Күйеуіне ренжіген: 7 күн бойы жоағалып кеткен ана мен төрт баласы табылды
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Түркістан облысының Отырар ауданында жеті күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен анасы мен төрт баласы аман-есен табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, жергілікті тұрғын жұбайы мен төрт баласының үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Осыдан кейін полицейлер жедел іздестіру жұмыстарын бастап, ауданның кіреберісі мен шығаберісінде бақылау бекеттерін қойып, көршілес өңірлерге бағдарлама жолдаған.
Іздестіру барысында 6, 5 және 3 жастағы, сондай-ақ 10 айлық сәбиімен бірге кеткен әйел таксимен келе жатқан жерінен анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру кезінде әйелдің күйеуімен болған тұрмыстық жанжалдан кейін балаларын және құжаттарын алып, ешкімге ескертпестен Шымкентке кеткені белгілі болды. Ол қалада жалдамалы пәтерде тұрған.
Полицияның хабарлауынша, отбасы мүшелерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, туыстарының қатысуымен тараптар татуласқан. Анасы мен балалары үйлеріне аман-есен оралды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 17:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















