Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Көкшетау тұрғыны донор болып анасын құтқарып қалды

Көкшетау тұрғыны донор болып анасын құтқарып қалды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Көкшетау қаласының тұрғыны Дінболат Құсайынов өз анасының өмірін сақтап қалу үшін бауырын донор ретінде берді. Бұл шешімге ол алты жыл бұрын бекігенімен, анасының келісімін ұзақ күтуге тура келген, деп жазады Egemen.kz.

Меңдігүл Латиф – жоғары санатты хирург-анестезиолог, 33 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ауруханаларда жүздеген ота жасап, талай адамның өмірін арашалап қалған. Қазір Ақмола облыстық көпбейінді аурухана жанындағы онкодиспансердің химиотерапия бөлімін басқарады. Күн сайынғы тынымсыз жұмыстың ортасында ол жұқпалы вирусты байқаусызда жұқтырып алған: бәлкім қан арқылы, бәлкім қолғап арқылы пациенттен берілген болуы мүмкін.

«В және D гепатиті бауырды зақымдаған екен. Бұған дейін білмедім. 2019 жылы жұбайымнан бүйрек обыры анықталғанда қатты күйзелдім, көп жыладым. Сол кезде ауырсыну басталып, тексеруден өткенде – цирроз деген диагноз қойылды. Содан бері алты жыл бойы аурумен күрестім», дейді ол.

Анасының жағдайын естіген Дінболат қатты қиналған.

«Жүрегім езіліп, көз жасым тыйылмады. Қалай өмір сүремін деген ой мазалады. Алғашында дәрігерлер марқұм донордан алынған бауыр қажет деді. Бірақ мұндай кезекке Қазақстанда төрт мыңға жуық адам тіркелген. Анамның жағдайы күн сайын нашарлап бара жатқан соң, өзім донор болатынымды айттым», дейді ол.

Дінболаттың талдаулары донорлыққа толық сәйкес келген. Алайда ана жүрегі бірден келісе қоймаған.

«Ол – менің жалғыз ұлым. 2019 жылы спорт шебері атағын алып жатқан кезі еді. Оның өміріне қауіп төндіре алмайын деп ойладым. Баламнан бауыр алу туралы ойдың өзі қорқынышты болды», дейді Меңдігүл Сауытханқызы.

Соңғы екі жылда дәрігердің жағдайы күрт нашарлаған. «Өмірім қыл үстінде тұрды. Ұлым, қызым, немерем күндіз-түні жылап жүрді. Тек бір тілеуім – 80 жастағы анам менің қиналғанымды көрмесе екен»,  дейді ол.

Қан кету басталған сәтте Дінболат шешім қабылдауды күткізбеді. «Мама, кеттік. Біз енді донор күтіп отырмаймыз», дегенде, анасы тәуекел етуге бел буған. «Өлсем, бұйырғаны сол шығар. Балаларым өкінбесін дедім. Ұлымның көзіндегі жас бәрін шешті»,  дейді ол.

Бұл Меңдігүл Латифтің өміріндегі тоғызыншы әрі ең ауыр операция болды. Ұлының бауырынан үлгі алу 6,5 сағатқа, анасына трансплантация жасау  9,5 сағатқа созылған.

«Оянған сәтте жанымда ешкім болмады. Ең алдымен ұлымды іздедім. Ол – менің жалғыз тірегім. Қол-аяғым дірілдеп кетті. Реанимацияда өткен сегіз күн тек соны күтумен өтті. Палатаға ауыстырған соң барып көрістік. Бұл сәтті сөзбен жеткізу қиын. Екеуміз ұзақ құшақтасып тұрдық. «Мама, сен тірісің бе?» деп те сұрамады, мен де жауап бермедім. Тек үнсіз құшақтастық»,  деп еске алады ол.

Бүгінде анасына екінші өмір сыйлаған Дінболат спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Өзінің отбасы, балалары бар. Әкесі – медицина қызметкері, ал әпкесі Моңғолияда дәрігер. Меңдігүл Латиф сырқаттан айыққан соң онкодиспансерде емдеу жұмысын қайта жалғастырған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 14:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see133

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see131

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see128

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see122

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see119

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see118

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see117

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see116

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see115

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see115

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see115

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see114

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see114

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see113

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see113

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see113

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see112

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see112

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see110

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары