Иран әуе кеңістігін жапты
24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Иран әуе кеңістігін жапты. Ұшу кестесін бақылайтын халықаралық «ФлайтРадар24 нүкте ком» уебсайты өкілдерінің хабарлауынша, шектеу шамамен екі сағаттан астам уақытқа созылған.
Иран билігі жағдайға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме бермеген. Бұған дейін президент Дональд Трамп "Иран режимі ереуілге шыққандарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін тоқтатпаса, АҚШ әскери қимылдарға көшеді" - деп ескерткен еді. Кейбір сарапшылар Құрама Штаттар Иранға шабуыл жасаса, Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға қауіп төнуі мүмкін деп болжайды. Сондай-ақ Иран Біріккен ұлттар ұйымынан Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, АҚШ-тың әрекетін айыптауды сұрады.
Аббас Аракчи, Иран Сыртқы істер министрі:
- Лаңкестік ұйымдар әрекет етіп жатыр. Олар «ДАИШ» сияқты мәнерде операциялар ұйымдастырды. Олар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, басын кесіп, бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды. Сондықтан бұл жердегі мәселе мүлде басқаша. Содырлар адамдарды не үшін өлтіріп жатыр? Өйткені президент Трамп құрбандар саны көбейсе, әскер кіргіземін деді. Біз жақында қаза тапқандардың нақты санын жариялаймыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 09:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















