Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Квота мен Қытай субсидиясы тоқтады Елдің электрмобиль нарығын не күтіп тұр

Квота мен Қытай субсидиясы тоқтады Елдің электрмобиль нарығын не күтіп тұр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстандағы электрлі көлік өсімі

Соңғы жылдары Қазақстанда электрлі көліктер саны күрт артты. Қазақстандық Автобизнес қауымдастығының (АКАБ) дерегінше, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елде тіркелген мұндай көліктердің саны шамамен 15,8 мың данаға жетіп, 2023 жылдың басымен салыстырғанда он есеге жуық өскен.

Фото: Миллий статистика қўмитаси

Көлік паркі негізінен жаңа: 90,5%-ы – үш жыл толмаған, 9,1%-ы – үш пен он жыл аралығында, ал 10 жылдан асқандары небәрі 0,4%. Аймақтар арасында Алматы қаласы – жалпы үлестің жартысынан астамын, Астана – 11,9%, Алматы облысы – 5,6%-ын иеленеді.

Нарықтағы қытайлық брендтердің үстемдігі

Қазақстан нарығында жаңадан тіркелген электрлі көліктердің 88%-ы — Қытай брендтеріне тиесілі. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында 964 дана BYD, 702 дана HONGQI, 409 дана ZEEKR көлігі сатылған. Жалпы нарық үлесінде ZEEKR – 27,3%, BYD – 18,7%, HONGQI – 10%-ды алады.

Бұл өсім, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде берілген салықтық жеңілдіктер мен квоталарға байланысты болды. 2023 жылы 8 443 дана, 2024 жылы 9 680 дана электр көлігі салықсыз әкелінген, ал 2025 жылы квота 15 мыңға жетіп, ол 14 қазанда толық пайдаланылды.

Квота аяқталғаннан кейін импортталатын көліктерге 12% қосылған құн салығы мен 6 ең төменгі жалақы мөлшеріндегі (23 592 теңге) кедендік алым салынады.

Қытай саясаты және аймаққа әсері

Қытай Мемлекеттік кеңесі жариялаған жаңа жоспарға сәйкес, кванттық технологиялар, биологиялық өндіріс, сутегі энергетикасы және ядролық синтез — басым салалар ретінде айқындалды, ал электрлі көліктер енді бұл тізімде жоқ.

Фото: kaz.people.cn

2010-жылдардан бері жүргізілген субсидия бағдарламаларының нәтижесінде Қытайдың электрлі көлік өндірісі 2015 жылғы 37 мыңнан 2024 жылы 1,1 миллион данаға жетіп, әлемдік нарықтағы үлесі 60%-дан асты.

Алайда өндіріс қуаттылығының тек 70%-ы пайдаланылып, ішкі нарықтағы бәсекелестік пайда маржасын 5%-ға дейін түсірген. 2026 жылдан бастап Қытай экспорттық бағасын 10–20%-ға көтереді деп болжануда. Бұл Қазақстандағы квота жойылуымен қатар, аймақтық нарыққа қысым түсіруі мүмкін.

Қысқа мерзімде импорт көлемі 5–10%-ға азайып, нарықтағы үлес 2025 жылғы 15%-дан 10%-ға дейін төмендеуі ықтимал. Бұл ретте дәстүрлі отынмен жүретін көліктер нарығы уақытша ұтады, бірақ экологиялық тиімділікті арттыру процесі баяулайды.

Фото: ixbt.com

Индустриялық жауап және жергіліктендіру

Сарапшылардың пікірінше, мұндай саяси өзгерістер Қытай компанияларын өндірісті шетелге, әсіресе Орталық Азияға көшіруге итермелей түседі.

2025 жылғы сәуірде өткен Қытай–Қазақстан стратегиялық диалогі барысында Қытай тарапы Қазақстанда электр көліктерін жергіліктендіру жобасын ұсынды. Қазақстан тарапы бұл бастаманы толық қолдап, 2030 жылға қарай жергіліктендіру үлесі 20%-ға жетіп, 50 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын болжады.

Сонымен қатар, Қазақстанның сирек жер элементтері мен литий қоры Қытайдың жеткізу тізбегіне енгізілу арқылы өндірістің жоғары және төменгі ағымдары өзара үйлестірілмек.

Плагин-гибридті көліктерөтпелі шешім

Плагин-гибридті көліктердің үлесі айқын өсіп келеді: 2023 жылы – 1 700 дана, 2024 жылы – 5 700 дана (өсім 232%), ал 2025 жылдың алғашқы жеті айында – 6 400 дана тіркелген. 815 мәрте LIXIANG L7 моделі тіркеліп, елдегі ең танымал үлгілердің біріне айналды.

Парламент пен Үкімет ұстанымы

«Ақ жол» партиясының депутаты Олжас Нұралдинов Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Еуразиялық экономикалық комиссияға салықтық жеңілдіктерді кемінде үш жылға ұзарту, елде 50 мыңға дейін зарядтау станциясын салу және жергілікті құрастыруды қолдау жөнінде ұсыныс білдірді.

Энергетика министрлігі өз кезегінде Қытай субсидиясының аяқталуын Орталық Азия үшін индустриялық ынтымақтастықты тереңдетудің тарихи мүмкіндігі деп атады.

Фото: А. Мискарянның жеке мұрағатынан

Квотаның аяқталуы елдегі электр көлігі нарығына қалай әсер етеді

Қазақстандағы автомобиль нарығын сараптау және мониторингілеу агенттігінің директоры Артур Мискарянның айтуынша, Қытайдың субсидия саясатының аяқталуына «сұр» экспорт факторы әсер еткен.

— Қытай тарапы келесі жылдан бастап енгізуді жоспарлап отырған шаралар ішкі нарыққа арналған жаңа автокөліктердің «сұр» арналар арқылы сыртқа шығарылуының алдын алу үшін жасалған. Мұндай шаралар экспорттық қолдауды оңтайландыруға және қытайлық автоконцерндердің шетелдегі беделін қорғау үшін қажет. Себебі «сұр» экспорт арқылы Қытайдан шығарылған көліктерге кепілдік жасалмайды және сервистік қолдау қамтамасыз етілмейді. Бұл өзге елдердегі сатып алушылардың алдында брендтің беделін түсіреді, - дейді сарапшы.

Сондай-ақ ол квотаның аяқталуына байланысты электрлі көліктерді елге әкелу күрт азаймайтынын атап өтті.

— Келесі жылы электромобильдерді бажсыз әкелуге берілетін квотаның тоқтатылуы олардың импортын толық тоқтату немесе тыйым салу дегенді білдірмейді. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, квотаға қарамастан, электромобильдерді әкелген кезде қазақстандықтар кедендік баж бен утильалымнан босатылады. Тек жаңа 16% ҚҚС мөлшерлемесін төлеу қажет болады – бұл жеке пайдалану үшін электромобиль әкелуді жоспарлағандар үшін енгізілетін жалғыз өзгеріс, - деді Артур Мискорян.

Қалыптасқан жағдайды қорыта келгенде, Қазақстанның электрлі көлік нарығы «саяси жеңілдіктерге тәуелді» кезеңнен өтіп, «индустриялық ішкі даму» дәуіріне аяқ басты деп айтуға болады. Ал бағаның өсуі қысқа мерзімде тұтынушыларға қиындық тудырғанымен, ұзақ мерзімде жергіліктендіру, аймақтық өндірістік ынтымақтастық және инфрақұрылымдық жаңарту тұрақты дамудың негізін қаламақ. Осылайша Орталық Азия болашақта электр көліктерін импорттаушыдан – аймақтық жасыл өндіріс орталығына айналуы әбден мүмкін.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 12:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see165

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see157

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see150

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see148

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see147

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see146

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see144

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see142

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see140

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see139

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see138

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see135

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see120

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see119

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see117

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see116

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see116

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see114

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары