Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Кенжалин оқулары өтті

Кенжалин оқулары өтті

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде Бейбітшілік пен даму жолындағы дүниежүзілік ғылым күніне арналған «Жаһандық коммуникация: өркениеттік дамудың ұлттық ақпараттық моделі және жасанды интеллект» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және IV дәстүрлі Кенжалин оқулары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты – жаһандану дәуіріндегі ақпараттық медиа саясаттағы ұлт бірегейлігі мәселелері, жасанды интеллектінің бұқаралық ақпарат құралдарына деген оң және теріс ықпалдарын талқылауға бағытталды. Жиынға университет басшылығы, шетелдік және отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, медиа және ЖИ саласының мамандары және білім алушы жастар қатысты.

Жиында сөз алған әлеуметтік даму жөніндегі проректор Бақытжан Омаров: «Кенжалин оқулары – жас буынды кәсіби жауапкершілікке, ұлттық рухқа және әділ ақпарат тарату мәдениетіне тәрбиелейтін ерекше мектеп. Бұл – ғылым мен журналистиканың тоғысқан тұсы», деді.

Сондай-ақ ол зейінді зерттеуші, қайраткер әрі қаламгер Ж.Кенжалиннің ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.

«Қазақ журналистикасының дамуындағы Ж.Кенжалиннің есімі – адалдық пен жауапкершіліктің символы. Ол редактор ретінде де, ғалым ретінде де әр сөздің салмағын сезінетін тұлға еді. Кенжалин журналистиканы халыққа қызмет етудің биік мінбері деп түсінді. Оның еңбектері бүгінгі жас журналистерге үлгі болып қала береді», деді жиында сөз алған профессор Намазалы Омашев.

БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Властимил Самек қазір жасанды интеллектінің өркениеттік дамудағы алар үлесінің маңыздылығына тоқтала келіп, БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Жасанды интеллекті туралы БҰҰ-ның жақындағы сессиясында арнайы баяндама жасап, «Инновациялардың барлығы тек қана адамзаттың игілігі мақсатында ғана қызмет етіп, қолданылуы керек» деген сөзін алға тартты.

«Alatau-Aqparat» медиа холдингінің Бас директоры Ержан Төлек Қазақстанның ақпараттық кеңістігін қазіргі жағдайда үш деңгейлі жүйе арқылы қорғау маңыздылығына тоқталып, оларды былайша санамалап берді: Бірінші – ұлттық ақпараттық кеңістік, екінші – Орта Азиялық ақпараттық кеңістік, үшінші – Түркі әлемінің ортақ ақпараттық шеңбері.

Сонымен қатар халықаралық шара барысында Санкт-Петербург мемлекеттік университеті журналистика және бұқаралық коммуникация жоғары мектебінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы И.Быков, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің коммуникациялар жөніндегі директоры Құмарова Меруерт және ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі О.Ошанова ұлттық ақпараттық даму контекстіндегі ЖИ сауаттылығы туралы өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ конференция аясында жиналғандар медиамәдениеттің трансформациясы, цифрлық журналистика және жасанды интеллектінің этикалық қырларына тоқталып, ақпараттың шынайылығы мен медиасауаттылықтың маңыздылығы, жаһандық ақпараттық кеңістіктегі ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы уақыт алға тартып отырған мәселелерді жан-жақты талқылады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 00:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see155

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see147

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see145

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see143

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see141

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see128

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see125

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see125

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see125

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see124

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see123

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see122

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see117

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see117

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see115

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see115

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see114

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see113

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары