Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Инфляциямен күрес: Ұлттық банк пен Үкімет ортақ шараларды бекітті

Инфляциямен күрес: Ұлттық банк пен Үкімет ортақ шараларды бекітті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанда инфляцияны төмендету және халықтың тұрмысын жақсарту үшін Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған ортақ бағдарлама қабылдады. Құжат бүгін Үкімет отырысында таныстырылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Ұлттық банктің дерегінше, қазанда жылдық инфляция 12,6%-ды құрады. Азық-түлік 13,5%-ға, қызметтер 12,9%-ға қымбаттаған. Бағаның өсуіне ішкі сұраныстың жоғары болуы, тарифтердің қымбаттауы және жанар-жағармай бағасы, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы белгісіздік әсер етіп отыр. Осы жағдайға байланысты ҰБ 10 қазанда базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерген.

«Үкімет пен Ұлттық банктің координациясы декларациядан нақты іске өтті. Қабылданған шаралар инфляцияны тұрақты төмендетуге және теңгеге сенімді күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Бағдарлама аясында ақша-несие саясаты қалыпты қатаң режимде жалғасады. Теңге бағамы еркін қалыптасады, бірақ спекулятивті құбылыс байқалса, ҰБ жедел интервенция жасауға дайын. Квазимемлекеттік сектордың валюталық операциялары Үкіметпен бірлесе реттеледі.

Мемлекеттік қарызды тиімді басқару үшін Debt Management Office құрылмақ. Бұл инвесторлар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын түсініктірек етеді.

Халықтың шамадан тыс қарыздануын тежеу мақсатында талаптар күшейеді: банктер 2026 жылдың сәуіріне дейін қосымша капитал жинайды, қарыз жүктемесі коэффиценті мен жүктеменің кірісіне қарыз коэффиценті қайта қаралады, ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 2026 жылғы 1 шілдеге дейін 25% деңгейінде сақталады. BNPL және бөліп төлеу сервистері жеке реттелмек.

Цифрлық теңге әлеуметтік төлемдер, бюджет операциялары және «әлеуметтік әмиян» механизмінде кеңінен қолданылмақ.

Экономика ғылымдарының кандидаты, қаржыгер Гүлиза Бөлекбаева қабылданған шаралардың тиімділігін атап өтті.

«Ұлттық банк нарықтағы артық ақшаны азайтып, валюта қозғалысын мұқият бақылап отыр. Бұл – бағаның шамадан тыс құбылуын тоқтатып, күтулерді тұрақтандыруға көмектесетін маңызды қадам. Өтімділік 7,7 трлн теңгеден 5,8 трлн теңгеге дейін қысқарды. Операциялар арқылы 2,7 трлн теңге алынды, жыл соңына дейін тағы 1 трлн теңге алу жоспарлануда. Қысқамерзімді ноталар көлемінің 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғаюы да ақша ағымдарын реттеуге тиімді. Бұл шаралардың бәрі қаржы жүйесін анағұрлым тұрақты етеді», – деді сарапшы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 13:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары