Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Ізденген ілгері басады

Ізденген ілгері басады

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматы облысында кәсіп­керлікті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Өңірде 140 мыңға жуық белсенді шағын және орта бизнес субъектілері бар. Кәсіпорындар облыс­тың 250 мыңға таяу тұрғынын тұрақты жұ­мыспен қамтамасыз етіп отыр. Облыста кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағыт­талған бағдар­ламалар мен қолдау шаралары жүзеге асып келеді. Оның игілігін жергілікті кәсіп иелері көріп, өндірісін дамытып келеді.

Отандық өндірісті дамытуда қарлығаштың қанатымен су сепкендей септесіп, өрісін кеңейтіп отырған қыз-келіншектердің үлесі зор. Солардың қатарында бір қолымен бесік тербетсе, енді бірде тәттілер пісіріп, отбасының табысын еселеуге ұмтылған Тал­ғар қаласының тұрғыны Малина Қасымбекованың есімі аталады. Осыдан он шақты жыл бұрын сә­биімен декреттік демалыста отыр­ған жас ана қосымша табыс табуды мақсат етіп үйден тәтті торт пісіріп, бірлі жарымын са­тылымға шығарып көрген. Адам денсаулығына зиянды қоспасыз жасалатын таза әрі табиғи тәтті­леріне қызығушылық артпаса ке­мімеген. Тіпті, тапсырыс кө­бейіп, торт дайындайтын ас үй тар­лық еткен. Осылайша сәтті бас­талған ісі еш кідірместен алға жыл­жып, уақыт өте келе Малина бұл іске жұмыссыз отырған 2-3 әйел­ді қосып, кәсібін кеңейте түсе­ді. Бұл ісіне отағасы қолдау білді­ріп, ата-аналары балаларына қарасып, ынтымақтаса жұмыс істейді.

Үй ішінен басталған кәсібі қанат жайып, бүгінде «Маlina desserts» деген атауға ие брендтік өнімдерін тұтынушылардың қатары мыңдап саналады.  Аудан ғана емес, облыс көлемінде сау­да желісін ашып, 7 дүкенде өнімдері сатылады. Алда оның санын 10-ға жеткізу жоспарда бар. 100-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған ша­ғын кәсіпорынның иесі отандық өнімнің сапалы да өтімді болуына баса назар аударып, бұл жолда тынымсыз ізденіп келеді.

– Менің мамандығым – қар­жыгер. Кондитер болуды ойла­маған едім. Қызығушылықпен бастаған ісім іргелі кәсіп ашуыма түрткі болды. Табыс өздігінен келмейді. Ол үшін тынымсыз ізденіс керек. Кәсібіміз­ді ке­ңейтіп, керек­ті құрал-жаб­­дық алуда мемле­кеттік қолдау­ларға ие болдық. Төрт жылға жуық жалдамалы ғи­­маратта жұмыс істедік. Был­тыр та­лай жыл­дан бері қарау­сыз қал­ған наубай­хананы сатып алып, құрылыс жұмысын жүр­­гізіп, көшіп келдік. Сөй­тіп, аума­ғы 400 шаршы метр ғи­марат­та кәсіпорынды іске қос­тық. Жоспарлы түрде жұмыс жа­саймыз. Мысалы, биыл цехты жаңар­­тумен қатар, кофеха­на­лар­дағы техникалық құралдарды, мұз­дат­қыштарды жаңаладық, – дейді кәсіпкер Малина Ерланқызы.

Шағын кәсіпорын бірнеше цехқа бөлінген. Онда негізінен әйелдер жұмыс істейді. Алға­шында ыдыс жууға орналасқан олардың кейбірі уақыт өте келе, кәсіпке бейімделіп, конди­тер шеберлері атанған. Жұмыс­шы­лар­дың көпшілігі цех іске қосыл­ған күннен бастап, тұрақты еңбек етіп жүр. Олардың арасында көпбалалы аналар да аз емес.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл­ғы жылды Жұмысшы маман­дықтары жылы деп жариялауы еңбек адамдарына үлкен сер­пін берді. Қарапайым жұмыс­шы­лардың мәртебесі өсіп, ең­бекке деген құлшынысы артқа­ны анық. Біздің кәсіпорын жұмысшыларының арасында 10-нан астам көпбалалы ана жұмыс істейді. Олардың тұрақты еңбек етіп, нәпақасын та­буына қолайлы жағдай жасау­ға тырысамыз. Себебі өзімнің де 5 балам өсіп келеді. Баланың тұр­мыста таршылық көрмеуі – ата-ана үшін маңызды. Көпба­лалы аналардың жұмыс уақыты, үй мен түздің тізгінін тең ұстауы ескеріледі, – деген кәсіп иесінің істі үйлестіре білудегі шеберлігі көпке үлгі боларлық.

Там-тұмдап бастаған ісі ілге­рілеп, үздіксіз жұмыс істе­ген­нің нә­тижесінде табысы да арта түс­кенін ала тартқан Мали­на Ерлан­қызы, бүгінде аудан кө­лемін­дегі әлеуметтік іс-шараларға қаты­сып, мұқтаждарға қолұшын беруге жарап жатқандарын қуана жеткізді.

Дәмі тіл үйірер тәтті өнімнің 50-ге жуық түрін өндіретін «Маli­na desserts»-тің цехында күніне 150 торт, 100 бәліш, 1000 шақты десерт жасалып, таратылады.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», деп ақын Абай жырлағандай, маңдай термен тапқан нан – тәтті. Өнім өтімді болған сайын, тапсырыс көбейіп, табыс та еселене түседі. Сол себепті әркім өз ісіне жо­ғары жауапкершілікпен қарап, мұқият атқаруға тырыса­мыз. Адал еңбек ескерусіз қалмай­ды. Биыл өз ісінің шеберлері лайықты бағасын алып, басшылық тарапынан түрлі сыйлыққа, марапатқа ие болдық, – деп алты баланың анасы Шолпан Адишова ағынан жарылды.

Мақтаулы жұмысшылардың көшін зейнет жасындағы наубайшылар Людмила Хафуз, Айгүл Дүкенбаева бастаса, олардың қатарын бас кондитер Акиза Алмешова Назира Қайназарова, Санам Яхярова, Шоира Балта­баева, Мафтуна Боранова, Мақ­пал Әлжанова сынды бесас­пап аспаздар толықтыра түседі.

Әртүрлі ұлт өкілінің басын біріктіріп, ортақ мақсатта еңбек етіп отырған ұжымның отандық өндірісті өрістетуге қосар үлестері арта түсеріне еш күмән жоқ.

Алматы облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 15:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары