Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Мәдениет министрі

Мәдениет министрі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мәдениеттің сайыпқыраны десе де болады. Кейде өзінің соқпасы ұстап қалады. Былай жақсы адам. Ауылдың өнерін көтеремін деп әбден сілікпесі шықты. Жөп-жөнді жұмыстар жасайды. Бірақ аңқаудың аңқауы. Дарқылдап жүгіре береді. Бір күні облыстық мәдениет басқармасының басшысы телефон соғыпты. Малтон мәз. Екі езуі екі жаққа жайылып кетті. 

– Әлеу, Малтон Алғабасарұлы ма?

– Иә дәл өзі. Мәдениет үйінің директоры сізді мұқият тыңдап тұр.

– Шетелден скрипка тартатын бір әртістер келіп еді, соны ауылыңа қабылдай салсаң қалай болады?

– Әрине, сіз айтсаңыз ол солай болады. 

– Өте дұрыс, рухани жаңғыру аясында ауыл тұрғындары өзге ұлттардың өнерін тамашалау керек, – деді мәдениет басшысы.

– Кешіріңіз, қанша адам?

– Екі адам. Біреуі – қыз, біреуі – еркек.

– Екеуі де скрипкада ойнайды ма?

– Жоқ. Еркегі билет жыртады.

– Жарайды, афишасын, билеттерін беріп жіберіңіздер, – деп, Малтон келісімін берді. Қуанышын баяғы ауыл әкімі Талтаңбай Салпаңбевпен бөлісті. Әкім деген аты болмаса, туған жездесі ғой. Үлкен апасы Балбиді алып отыр.

– Ауылға шетелден әртістер келетін болды, – деді Малтон жездесіне шалқайып.

– Жарайсың, сені биыл жоғары атаққа ұсынамын, – деп, әкім Малтонның арқасынан қақты. Бұл Талтаңбай Салпаңбаев соңғы кездері шаруашылықты қойып, шығармашылықты жақсы көріп жүр. Үнемі ауылдағы топырақтың астында көміліп жатқан таланттарды қолдап, қорғап жүреді. Әйтеуір, клубқа әртіс келсе, шапан кигізіп, жақсы тілегін арнайды. Тек жазда жайылымның шөбі өртеніп, қыста мектептің жылуы қатып қалғаны болмаса жақсы әкім. 

– Жарайды, екі адам болса, өзім үйге қонақ етемін, – деді Талтаңбай.

Ауылға көптен бері әнші атаулының аяғы баспағалы көп болды. Былтыр театр әртістері келіп, спектальдің бірінші бөлімін қойып, екінші бөлімін «келесі жылы келіп қоямыз», – деп уәде беріп кетіпті. Әлі хабар жоқ. Тұрғындар қатты елеңдеп жүр. Ал Малтон құрдасым мәз. Өйткені мәдениет үйіне концерт келсе, оның беделі бес есе өседі. Жұмысы көрініп қалады. Содан екі күннен кейін ауылға әлгі скрипкашы қыздың афишасы жеткізіледі. Ауыл әкімі Талтаңбай Салпаңбаев аң-таң. Афишадан қаптаған әртістердің есімдерін көріп шошып кетті. Дереу мәдениет үйінің директорын кабинетіне шақырды. 

– Малтон, маған екі адам деп едің, афишада он адам тұр ғой. Мен мұның бәрін төріме қабылдай алмаймын. Үйдегі апаң да соңғы кездері қонақ жақтырмайтын болды.

– Қалай он адам? Кеше облыс екеу деп айтты, – деді Малтон мұрнын тартып.

– Мінекей, қара, афишада Бетховен, Бах, Моцарт, Вагнер, Чайковский, Верди деп жазылып тұр және бір Страус деген құстары бар.

– Старус емес, Штраус шығар. 

– Кім болса да мен мына қаптаған әр­тістерге дастарқан жая алмай­мын. Жартысын сен үйіңе ал, – деді әкім түрі бозарып.

– Жездеке, сіз не ай­тып тұрсыз? Бұл кісі­лер келмейді.

– Неге келмейді, афишада есімдері тұр ғой.

– Олар баяғыда өліп қалған адамдар ғой, – деп, Малтон тарқылдап күлді. 

– Оны қайдан білесің?

– Мен білмесем ауылда «Мәдениет министрі» болам ба? Бұлар сол скрипкашы қыздың орындайтын шығармаларының авторлары ғой, – деді ол одан сайын сықылықтап...

– Өй, әтәңе нәлет, осы әртістерің бар болсын, – деп Талтаңбай жерге бір түкірді де кабинетінен шығып кетті. 

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,

Мәдениет қайраткері

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 01:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары