Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Инфляциялық ахуал нашарлап тұр Тимур Сүлейменов

Инфляциялық ахуал нашарлап тұр Тимур Сүлейменов

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін, яғни 150 базистік тармаққа көтеру туралы шешім қабылдады. Шешім инфляцияның қазіргі динамикасын, оның факторлары мен тәуекелдер балансын ескере отырып қабылданды. Инфляциялық ахуал нашарлап тұр. Тамыз, қыркүйек айларында жылдық инфляция қарқын алып, 12,9 пайызға жетті. Инфляцияның барлық компоненті өсіп жатыр. Бұл бағаларға бір сәтте ішкі және сыртқы бірнеше фактордан қысым көрсетіліп жатқанын білдіреді. Инфляцияның өсуіне негізгі үлес қосып отырған фактор — азық-түлік пен ақылы қызметтердің қымбаттауы. Айлық инфляция және оның тұрақты бөлігі айтарлықтай жеделдеп келеді. Инфляциялық күтулер де жоғары болып қалып отыр, — деді ол.

Оның айтуынша, биыл 8 айда экономика 6,5 пайыз өсіп, 14 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. Фискалдық және квазифискалдық қаражаттың бөлінуі сұраныстың тұрақты болуын қамтамасыз етіп отыр. Бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтықтың өсуіне әкеліп, бағаға қысым көрсетіп тұр.

— Азық-түліктің де әлемде бағасы өсіп, инфляцияның импорттық бөлігін күшейтті. Инфляцияның жеделдеуі, инфляциялық күтулердің жоғары болуы және айырбастау бағамының әлсіреуі жиынтық ақша-кредит шарттарының жұмсаруына алып келді. Қыркүйекте нақты, яғни инфляцияны есептен алып тастаған жағдайдағы базалық мөлшерлеме 3,5 пайызға дейін төмендеп, саясаттың бұрынғы қатаң деңгейіне сай болмады. Ақша-кредит шарттарының ұстамды қатаңдығын қайтару және инфляцияның шамадан тыс өсуін болдырмау үшін базалық мөлшерлемені едәуір арттыру қажет болды. Тамыздағы шешімді жариялаған кезде инфляция қарқыны біршама баяуламаса, саясатты қатаңдату мәселесін қарастырамыз деген едік. Енді инфляцияны төмендету үшін осы қағиданы іске асырып жатырмыз, — деді ҰБ төрағасы.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, базалық ставка туралы осы жылдағы соңғы шешім қараша айында қабылданады. Сол шешім қабылданғанда инфляция мен басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған болжамдары ескеріледі.

— Ұлттық банк проинфляциялық және дезинфляциялық факторлар балансын, инфляция динамикасы мен оның баяулау траекториясын жан-жақты бағалап отырады. Саясаттың қатаңдылық деңгейі инфляцияны тұрақтандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда қосымша қатаңдату мүмкіндігін қарастыратын боламыз, — деді ол.

Бұған дейін Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдаған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 13:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары