Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Инвестицияға тапсырыс : Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады

Инвестицияға тапсырыс : Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған «Инвестицияға тапсырыс» ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.

Бағдарламаның басты мақсаты – ішкі нарықта сұранысы жоғары, импорттың үлесі көп тауарларды өндіруге бағытталған шағын, орта және ірі бизнес жобаларға қолдау көрсету

Бағдарлама аясында, әсіресе, агроөнеркәсіп кешеніне және өңдеуші өнеркәсіптегі кең тұтынатын тауарларға айрықша көңіл бөлінбек.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, аталған бағдарлама елімізде аса жоғары сұранысқа ие бағыттарға инвестиция тартуға жол ашып, импортты алмастыру мен экономиканы әртараптандырудың жүйелі құралына айналады.

«Шындығында жаңа қадам негізгі өнімдер бойынша ішкі тапшылықты жоюмен қатар, экспортқа бағытталған өндірістерді қалыптастыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бұл өңірлердің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етеді», – деді министр.

Мемлекет импортты алмастыру және экспорттық әлеуеті жоғары салаларды анықтайды, ал өңірлер нақты жобалар жасап, оларды жүзеге асыруға дайын бизнес-бастамаларды қалыптастырады. Жобалардың тиімділігі, қаржылық және өндірістік мүмкіндіктері «Бәйтерек» холдингі арқылы әбден пысықталады, бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, инвестициялық тәуекелдерді азайтуға жол ашады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі аймақтардың сүт, ет, көкөніс, қант, картоп, балық және басқа негізгі өнімдер бойынша қамтылуын бағалауды, тапшылықтарды және импортқа тәуелділік деңгейін анықтауды, өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін талдауды, аймақтардың шикізаттық әлеуетін бағалауды, сондай-ақ көлемін тез арттыруға мүмкіндік беретін өнімдердің экспорттық әлеуетін саралайтын кешенді талдау жүргізді.

Министрлік деректер негізінде әкімдіктерге нақты салаларды және анықталған тапшылықтардың орнын толтыру үшін инвесторлар табуды ұсынды.

Агроөнеркәсіп кешеніне қатысты жобалар тізімі: сүт өнімдерін өндіретін фермалар салу, ет және құс шаруашылығын дамыту, сүт, ет, тері мен жүн және балық өңдеу, астықты терең өңдеу, жылыжай кешендерін құру және қант өнеркәсібін дамыту.

Аталған бағыттар импортқа тәуелділікті төмендету жөніндегі мемлекеттік стратегияға сәйкес келеді және әр аймақтың ресурстық базасын ескере отырып нақты жобаларды іске асыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта өңір әкімдіктері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бизнес-қоғамдастық пен «НҰХ «Бәйтерек» АҚ-мен бірлесе отырып, инвестициялық жобалар тізімін скринингтен өткізуде. Бұл кезеңде кейбір жобалар тиісті талаптарға сәйкес келмегендіктен іріктеуден өткізілді. Олар: шикізаттық база жеткіліксіздігі, экономикалық тұрақсыздық, расталған инвестордың болмауы, технологиялық талаптарға сәйкессіздік немесе бұрыннан жүктелген қуаттылықтың қайталануы.

Іріктеудің нәтижесінде түпкілікті тапшылықтарды нақты жабуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге бағытталған сапалы, теңдестірілген жоба портфелі қалыптасады.

Сүт өңдеу Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстарында және Шымкент қаласында дамитын болады. Жоспар бойынша 310 мың тонна дайын өнім шығаратын 10 жоба жүзеге асырылып, жалпы сомасы 67,6 млрд теңге инвестиция тартылмақ.

Ең ірі инвестор — SolicoGroup компаниясы (Иран) Алматы облысында жылына 200 мың тонна ірімшік өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр, инвестиция көлемі 33,1 млрд теңге.

Құс етімен қамтамасыз ету 80%-ды құрайды.

Соның аясында Алматы, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, Жетісу өңірі және Астана қаласында 456,7 мың тоннадан астам дайын өнім шығаратын 23 жоба жүзеге асырылып, жалпы инвестиция көлемі 432,2 млрд теңгеге жететін болады.

Ірі жобалардың қатарында инвестиция көлемі 146 млрд теңге, жылдық өнім 120 мың тоннадан асатын «Айтас КЗ» құс фабрикасы бар.

Қант бойынша импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында Қазақстанда Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында бірқатар жобалар іске асырылмақ. Алматы облысында 247,1 инвестиция тартылатын, жылдық қуаты 500 мың тоннаға есептелген QAZAQARABSUGAR жобасы қолға алынбақ.

2025 жылы Қазақстан 27 млн тонна астық жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, бұл жоғары қосымша құнды өнім шығару мүмкіндіктеріне жол ашады.

Қытайлық «Далян Холдинг» компаниясы Ақмола облысында 3 млн тонна астық өңдеуді жоспарлап отыр, инвестиция көлемі $1,6 млрд.

«Әрбір жоба ерекше бақылауда. Олардың табысты жүзеге асуына Министрлік жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз аймақтармен және бизнес саласымег жұмысты күшейтуді үздіксіз жалғастырамыз, әрбір жобаның қаржылық тұрақтылығы, технологиялық негізділігі және ел экономикасы үшін барынша тиімділігі қамтамасыз етілуі тиіс», – деп атап өтті министр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 12:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары