрған Асанәлі Әшімов Мұхтар Әуезов театры сахнасында "Амангелді", "Мен ішпеген у бар ма?", "Ақбілек", "Ревизор", "Фархад-Шырын", "Қаза мен жаза" және өзге де қойылымдарды қойды. Ал "Қазақфильм" киностудиясында "Аждаһа жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Жусан", "Қозы Көрпеш–Баян сұлу", "Тұзды көл жағасындағы үй" фильмдерін түсірді.

© Sputnik/Ертай СарбасовАсанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі

Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі

© Sputnik/Ертай Сарбасов

Қазақ Қожасымен қош айтысты

Жаңа жыл қарсаңында осыдан 62 жыл бұрын қазақтың кино саласында жарқ етіп дүниеге келіп, күні бүгінге дейін мәні мен мағынасын жоғалтпаған "Менің атым Қожа" фильмінде басты кейіпкерді сомдаған Нұрлан Сегізбаев 74 жасында бақилыққа аттанды.

Талай бала еліктеп, әлі күнге кітабын жастанып оқитын Қожаның қайталанбас образын сомдаған Нұрлан Сегізбаев - сценарист, кинодраматург. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі.

Нұрлан Сегізбаев

Нұрлан Сегізбаев

Нұрлан Санжарұлы ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде дәріс оқып, драматургия және теледидар саласына қатысты бірнеше кітап жазған. "Бату-хан" және "Нежданный гость - Жошы" атты тарихи романдардың авторы.

Бір киноға түсіп, осынша танымал болам деп ойламадым деген Нұрлан Сегізбаев бір естелігінде:

"Бесінші сынып кезімде балалармен төбелесіп, галстугым жыртық, көйлегім жыртық, көзім көгерген, содан мені ұстап алып киностудияға апарды. Бірақ мен бас тарттым, ойнамаймын, ұяламын дедім. Абдулла айтты "зато, мектепке бармайсың" деді. Сол үшін көндім. Мектепке бармаймын деп қуандым. Содан мені екінші жылға қалдырды".

Қожаның рөлін шебер сомдаған Нұрлан Санжарұлы актер болуды армандап көрмепті. Бала кезінен жазушы болуды қалаған.

"Менің атым Қожа" фильмі

"Менің атым Қожа" фильмі

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 21:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see121

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see115

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see112

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see110

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see110

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see109

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see106

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see105

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see103

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see103

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see102

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see101

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see99

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see98

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see98

Әділет республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

15 Тамыз 2026 11:54see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары