Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Келешек мектептері ұлттық жобасы: аймақтарда мектептер қалай салынып жатыр?

Келешек мектептері ұлттық жобасы: аймақтарда мектептер қалай салынып жатыр?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кейінгі жылдары Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобалар іске асырылып келеді. Солардың ішінде ел Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – ерекше назарда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Келешек мектептері» – тек жаңа ғимарат салу емес. Бұл – баланың жан-жақты дамуына қолайлы, қауіпсіз және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған ұлттық деңгейдегі стратегиялық жоба.

Мемлекет басшысы бұл жобаны елдегі орта білім сапасын арттыру, ауыл мен қала арасындағы білім алшақтығын жою үшін ұсынды. Ең бастысы – бұл жоба барлық балаға тең мүмкіндік беруді көздейді.

Салынып жатқан мектептердің жобалық қуаттылығы 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 және 2500 оқушыға арналған оқу ғимараттарынан тұрады және аймақтардың климаттық ерекшеліктерін ескеріледі. 

Жобаны әзірлеу барысында осыған дейін мектептерді салу кезінде орын алған проблемалар ескерілді. Ең маңызды ерекшелігінің бірі – мектептердің «дайын күйінде тапсырылуы», яғни салынған мектептер оқу процесіне қажетті құрал жабдықтармен, пәндік кабинеттермен толық жабдықталып жатыр.  

Жоспарланған Келешек мектептердің басым бөлігі Астана, Алматы, Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарына тиесілі.

Ұлттық жобаның маңыздылығы мен ауқымдығын ескере отырып оны іске асыруға Ұлттық экономика, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс, Жоғары білім, Цифрлық даму министрліктері, «Самұрық-Қазына» қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ 20 өңір әкімдіктері жауапты болып белгіленген. 

Осылайша жобаны үйлестіру, мониторингілеу және әдіснамалық сүйемелдеу Оқу-ағарту министрлігінің құзыреттілігінде болса, конкурс рәсімдерін өткізу, жобалау, құрылыс жұмыстарын жүргізу, техникалық қадағалау, жарақтандыру, мектептерді уақытылы пайдалануға беру сияқты бағыттар «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы, мектептерді уақтылы іске қосу және олардың жобалық қуатынан төмен емес көлемде оқушылардың толтырылуын қамтамасыз ету сұрақтары жергілікті атқарушы органдардың құзіреттілігіне жатады.

2023 жылдан бастап жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру басталды. Қазірдің өзінде бірқатар өңірде жаңа форматтағы мектептер ашылды. 2025 жылдың соңына дейін мұндай форматтағы 217 мектепті қолданысқа беру жоспарланып отыр. Бұл – 460 мыңнан астам оқушы орны. Соның ішінде 40 пайыздан астамы ауылдық елді мекендерге тиесілі. Бұл – ауыл баласы да қаладағылармен бірдей жағдайда білім алуын қамтамасыз етеді деген сөз.

Біріншіден, жаңа форматтағы мектептер кең әрі эргономикалық тұрғыда тиімді етіп жобаланған. Типтік мектептерге қарағанда 15–20%-ға үлкен. Әр оқушыға жеке шкаф, трансформер-парта, тынығу аймағы қарастырылған.

Екіншіден, Ұлттық жоба аясында салынған мектептерде қауіпсіздік жүйелері күшейтілген. Мектептер заманауи бейнебақылау және ғимаратқа кіріп-шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етілген. Бастауыш және жоғары сыныптар бөлек-бөлек блоктарда оқиды. Мұның барлығы баланың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына бағытталған.

Үшіншіден, бұл мектептерде STEM-зертханалар, IT кабинеттер, аспаздық және тігін шеберханалары, 2-4 спорт залдары, робототехника кабинеттері жұмыс істейді. Бұл – оқушыларға тек теория емес, практика арқылы үйренуге мүмкіндік береді. Барлық мектеп заманауи жиһаздармен және оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталып, әрбір оқу кабинеті үшін қажетті техникалық құралдар жиынтығы қамтамасыз етілген. Бұның барлығы ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Әр мектепте ерекше білімді қажет ететін балалар үшін толық жағдай жасалған. Лифт, пандус, арнайы дәретханалар, инклюзивті кабинеттер, логопед, психолог қызметі – барлығы қолжетімді. Білім барлық балаға бірдей болуы керек. Бұл – жобаның негізгі ұстанымдарының бірі.

Мұғалімдер интерактивті технологиялар мен пәндік зертханаларды қолдана отырып, әр оқушының қызығушылығы мен қабілетіне қарай тұлғалық дамуына жол ашады.

Білім беру процесінде Президент белгілеген «Адал азамат» тұжырымдамасының негізінде оқушыларды әділдікке, еңбекқорлыққа және адамгершілікке баулитын құндылықтар жүйесі қалыптасқан. Мектептегі білім беру үдерісі тек оқыту емес, өмірге бейімдеу, жауапкершілік сезімін ояту және қоғамдық сананы дамытуға бағытталған.

Бұл мектептерде балалардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды үнемді пайдалану сияқты жауапкершілікті сезіну дағдыларын дамытуға ерекше мән беріліп жатыр. Осы қағидалар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» идеясын балаларға мектеп қабырғасынан бастап сіңіруді көздейді.

Біз тек ғимарат салып қоймаймыз, сол мектептерге арнайы дайындықтан өткен мұғалімдерді жіберуді көздеп отырмыз. Қазірдің өзінде 3 мыңнан астам педагог арнайы курстардан өтті. Олардың бәрі цифрлық құралдар, жаңа әдістемелермен жұмыс істеуге машықтанып жатыр.

Сонымен қатар жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірлесіп, арнайы кадр дайындау жүйесі жолға қойылды. Ал мектеп директорлары «Білім беру саласындағы 1000 көшбасшы» жобасының қатысушылары арасынан таңдалады.

Жоба шеңберінде бастауыш сыныптан бастап кәсіптік бағдар беру жүйесі енгізіледі. 7-сыныптан бастап бейінді пәндер, жеке оқу бағыттары, менторлық жүйе жолға қойылады. Қазір біз «Мансап компасы» атты цифрлық платформа әзірленуде. Бұл – оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетіне қарай болашақ мамандығын таңдауға бағыт береді.

Білім сапасын, инфрақұрылымын дамыту – адам капиталына салынған инвестиция. Біз білімді, бастамашыл, жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу арқылы мемлекеттің болашағын қалыптастырып жатырмыз.

Қазір жаңа форматтағы 167 мектеп қолданысқа берілді. Мұнда 190 мыңнан астам бала білім алып жатыр. «Келешек мектептері» – тек білім ошағы емес, ол заманауи ойлайтын, ұлттық құндылықты қадірлейтін, технологиялық сауатты тұлғаның қалыптасу ортасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 22:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see159

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see152

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see144

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see143

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see141

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see140

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see137

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see122

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see121

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see119

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see119

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see118

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see117

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see116

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see113

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see112

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see110

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see109

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары