Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Криптовалюта: нені ескеру керек?

Криптовалюта: нені ескеру керек?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Wise Invest Consulting» крипто компаниясының басшысы Темірлан Нұрахимовтің жауабы:

– Криптовалютамен айналыспас бұрын ең бірінші қадам – білім алу. Себебі криптонарық басқа қаржы құралдарына ұқсамайды. Бұл жерде эмоциямен емес, ақылмен әре­кет ету керек. Криптовалюта, блокчейн, токен, әмиян деген ұғымдарды анық түсінбей ақша салу сан соқтыруы мүмкін. Нарықтың логикасын, мүм­кіндігін, тәуекелін білмей, дұрыс шешім қабылдау – ақылға сыймайтын түсінік. Ал білім алған адам өзін сенімді сезінеді әрі алаяқтарға алданбайды.

Екіншіден, әрдайым ресми, лицен­зиясы бар платформаларды таңдауға ке­­ңес беремін. Елімізде криптоактивтермен заңды түрде тек Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясы бар биржалар арқылы сауда жасауға болады. Себебі рұқсатсыз сайттар мен әлсіз сервистерде тәуекел жоғары. Ұзақ мерзімге инвестиция жасайтын адамға жеке әмиян қолдануды жөн көремін. Ал қысқамерзімдік операцияларға биржа әмияны да жарайды. Әмиянның құпия сөздерін және қалпына келтіру сөздерін ешкімге беруге болмайды.

Үшіншіден, криптоға ақша сала бастағанда бірден көп қаржы салудың қажеті жоқ. Мен әрқашан адамдарға аз сомамен бастауға кеңес беремін. Мысалы, 20 немесе 50 доллармен бас­тап көруге болады. Осылайша адам нарықтың қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көріп, алғашқы тәжірибесін жинайды. Жүйені түсінген сайын стратегия қалыптасады. Ең бастысы, эмоция­ға берілмеу. Көпшілік криптоны жыл­дам пайда алатын құрал деп ойлайды, ­бірақ шындығында бұл ұзақ ойлануды, са­бырды, талдауды талап етеді.

Төртіншіден, қаупсіздік мәселесін де ұмытпау керек. Әрқашан екі факторлы қорғауды қосу қажет. Сонымен қатар интернетте кездесетін күмәнді ұсыныстардан сақ болған жөн. «Тез байып кетесің», «жобаға қатыссаң ақшаң өседі» деген сөздерге сенбеу керек. Крипто әлемінде алаяқтар өте көп. Сон­дықтан тек сенімді ақпаратқа жүгінген жөн. Егер сіз ресми платформа ар­қылы табыс тапсаңыз, салық төлеу міндетті екенін де есте ұстаған жөн.

Бұл салаға қызығып жүрсеңіз, әуелі осы қарапайым сатылардан өте бе­ріңіз. Қазірден бастаған дұрыс. Себебі еліміз криптовалюта саласында аймақ­тық ор­талыққа айналады. Бірақ тек рет­телетін, заңға бағынатын, мем­лекеттік бақылау аясында жұмыс істейтін эко­жүйе арқылы ғана іске асады. Біз еркін крип­тонарық құруға тырысып жатқан жоқ­пыз. Біздің бағытымыз тұрақты, қауіпсіз қаржы кеңістігін жа­сауға бағытталған. Кейінгі жылдары мемлекет криптоиндустрияны заңдас­тыру мен бақылауды күшейту бойынша нақты қадам жасап келеді. АХҚО базасында реттелген алаң жұмыс істейді. Ұлттық Банк цифрлық активтер мен токенизация жобаларын сынақтан өткі­зіп жатыр. Бұл шетелдік капиталды, технология мен мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, елімізде криптовалютамен төлем жасау бірден емес, біртіндеп жүзеге асады. Ұзақ үдеріс. Бүгінде QR арқылы криптовалютамен төлем жасау бойынша алғашқы пилоттар өтті. Бұл технология тұрғысынан дайын екенімізді көрсетті. Бірақ заң жүзінде тек арнайы рұқсат етілген аймақтарда ғана қолдануға мүмкіндік бар. Халықтың крипто туралы хабары әлі де аз. Сон­дықтан жаппай қолдану үшін бір­неше шарт қажет. Біріншіден, стейблкоин тұрақты болуы керек. Екіншіден, крипто мен теңге арасында ыңғайлы және жылдам конвертация мүмкіндігі қажет. Үшіншіден, банктер мен бизнес тарапынан қолдау болса ғана жүйе толық іске асады.

Бүгінде ең үлкен тәуекел бағаның құбылмалылығы емес. Ең басты қауіп реттеушілік талаптардың өзгеруі және сенімсіз платформалар. Кейінгі уақыт­та заңсыз криптобиржалар мен рұқ­сат­сыз P2P алаңдар жабылып жатыр. Қаражаттары бұғатталған кей азаматтар бар. Бұл бізге тек заңды, лицензиясы бар платформалармен жұмыс істеу керектігін көрсетеді. Сондай-ақ майнингке қатысты талаптар, электр энергиясы бағасы және салық нормалары жиі өзгерді. Бұл да нарыққа әсер етеді. Сондықтан кез келген инвестор бірінші кезекте қауіпсіз инфрақұрылымға назар аударуы керек.

Қорытындыласақ, крипто саласына қызығатын отандастарымызға әр­дайым бір кеңес беремін. Тек заңды алаң­да жұмыс істеңіз. Ақшаны белгісіз плат­фор­маларға сеніп бермеңіз. Қаржылық шешімді эмоциямен емес, ақпаратқа сүйеніп қабылдаңыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 15:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see155

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see154

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see146

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see135

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see129

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see127

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see125

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see123

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see122

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see122

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see122

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see122

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see120

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see119

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see119

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see119

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see118

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see113

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары