Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

Лондондағы Мисс Кәусар

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Астанада адам ұрлаған шетелдік алты азамат сотталды

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

Ақтөбеліктер Қала күнін жарқын көңіл күймен әрі ерекше ықыласпен тойлады

Halyk орманы: Іле‑Алатау ұлттық паркінде жобаның жаңа кезеңі басталды

Halyk орманы: Іле‑Алатау ұлттық паркінде жобаның жаңа кезеңі басталды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Науқаннан қозғалысқа айналған жоба

Биыл көктемде Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры бүкіл елді қамтыған GreenAct экологиялық челленджін бастаған еді. Сол кезде мыңдаған оқушы, ерікті және компания қызметкерлері парктерді тазалап, қалдықтарды сұрыптап, көгалдандыру жұмыстарын атқарды.

Осыдан кейін қор экологиялық бағытта жұмысын жалғастырып, Қазақстанның жасыл аймақтарын қалпына келтіру мен кеңейтуге арналған «Halyk орманы» ұзақмерзімді бағдарламасын қолға алды. Қордың бұл бастамасына Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолдау білдіріп, өзара бекітілген меморандум аясында бірлесіп жүзеге асыра бастады.

Фото: «Halyk» қайырымдылық қоры

Экологиялық жоба – науқаншылық емес

Экология және табиғи ресурстар вице‑министрі Нұрбек Шарбиев табиғатты қорғау – бір реттік бастамамен шектелмейтінін айтады. Бұл адамдардың өмір салтына айналуы тиіс.

- Табиғатқа жанашырлық танытпайынша, экономикалық өсім де ұзаққа бармайды. «Halyk орманы» және осындай жобалар – экологиялық мәдениетті өміріміздің табиғи бөлігіне айналдыру жолындағы маңызды қадам, - дейді вице‑министр.

Фото: «Halyk» қайырымдылық қоры

Бес жылдық жоспар

Табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге және еліміздің өңірлерінде жаңа жасыл аймақтар қалыптастыруға бағытталған жоба 5 жылға есептелген. Оны іске асыруға қор 1 миллиард теңге бөліп отыр. Осы аралықта елдің үш өңірінде – Абай облысында, Іле‑Алатау ұлттық паркінде және Астанадағы жасыл белдеуде – 4 миллионнан аса ағаш отырғызу жоспарланған.

Шаралар «Семей орманы» резерватынан басталды. Алапат өрттен зардап шеккен аумаққа 800 мыңнан аса жас қарағай отырғызылды. Бұл орманды қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарға қосылған айтулы үлес болмақ.

Келесі кезең – Іле‑Алатау ұлттық паркінде жүзеге асады. Ондағы 5 гектар аумаққа 14 мың шырша егілмек. Айта кетейік, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Үкімет қаулысымен 1996 жылғы 22 ақпанда Алматы облысының Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары шегінде Қаскелең, қала маңындағы және Түрген орман шаруашылықтарының базасында құрылған. Мақсат - бірегей ландшафттарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау, туризм мен демалыс үшін жағдайларды жақсарту, рекреациялық пайдалану жағдайында табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу және енгізу.

Фото: «Halyk» қайырымдылық қоры

Болашаққа салынған инвестиция

«Halyk» қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Даурен Сартаев жобаның ұзақмерзімді құндылығын ерекше атап өтті.

- Әр егілген ағаш – қаланың тынысына, тұтынудан гөрі қамқорлық жасау әдетіне салынған инвестиция. «Halyk орманы» – табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыратын мектеп. Бұл – бізден кейін де қалатын мұра, - дейді.

Қазақстан даласы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай, бірақ өндіріс пен урбанизация кейде табиғатқа кері әсерін тигізетіні белгілі. Сондықтан «Halyk» қайырымдылық қоры табиғатқа деген қамқорлық пен саналы көзқарас, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікпен жасыл желекті аумақтарды көбейту арқылы орнықты дамуға үлес қосуды мақсат тұтады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 15:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see116

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see112

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

29 Мамыр 2026 16:03see111

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see110

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see109

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see109

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see107

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see106

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

29 Мамыр 2026 16:32see106

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see106

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see102

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see102

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see102

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see102

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

29 Мамыр 2026 17:33see102

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see102

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see101

Астанада адам ұрлаған шетелдік алты азамат сотталды

29 Мамыр 2026 19:52see100

Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

29 Мамыр 2026 23:12see100

Ақтөбеліктер Қала күнін жарқын көңіл күймен әрі ерекше ықыласпен тойлады

29 Мамыр 2026 18:42see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары