Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Газа секторында жаңа әкімшілік құрылды

Газа секторында жаңа әкімшілік құрылды

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Газа секторы бойынша "Бейбітшілік кеңесі" құрылады.

Оның құрамына кімнің кіретіні осы аптада белгілі болмақ. Кеңес мүшелерін Президент Трамптың өзі таңдаған.

Ақ үй басшысының айтуына қарағанда олар әлемнің ең ықпалды ел басшылары. Газа секторы жерінде тағы қандай жоспарлар жүзеге асырылады? Оған кімдер жауапты?

АҚШ ХАМАС-ты биліктен шеттетуге білек сыбана кірісті. Қазір ХАМАС Газа секторының 55 пайызын уысында ұстап отыр. Бейбіт жоспарға сай, қозғалыс өкілдері биліктен шеттетіледі. Ең бастысы, олар қаруларын тастауы тиіс. Алайда қозғалыс басшылығы бұдан бас тартып отыр. Сондай-ақ ХАМАС тұтқынға алынған соңғы адамның мәйітін әлі қайтарған жоқ. Бұл соғыста Израильдің де райынан қайтатын түрі жоқ. Таяуда Тель-Авив ХАМАС Трамп ұсынған жоспардың барлық тармағын орындамаса, жаңа әскери операция бастайтынын мәлімдеді. Бұған жол берілмес үшін Вашингтон бейбіт жоспардың екінші кезеңін бастады. Бұл туралы Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Стив Уиткофф, АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі:

- АҚШ Президенті Дональд Трамптың атынан Газа секторында қақтығысты тоқтатуға бағытталған бейбіт жоспардың екінші кезеңі басталғанын жариялаймыз. Трамп ұсынған 20 тармақтан тұратын құжатқа сай, Газада өтпелі әкімшілік, яғни ұлттық комитет құрылады. ХАМАС-тың қарусыздандырылып, аймақты қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады. 

Палестиналық ұлттық комитеттің жұмысын Бейбітшілік кеңесі бақылайды. Оны Президент Трамптың өзі басқарады. Оның құрамына кімнің кіретіні осы аптада белгілі болуы тиіс. Осыған дейін Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрдің кандидатурасы ұсынылған. Алайда араб елдері бұл шешімге қарсы шыққан көрінеді. Өйткені 2003 жылы Блэр АҚШ-тың Иракқа кіруін қолдаған болатын. Сондай-ақ бейбіт жоспарға сай Газа секторына халықаралық күштер кіргізілуі керек. Осыдан кейін Израиль аймақтан әскерін шығара бастайды. 

Газа секторында жаңа әкімшілік құрылды

Осы ретте Катар, Мысыр және Түркия бірлескен мәлімдеме жасады. Аймақта Палестиналық ұлттық комитет құрылғанын жариялады. Оған Палестина Жоспарлау министрінің бұрынғы орынбасары Әли Шаат жетекшілік етеді. Ұлыбританияда инженер мамандығы бойынша білім алған жергілікті саясаткер үйіндіге айналған Газа секторын 3 жылда көркін кіргіземін деп отыр.  

Палестина, Батыс жағалау

Әли Шаат, Палестиналық технократиялық комитет басшысы:

- Босып кеткен халыққа адамша өмір сүруге жағдай жасау керек. Сондықтан бірінші кезекте инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз. Құрастырмалы пластик немесе ағаштан уақытша үйлер тұрғызамыз. Мұнда адамдар 1-2 жыл тұрады. Үйінділерді қайта өңдеп, теңізге тастасам, жаңа аралдар жасауға болады. Бетондарды ұсақтап, жол төсеуге қолдануға болады. 

Алайда бұл жоспардың бірден іске асуы екіталай, дейді сарапшылар. Өйткені құрылысты бастау үшін аймаққа кран, бульдозер секілді ауыр техника кіргізу қажет. Алайда Израиль қауіпсіздікті сылтау етіп, бұған рұқсат бермеуі мүмкін. БҰҰ-ның есебі бойынша Газа секторын қалпына келтіру жұмыстары 2040 жылға дейін жалғасады. 

Газа секторының болашағы қандай болады?

Президент Трамп Газа секторын қалпына келтіру жолдарын қарастырып қойған. Тіпті аймақтың экономикалық даму жоспары да тас-түйін дайын тұр. Оны іске асыруға Таяу Шығыстағы заманауи қалаларды салуға атсалысқан мамандар тартылады, деп уәдесін де берді. Бірақ Газаның болашағы әзірге бұлыңғыр болып тұр. Өйткені БҰҰ-ның есебі бойынша үйіндіге айналған аймақтың көркін кіргізу үшін кемі 70 млрд доллар қажет. 

Сондықтан уәде етілген жоспардың аяқсыз қалмасына кім кепіл?! Израиль билігінің мәліметі бойынша аймақты минадан тазалауға 2 жылдай уақыт қажет. Ал ХАМАС қазған жер асты жолдың нақты саны белгісіз. Мұны табу және жою жұмыстары ұзаққа созылуы мүмкін. Демек, палестиналықтар үшін әзірге жағдайдың қиындамаса, жеңілдейтін түрі жоқ. Президент Трамптың жоспары бойынша Газадан кеткісі келетіндерге жол ашық. Бірақ палестиналықтарды құшақ жая қарсы алатын ел бар ма? Демек, босқынға айналған жұрттың әзірге барар жер, басар тауы да жоқ. 

Джеймс Элдер, ЮНИСЕФ-тің баспасөз хатшысы:

- 10 қазанда оқ атпау режимі жарияланды. Десе де, қайғылы жағдайлардың тоқтайтын түрі көрінбейді.  Содан бері Газада 100-ден аса бейкүнә баланың өмірі қиылды. Көбі әуе соққысы мен дрон шабуылынан қаза болған. Қыс түскелі қатты суықтан 6 бала көз жұмды. Қатты жел шатырларды жұлып әкетеді. Қысқасы, адамдар далада өмір сүруге мәжбүр. Газа секторындағы балалардың кейінгі екі жылда көрмегені жоқ. Әскери операция тоқтағанымен ел әлі күнге дейін үрейлі.  

Оқ атпау режімі енсе де Израильдің Газа секторына әуе соққысын тоқтатпай тұр. Палестина денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша бейбіт келісім күшіне енгелі, яғни 3 айда 450 палестиналық қайтыс болды. Тағы 1200-і жараланды. 

АҚШ Президенті Трамптың бейбіт жоспарының іске асу-аспауы әзірге белгісіз. Өйткені ХАМАС қару-жарағын тастауға ниетті емес. Егер қозғалыс өкілдері бұған көнбесе, жоспар құжат күйінде қалады. Ал қаруларын тастаса, ұйымның мүшелері қудалауға ұшырауы мүмкін. Сондықтан Газаның болашағы әзірге бір мәселеге тіреліп тұр. ХАМАС биліктен кетуге дайын ба, жоқ па?

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 07:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see154

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see146

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see143

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see142

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see140

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see124

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see123

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see122

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see121

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see120

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see117

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see116

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see114

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see113

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see112

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see111

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see111

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары