Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Ким Кардашьянның тоңазытқышында не бар?

Ким Кардашьянның тоңазытқышында не бар?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Associated Press материалына сүйенген Aikyn.kz тағамды дұрыс сақтау ережелерін талдайды.

Азық-түліктің балғын күйін сақтау үшін тоңазытқыш керек. Тоңазытқыш – ең тиімді әрі кең тараған тұрмыстық техника болғанымен, көптеген отбасы оны жай қосып, әрі қарай мән бермейді.

«Тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышқа қою – тек алғашқы қадам. Қандай да бір тағамның қанша уақыт бұрын дайындалғанын және қанша уақыт сақталғанын ескеру маңызды. Салқындатылған тағамдардың өзінде зең мен қауіпті листерия, сальмонелла, ішек таяқшасы дами береді. Сондықтан тұтынушылар қырағылық танытып, тиісті сақтық шараларын қабылдауы қажет», – дейді АҚШ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер департаментінің өкілі Эмили Хиллиард.

Бұл әсіресе ұзақ мереке күндері маңызды. Себебі адамдар азық-түлік қорын молайтып, оның ұзақ уақытқа жеткенін қалайды. Рецепттерді алдын ала жоспарлау, артық сатып алмау және тамақ қалдықтарын азайту маңызды екенін Калифорния университетінің профессоры, жеміс-көкөніс сапасын зерттеуші Дайан Беклз ескертеді. Оның айтуынша, бұндай шаралар инфляция өсіп, азық-түлік қорына қатысты белгісіздік күшейген кезде тұтынушыларға қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Азық-түлікті дұрыс сақтау оны тоңазытқышқа қойған сәттен емес, одан бұрын басталады. Өнімдерді жарамдылық мерзімі өтпей тұрып сатып алыңыз. Тағамды өңдеу жөніндегі нұсқауларды қатаң сақтаңыз. Тоңазытқышты таза ұстау, әсіресе ет ерігенде төгілген сұйықтықтарды сүртіп отыру және бұзылған өнімдерді дереу алып тастау керек. Тоңазытқыш температурасы 1,7-3,3°C аралығында болуы керек.

Әлеуметтік желілерде өнімдердің сақтау мерзімін ұзарту жөніндегі кеңестер өте көп. Жемістерді мұздатпас бұрын жуу, барлығын пластик не әйнек ыдыста сақтау және т.б. Алайда мамандар көптеген өнімді сақтаудың «бір ғана дұрыс жолы» жоқ екенін айтады.

Калифорния политехникалық университетінің профессоры Уайетт Браун: «Барлығы температура мен салыстырмалы ылғалдылықты түсінуге келіп тіреледі. Осыдан кейін кеңес беру нақты бола бастайды», – дейді.

Профессор Беклз үшін ең маңыздысы – адамдардың көкөніс пен жемісті көбірек жеуі. «Мен қызанақты тоңазытқышқа салмауды ұсынамын, бірақ кей адамдар үшін осылай сақтау ыңғайлы. Бастысы – дәмі онша болмаса да, олар оны жеп, қоректік заттарын алған», – дейді ол.

Тоңазытқыш бөліктерін дұрыс пайдалану арқылы тағамның қоректік құнарын сақтайсыз, сақтау мерзімін ұзартасыз. Сурет FoodSafety.gov сайтынан алынды. Авторлығы: Cheyanne Mumphrey, Peter Hamlin

Жемістер, көкөністер, жапырақты көк шөптер – «тірі» күйде сақталады. Оларды тоңазытқышта дұрыс сақтау бұзылу процесін баяулатады. Салқындату қоректік заттардың сақталуына және сақтау мерзімінің ұзақтығына әсер етеді.

Тоңазытқыштағы арнайы көкөніс-жеміс контейнерлерін пайдаланып, өнімдерді бөліп сақтау және ылғалдылық деңгейін бақылау қажет. Жидектерді құрғақ ұстаңыз, оларды тек пайдалану алдында ғана жуыңыз. Брокколи, сәбіз және бұршақтарды тоңазытқышта, ал жапырақтарды пластик не қағаз қаптарда сақтаған дұрыс.

Қызанақ, алмұрт, алма – бұзыла бастағанда этилен бөледі. Бұл газ жанындағы өнімдердің тез пісіп, бұзылуына әкеледі. Сондықтан шіріген өнімдерді бірден тастау керек. Пияз, сарымсақ, алма, нектарин, цитрус және асқабақ тұқымдастар құрғақ сөрелерде жақсы сақталады.

Профессор Браун да пияз бен картопты тоңазытқыштан тыс жерде сақтауға кеңес береді: «Картоп тоңазытқышта ұзақ тұрса, крахмал қантқа айналады. Ал Майяр реакциясы пісіргенде қара дақтардың пайда болуына әкеледі», – деп түсіндіреді ол.

Америкалық денсаулық сақтау нұсқаулары бойынша, шикі ет тоңазытылған күйде сақталуы тиіс және бөлме температурасында екі сағаттан артық тұрмауы керек. Егер ауа температурасы 32°C-тан жоғары болса – бір сағаттан артық емес. Етті үстел үстінде ерітуге болмайды, маринадтау да тоңазытқышта жүруі тиіс. Басқа өнімдерге тамшысы немесе сұйықтығы түсіп кетпеуі үшін етті тоңазытқыштың төменгі сөресіне қою қажет. 

FDA және USDA нұсқаулығында жұмыртқаларды тоңазытқыштың есігіне емес, ортаңғы немесе артқы сөресіне қою ұсынылады. Себебі есікте температура жоғары болады. Жұмыртқаны жумай сақтау керек. Жуу табиғи қорғаныс қабатын жояды. Фермерлік, жуылмаған жұмыртқалар бөлмеде сақталуы мүмкін, бірақ тоңазытқышта сақтау олардың жарамдылық мерзімін айтарлықтай ұзартады.

Селебрети тұлғалардың жеке ұшақтарында да тағам сақтау мәдениеті бар: 

Сүт, йогурт және ірімшіктер – міндетті түрде тоңазытқышқа қойылатын өнімдер. Йогуртты жоғары сөрелерде сақтауға болады. Ірімшіктерді жоғары сөреге немесе есікке қоймаңыз. Өйткені ауа айналымы оларды кептіріп жібереді. Соя, кокос және жаңғақ сүттері де тоңазытқышта сақталуы тиіс, бірақ ашылмаған күйі бөлмеде сақтау мүмкіндігі олардың қаптамасына байланысты.

FDA нанды тоңазытқышта сақтамауды ұсынады, себебі ол кеуіп кетеді. Алайда ылғалды климатта көгерудің алдын алу үшін оны салқындатуға болады. Мұздатсаңыз оның сапасы алты айға дейін сақталуы мүмкін. Күріш, макарон, ұн сияқты бұзылмайтын өнімдер – бөлме температурасында жақсы сақталады.

Дайын тағамдар мен артылған асты жоғары сөрелерге қойған дұрыс. Оларды тез тауып аласыз. Тұздықтар, соустар және сүтсіз сусындар есікке қойылады. USDA дайын тағамдарды 3-4 күн сақтауды, ал мұздатқанда 3-4 айға дейін қолдануды ұсынады. Алкогольдің сақтау мерзімі бөтелке түріне, оның ашылған-ашылмағанына және құрамында сүт немесе жеміс бар-жоғына байланысты. Ашылған шарапты тоңазытқышта қырынан қою ұсынылады. Ол тотығуды баяулатуға және тығынды ылғалды ұстауға көмектеседі.

Тоңазытқыш – өнімдердің сақтау мерзімін ұзартатын аса маңызды құрал. Оның тиімділігі тағамдарды дұрыс сақтау, температура мен ылғалдылықты реттеу, бұзылған өнімдерді алып тастау сияқты қарапайым ережелерді сақтауға байланысты.

Көкөністердің, жемістердің, ет пен сүт өнімдерінің ерекшеліктерін ескеру тағам қалдықтарын азайтып, отбасының денсаулығын қорғауға көмектеседі. Тағамды дұрыс сақтау азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, шығындарды азайтады және сапалы тамақтануды қамтамасыз етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары