Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Харватиядағы жарқын жеңіс

Харватиядағы жарқын жеңіс

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Осылайша, 2026 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу турнирін жастар сәтті бастады. Неделишче қаласында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Қақпашымыз ойынның екінші жартысында бірнеше тамаша сейв жасап, үш ұпайды жұлып алғаны тағы бар.

Жасөспірімдер жырғаған күн

Иә, жасөспірімдер құрамасының өрендері B лигасындағы іріктеу турнирінде М тобында көш бастап тұр. Бұдан бөлек, кестеде Нидерланд, Албания, Хорватия құрамасы бар. Нидерланд пен Албания тең тарқасып, ұпай бөлісіп үлгерді. Ал Хорватияны тізе бүктірген Қазақстан құрамасының үш ұпайы түгел. Енді жігіттер 14 қараша күні Нидерланд жасөспірімдер құ­рамасымен айқасады. Оған дейін жасөспірімдер арасындағы тартысты кездесу жайына тоқталайық.

Сонымен, 11 қараша күні Бауыржан Сағындық баптайтын құрама «Спортпарк Трате» стадионында Сретен Чуктың командасымен кездесті. Ауа райы да Хорватияға көңіл айтып тұрғандай еді. Күннің бетін бұлт торлап, тұман түскен. Бірақ бұл сәт қазақ балаларының еңсесін түсірген жоқ. Себебі белгілі спорт журналисі Ермұхамед Мәулен айтқандай, қазақ футболы қазақша сөйлегенде ғана айтулы жеңістің куәсі болатыны­мызға көз жетті. Құрама капитаны Дәулет Орынбасар командаластарын жігерлендіргенде рухымыз оянды, білем. «Жігіттер, Хорватияға жайдан-жай келген жоқпыз. Осы ойынды ата-анамыз, туыс-бауырымыз қарап отыр. Елімізге, жақындарымызға жеңіс сыйлап, осы матчты ұтайық. Алға, Қазақстан» дегенінде алғалап алға ұмтылған қара домалақтарды көрдік. Демек, олар ұлттың мүддесі ана тілімен тұтасып жатқанын жақсы біледі. Оны айтамыз-ау, жігіттерді қолдауға келген Қанат есімді жанкүйерді атап өтпесе болмас. Бір өзі қонақтардың секторына тұрып, қолдау білдіріп, дауысы қар­лыққанша «Алға, Қазақстан» деумен болды. Оның жанкешті үнін теледидар алдында отырған сіз бен біз  анық ес­тідік. 

Жігерлі капитан сөзінен кейін қуат алды ма, 2 минутта қорғау­шы Ислам Рақым шабуылшы Расул Әкімов көтерген бұрыштамадан кейін қақпа торын тулатты. Ойыншы­лардың қуанышында шек жоқ. Әрі қарай екі жақ шабуыл шебінде қырқысуды бастады. Өйткені өз алаңында жеңілу хорват өрендеріне ұнамады. 26 минутта сәтті соққы жасауға ұмтылғанымен, қақпашымыз Батырхан Серікбай мүмкіндік бермеді. Айта кеткен жөн, стадиондағы барлық хабарландыру қазақ және хорват тілінде болды. Ал 33 минутта Фриган пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді. Өйткені 3 нөмірлі қорғаушы хорваттарға қарсы тәртіп бұзып, төреші айыпдобын белгілеген ді. Бірақ бұл есеп жігіттерге кедергі болған жоқ. Көп өтпей, шабуылшы Расул Әкімов қарсыластың айып алаңында еркін ойқастап, тамаша дриблинг жасап, есепті еселеді. Оның шеберлігіне таңдай қақпағандар кемде- кем. Алдынан тосқауыл  құрып тұрған хорват қорғаушысы да Расулдың  допты ұршықша иіретініне сүйсінді, білем. Өйткені кедергі жасауға дәрменсіз еді. Осылайша, қазақтар есепте алға шықты. Бірақ бұл хорваттардың кері шегінгенін білдірмесе керек. Себебі жерде жатқан үш ұпай жоқ. Сөйтіп, алаң иелері  57 минутта тағы да пенальти орындайтын болды. Алайда біздің қақпашыдан жасқанды ма, дәлдей алмады ма, белгісіз, Бартоловичтің добы қиыс кетті. Осыған шамданды ма, олар  оңынан да, солынан да соққы жаудырды. Бірақ Серікбай дейтін тасқамал алдырған жоқ. Хорват комментаторы да бірнеше мәрте Батырханның тамаша сейв жасап жатқанын атап өтті. Барынша есепті теңестіруге ұмтылғанымен, үш ұпай қазақтың еншісіне жазылды. 

Жасөспірімдердің қуанышында шек болған жоқ. Капитанын ортаға алып, барынша қуанды. Алыстан жеткенде жеңісті жұлып алудың орны бөлек. Тұтас команда жеңістің жолында жұмылып, ұпайдан шашау шығармады. 

2 кездесу күтіп тұр

Айта кеткен жөн, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына «Қайрат» академиясынан –  11, «Жас қыран-2009» клубыннан – 5, «Шахтер» клубынан – 5, «Ордабасыдан» –  2 , «Атырау» мен «Ақтөбеден» бір-бір ойыншы шақырту алған. Одан бөлек, Швейцарияның «Сьон» клубынан келген Джан Ходжаоглу бар. Міне, «Қайрат» клубы балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуда ерекше үлгі көрсетіп жатыр. Қазақ­станның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына алматылық клуб академия­сының 15 түлегі шақырту алған.  Оған қоса еліміздегі «Атлетико Мадрид» клубының академиясы да жас талант­тарды танып, қатарына қосқан. Жанкүйерлер де қай футболшының қайда тәлім алғанын, қай клубқа тиесілі екенін бес саусағындай біліп отыр. Құраманың сырт алаңдағы ойынына қалмай баруға тырысады. 

Қазір жасөспірімдер құрамасы қалпына келу жаттығуына кіріскен. Өйткені алда Нидерланд құрамасымен ойын күтіп тұр. Бұл матч Хорватияның Коториба қаласында «Спортски парк» стадионында өтеді. Аталған кездесуден кейін де жігіттер елге асықпайды. Себебі 17 қараша күні Албаниямен кім мықты екенін сарапқа салады. Матч Неделишче қаласында өтеді. 

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең қорытындысы бойынша өз тобында бірінші және екінші орын алған 14 құрама А лигасында ойнайды. Қалған 26 құрама екінші кезеңде В лигасына түседі. Демек, А лигасындағы құрамалар 2026 жылы көктемде финалдық кезеңге берілетін сегіз жолдаманы сарапқа салады. Жолдама алғандар Эстонияда бақ сынайды.

Қазір А лигасында Черногория,  Италия, Чехия, Солтүстік Македония, Швеция, Шотландия, Испания, Дания, Бельгия, Норвегия, Ирландия, Аустрия, Франция, Румыния, Словакия, Швейцария, Кипр, Солтүстік  Ирландия, Германия, Польша, Исландия, Грекия мен Эстония жолдама алды. Іріктеу турнирінің екінші кезеңіне арналған жеребе 10 желтоқсанда өтеді. Сегіз команда қатысатын финалдық кезең Эстонияда ұйымдастырылады. Қызығы сол, турнир өз жерінде өтсе де, Эстония құрамасы іріктеудің екі кезеңіне де қатысады. 

Әттеген-айы, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Эстониядағы айтулы финалға жолдама ала алмайды. Десе де, В лигасында сәтті өнер көрсетсе, келесі циклде А лигасына өтеді. Осылайша, шешуші кезеңде бақ сынау үшін тағы бір қадам жасай алады. 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 07:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see151

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see149

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see148

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see148

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see147

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see146

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see143

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see143

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see142

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see141

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see141

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see141

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see140

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see140

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see139

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see138

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see138

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see136
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары