Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ғылыми интеграцияның жаңа кезеңі: Қазақстанда шетелдік қазақ ғалымдары қатысқан форум өтті

Ғылыми интеграцияның жаңа кезеңі: Қазақстанда шетелдік қазақ ғалымдары қатысқан форум өтті

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде ҚР Сыртқы істер министрлігі және «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен 2025 жылғы 21 қарашада «Отандас ғалымдар форумы» өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ауқымды жиынға әлемнің 12 елінен 40-тан аса отандас ғалым және Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық сарапшы қатысты.

Бұл – «Отандастар қоры» жүзеге асырған төртінші халықаралық бастама. Бұған дейін 2019 және 2023 жылдары өткен «Отандастар форумдары» және 2024 жылғы «Кәсіпкерлер форумы» шетелдегі қазақ диаспорасымен тұрақты байланыс орнатуға серпін берген болатын. 2025 жылғы форумның ерекшелігі – шетелде ғылым, технология және инновация салаларында еңбек етіп жүрген қазақстандық ғалымдарды алғаш рет кең ауқымда бір алаңға тоғыстыру.

Форум шетелдегі отандас ғалымдардың білімін, тәжірибесін және инновациялық әлеуетін Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуына жұмылдыруды көздейді. Сондай-ақ интеллектуалды диаспорамен тұрақты байланыс орнату; ғылыми және технологиялық серіктестіктер құру; жас ғалымдарды халықаралық ғылыми экожүйеге қосу; ғылым мен өндіріс арасындағы интеграцияны күшейту; Қазақстанды ғылым мен инновацияға ашық халықаралық хаб ретінде таныту міндеттері қойылды.

Форумның ресми ашылу салтанатында ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров, Назарбаев Университетінің президенті Ахмад Вакар сөз сөйледі.

А.Смадияров: «Ғылым – елдің экономикалық өсімінің және инновациялық дамуының басты тірегі. Мемлекет шетелдегі отандас ғалымдардың тәжірибесін елге тартудың маңызын атап өткен болатын. Министрлік бұл бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді», – деп атап өтті.

Д.Қадыров: «Қазақстан білім экономикасына қадам басқан қазіргі кезеңде шетелдегі жаратылыстану және инженерия салаларында жетістікке жеткен қазақ ғалымдарының әлеуеті – елдің стратегиялық капиталы. Форум – осы әлеуетті ел игілігіне бағыттаудың нақты қадамы», – деді Қоғам президенті.

А.Вакар (Назарбаев Университеті): «Әлемнің түкпір-түкпіріндегі отандас ғалымдардың білімі мен тәжірибесі – Қазақстанның ғылыми өрлеуіндегі шешуші ресурс. Университет есігі сіздерге әрқашан ашық: ғылыми серіктестік, бірлескен зерттеулер, академиялық мобильділік бағыттары бойынша», – деп түйіндеді.

Форум аясында 2025 жылы жарық көрген «Ұлы дала» кітап сериясының таныстырылымы өтті. Жоба әлемдік қазақ және түркі авторларын насихаттап, қазақ мәдениеті мен әдебиетін халықаралық деңгейде ілгерілетуді мақсат етеді.

Пленарлық сессияларда АҚШ, Ресей, Германия, Франция, Финляндия, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен келген ғалымдар өз зерттеулерін таныстырды. Қатысушылардың баяндамалары жасанды интеллект пен кванттық технологиялар, ядролық энергетика, медицинадағы озық технологиялар, жасыл энергетика, дәстүрлі жайылым шаруашылығы мен агроинновациялар, биометрия және когнитивті ғылымдар, фото қартаюға қарсы биотехнология, әлеуметтік және психикалық денсаулық, ауыл шаруашылығындағы IoT шешімдері, сондай-ақ балалар мен жастарға арналған халықаралық білім беру экожүйесінің дамуы секілді маңызды ғылыми бағыттарды қамтыды.

Форум барысында Қазақстанда оқып жатқан қандас студенттер арасындағы  OQ Startup  және «Үздік қандас студент» байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Бұл бастама жас таланттардың әлеуетін қолдауға және олардың Қазақстанмен ғылыми байланысын нығайтуға бағытталған.

Қуаныш Ерғалиев ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бастамалаған «Жүз ғалым» жобасын, сондай-ақ әлемдік қазақ ғалымдарын біріктіретін Qazaq International Science and Technology Association (QIST) ұйымын ресми түрде таныстырды. Бұл жоба Қазақстанның талдамалық әлеуетін күшейтіп, халықаралық ғылыми коллаборацияны институционалдық деңгейде дамытуға жаңа мүмкіндік ашады.

Форум соңында «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров басты ұсыныстар мен талқылауларды түйіндеп, форум материалдары бойынша жинақ шығару жоспарланғанын хабарлады.

Форум Қазақстанның интеллектуалды диаспорасымен жүйелі әрі ұзақмерзімді ғылыми ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 19:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары