Магистратура грантына кімдер таласа алады
Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Тестілеу қорытындысы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы талапкерлердің орташа көрсеткіші 77 балл болса, бейінді бағыт бойынша орташа нәтиже 24 балды құрады.
Алайда тестілеу кезінде бірқатар талапкер ережені бұзған. Нәтижесінде 94 адамның тестілеу нәтижесі жойылды. Оның ішінде 69 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды аудиторияға алып кіруге әрекет жасағаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тағы 25 адам тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері де жойылды.
Грантқа қанша балл керек?
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, ал бейінді бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.
Грант конкурсына құжат қабылдау 12-18 тамыз аралығында өтеді. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал магистратураға қабылдау рәсімі 28 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер:
жеке куәлігінің көшірмесін;жоғары білім туралы диплом мен оның қосымшасын;КТ сертификатын;бар болған жағдайда шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатты тапсыруы керек.Құжат тапсыру кезінде талапкер білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын таңдай алады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:91
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 18:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















