Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Kundelik vs. BilimClass: Алматы мектептерінде электронды күнделік қалай ауысты

Kundelik vs. BilimClass: Алматы мектептерінде электронды күнделік қалай ауысты

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Kundelik ұстанымы

Kundelik компаниясының бас директоры әрі негізін қалаушы Мұхтар Ілиясовтың айтуына қарағанда, 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап жүйеде күмән тудыратын белсенділік байқалған. Оның сөзінше, бұл — деректерді рұқсатсыз жаппай жүктеу әрекеті және ол Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңын өрескел бұзу болып есептеледі.

Спикердің дерегінше, бұл әрекеттер Алматыдағы 219 мемлекеттік мектептің мәліметін қамтыған. Атап айтқанда, шамамен 310 мың оқушының, 220 мыңнан астам ата-ананың және 25 мыңға жуық педагогтің жеке дерегі жүктелген. Олардың ішінде 2018 жылдан бергі сынып журналдары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, үлгерім табельдері, сабақ кестелері мен есептік құжаттар бар.

— Әр мектеп бойынша жүктелген деректердің орташа көлемі бүкіл архивтік мәліметтерді қоса алғанда, шамамен 5 Гб болды. Бұл деректер «білім басқармасы мен мектептердің қажеттілігі үшін архивтеу» деген желеумен жүйелі түрде BilimClass платформасына көшірілген, — деді Мұхтар Ілиясов.

Фото: er10.kz

Оның айтуынша, мұндай жағдай тек Алматыда тіркелген. Сонымен қатар уәкілетті органдар тарапынан компанияға осы мәселеге қатысты ешқандай ресми хабарлама да, түсіндірме де берілмеген.

Осыған байланысты Kundelik Алматы әкіміне, Президент Әкімшілігіне, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне және Бас прокуратураға ресми өтініштер жолдаған. Алайда сұхбат алынған уақытқа дейін бұл өтініштерге ешбір жауап келіп түспеген.

Kundelik-тің қолданылу географиясы

Компания өкілдері барлық мектеп жүйеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімдері аясында және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық білім беру деректер қоры анықтамалығы негізінде тіркелгенін хабарлады.

— Қазіргі уақытта Kundelik Алматыдағы жұмысын жалғастырып жатыр, мұнда жекеменшік мектептердің басым бөлігі біздің платформаны таңдап отыр. Сонымен қатар жүйе Астанада, Шымкентте және Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында кеңінен қолданылады. Айта кету керек, Kundelik.kz Алматының мемлекеттік мектептері үшін әлі де қолжетімді, — деді Ілиясов.

Ол жоспарлары туралы айтып, компанияның білім басқармасы және мемлекеттік органдардан ресми түсінік алуға ниеті бар екенін жеткізді.

— Қазір заңгерлермен бірге барлық мәселені құқық тұрғысынан шешуге тырысып жатырмыз. Ал сервистің барлық желісі қалыпты режимде жұмыс істеп, өңірлердегі білім басқармалары, ҚР Оқу-ағарту және Қаржы министрліктері тарапынан қойылған міндеттерге сай дамуын жалғастырып жатыр, — деді ол.

Петиция және BilimClass реакциясы

Сонымен қатар E-Petition.kz порталында Алматы мектептерінің оқу жылының ортасында жаңа платформаға көшуіне алаңдаушылық білдірген петиция жарияланды. Петиция авторлары цифрлық жүйені оқу процесінің дәл ортасында өзгерту оның тиімділігіне кесірін тигізіп, мұғалімдерге қосымша жүктеме түсіруі және ата-аналар мен оқушылар үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін айтып отыр. Сондай-ақ, олардың пікірінше, BilimClass-тың қазіргі нұсқасы бірқатар көрсеткіш бойынша Kundelik-тен төмен көрінеді.

Ал Bilim Group IT-холдингінің баспасөз қызметі жаңа платформа Алматыдағы 15 мектепте пилоттық режимде сынақтан өткенін хабарлады. Тестілеу нәтижесінде мектеп әкімшілігі мен педагогтер BilimClass жүйесінің талаптарға толық сай келетінін растаған.

— Оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін платформаны ауыстыру қысқы демалыс кезінде ұйымдастырылды, ал мұғалімдерге жүйені пайдалану бойынша арнайы оқыту жүргізілді. Платформаның негізгі міндеттерінің бірі — күнделікті қайталанып істелетін жұмыстарды автоматтандырып, педагогтердің жұмысын азайту. Сол себепті бұл өзгеріс оларға қосымша ауыртпалық әкелмейді, — деп мәлімдеді компания.

Сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналарды қолдау үшін call-орталық іске қосылып, қажет болған жағдайда онлайн кеңес беру қызметі де жұмыс істеп тұр.

Фото: BilimClass

Дербес деректер мәселесі

Bilim Group Kundelik басшысының дербес деректердің рұқсатсыз жүктелгені туралы мәлімдемесіне де түсінік берді.

— Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Kundelik жүйесінен BilimClass платформасына ешқандай жеке деректер берілген жоқ. Мұнда тек мектептердің ішкі архивтері туралы сөз болып отыр. Деректер үшінші тұлғаларға берілмеген және BilimClass жүйесіне жүктелмеген. Бұл шаралар ең әуелі білім сапасын бақылау департаментіндегі аттестациядан өту үшін қажет болды. Барлық архивтеу жұмысы заң талаптары мен ақпараттық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып жүргізілді, — деп хабарлады компания өкілдері.

Сондай-ақ компания білім басқармасы жеке деректердің таралуы немесе заңсыз берілуі жөніндегі ақпаратты жоққа шығаратын ресми түсінік бергенін атап өтті.

BilimClass пен Kundelik-тің айырмашылығы неде

Bilim Group мәліметінше, BilimClass — отандық платформа, онда қазақстандық білім беру контенті қолданылады және серверлік инфрақұрылым толықтай ел аумағында орналасқан.

Платформа мен мобильді қолданба оқушылар, ата-аналар және педагогтер үшін тегін. Мұғалімдер электронды журнал, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, интерактив сабақтар, бағаларды автоматты есептеу, БЖБ мен ТЖБ каталогтары, чаттар және аналитикалық құралдарды қолданады. Ал мектеп басшылығы оқу процесінің толық цифрлық тарихына және үлгерім аналитикасына нақты уақыт режимінде қол жеткізе алады.

Фото: Назерке Саниязова /Kazinform

Сонымен қатар мектептер BilimLand, iTest және iMektep сияқты білім беру өнімдері біріктірілген экожүйеге қосылған.

Енгізу ауқымы және қаржыландыру

2025-2026 оқу жылының үшінші тоқсанында Алматыдағы 225 мемлекеттік мектептің барлығы BilimClass жүйесіне көшті. Платформада 314 275 оқушы мен 22 021 мұғалімнің дерегі бар. Компания мәліметінше, көшу қалыпты режимде өткен, мектептер тарапынан дау тудырған жағдай тіркелмеген.

Bilim Group өкілдері платформаны пайдалану үшін бюджеттік қаржыландыру қажет емес екенін ерекше атап өтті.

— BilimClass барлық өңір үшін толықтай тегін. Қазіргі таңда платформада Алматы мен Қазақстанның 11 өңірінде 2,5 млн оқушы және 350 мың мұғалім жұмыс істеп жатыр. Көшуге байланысты туындаған барлық шығынды — оқыту, кеңес беру, техникалық қолдау жағын өнімнің өзі мойнына алады, — деді компания өкілдері.

Kazinform агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы білім басқармасына қала мектептерінің оқу жылы ортасында Kundelik платформасынан BilimClass жүйесіне көшуінің себептері мен қабылданған шешімнің негіздері жөнінде ресми сауал жолдады. Қазір жауапты күтіп отырмыз.

Бұған дейін Алматы мектептерінің Kundelik орнына жаңа электронды журналға көшкені хабарланған едік.

Сондай-ақ былтыр жыл соңында мектептерге арналған бірыңғай электронды білім беру ортасын әзірлеуші Kundelik компаниясы оқушылардың жеке деректері тарады деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 18:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see150

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see149

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see148

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see146

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see144

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see144

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see136

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see130

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see127

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see127

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see127

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see124

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see121

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see120

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see119

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see118

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see117

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see115

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see115

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары