Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Марқакөлде атқарылған мазмұнды іс көп

Марқакөлде атқарылған мазмұнды іс көп

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Асқақ Алтайдың аппақ шыңдары аспанмен тілдесіп тұрса, етегінде мөлдір көл мен нулы орман жарасым тауып, адам жанын баурайды. Бұл өлке – тыныштығы мен тылсымы бірдей үйлескен, жаратылыстың жаны сезілер жер.

Қазір бұл ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуында да ерекше серпін бар. Қазақстан Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №424 Жарлы­ғымен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Марқакөл ауданы төртінші рет құрылып, Күршім ауданының құрамынан бөлініп шықты. Бұл Мемлекет басшысының өте маңызды шешімі болды. 

Қазір жас ауданды Рүстембек Кемешев басқарып отыр. Өңірде қарқынды жұ­мыстар жүргізіліп, 2024 жылы жергілікті бас­қару органдары мен орталық мемлекет­тік органдардың аумақтық бөлімшелерін әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз ету мақсатында 1,7 млрд теңгеге 8 ғимарат пен әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жүр­гізілді. Және «Бір қабатты Шығыс» бағ­дар­ламасы аясында 4 пәтерлі 2 үй салы­нып, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы осал отбасыларға берілді.

Биыл 9 айда Марқакөл ауданында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды. Ауданның өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,9 млрд теңгені құрап, физикалық көлем индексі 91,2% жетті. Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінің көл­емі – 4,6 млрд теңге (85,8%).

Өңдеу өнеркәсібінде физикалық көлем индексі 109,9%-ға өсіп, 4 332,2 млн тең­гені құрады. Сонымен қатар ауыл шаруа­шылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10,4%-ға артты, нәтижесінде 7 151,8 млн теңгеге жетті. Бұған қоса, негізгі капиталға салынған инвести­циялар көлемі 2 есеге өсіп, 2 180,6 млн теңгені құрады, оның ішінде жеке инвес­тициялар 4 есеге өсіп, 1 549,8 млн теңге болды. Соны­мен қатар құрылыс жұмыс­тары 6 есе­ге өсіп, 1 040,5 млн теңгеге жетті.

Биылғы жағдай бойынша, аудандағы халық саны – 6,7 мың. Ауданның әкім­шілік құрылымы 5 ауылдық округ пен 23 ауылдан тұрады. Сонымен бірге, 2024 жы­лғы 27 ақпандағы облыс әкімдігінің №61 қаулысымен ауданның штаттық құры­лымы бекітіліп, жалпы мемлекеттік қызметшілер саны 63-ке жетті (мәслихат аппараты – 6, аудан әкімінің аппараты – 11, тәуелсіз бөлімдер – 25, ауылдық округ әкімдіктері – 21 бірлікті). 

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2024 жылы әр өңірде талантты жастар арасынан жас басқарушылар пул­ын қалыптастыруға бағытталған өңірлік кадрлық резервтерге алғаш рет іріктеу жүргізілді. Қазір Марқакөл ауданында кадрлық резервтегі жас мамандар жұмыс атқаруда.

Аудан аумағында 562 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде ауыл шаруа­шылығы саласында 348 шаруа қожалығы және 25 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығының негізгі ба­ғыты мал шаруашылығы болып отыр. Бар­лық шаруашылық санаттарындағы ірі қара мал саны – 27,5 мың бас, ұсақ мал – 41 мың бас, жылқы – 17,5 мың бас, құс – 18,7 мың бас. 

Жыл басынан бері мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы 44 кәсіпкерге 423,5 млн теңге көлемінде қаражат бөлін­ді. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағ­дар­ламасы бойынша 4 жоба иесіне 69,3 млн теңге несие беруге құжаттары мақұл­данды; 13 жоба иесіне 20,5 млн теңге қай­та­рымсыз негізде грант бөлінді; 27 шаруа қожалығы лизингке 333,7 млн теңге тұратын 36 бірлік ауыл шаруашы­лығы техникасын сатып алды.

Туризм бағытында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы 34,5 млн теңге болатын 2 жоба мақұлданды: «Рахат Туризм» СПК 16 млн теңге – қажетті матер­иалдар мен жабдықтарды сатып алу арқы­лы қонақүйді қайта құруды жүзеге асырды; «Айсаб» СПК 18,5 млн теңге – туристерге қызмет көрсету және тұру үшін Ақжайлау ауылында 8 киіз үйден этно-ауыл салды.

Биыл Markakol Lodge жобасы аясында Урунхайка ауылында жеке инвестициялар есебінен 6 глемпинг үй салынды. «Шығыс Қазақстан облысының үздік рекреа­ция­лық туристік аймағы» боп Урунхайка ауылы 200 млн теңге ұтып алды. 100,0 млн теңге инфра­құрылымды дамытуға бағыт­талды, қалған соманы игеру 2026 жылға жоспар­ланған. 

Сонымен қатар 26 қыркүйекте өткен «Altai Invest – 2025» халықаралық инвес­тициялық форумында Марқакөл ауданы­ның әкімдігі мен Aila Tau ЖШС арасында Шағанатты ауылында жалпы құны 600 млн теңге болатын марал шаруашылығына бағытталған сауықтыру кешенін ашу жөнін­де келісім жасалды. Жобаны іске асыру 2026-2031 жылдарға жоспарланған.

Тұрғын үймен қамту мәселесі бойын­ша биыл «Бір қабатты Шығыс» бағдар­ла­масы аясында республикалық бюджет есебінен көпбалалы отбасылар мен әлеу­меттік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 5 жеке үй немесе 10 пәтер салу жоспарланған. Осы мақсатта жыл басында мердігер ұйым­дармен құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйлерге инженерлік-коммуни­кациялық инфрақұрылымды толық жет­кізу­ді қамтамасыз ету жөнінде меморан­думдар жасалды.

Жоспарға сәйкес, қазан айында 4 пәтер құрылысы аяқталды, қазір бұл тұр­ғын үйлерді Отбасы банк арқылы кез­екте тұрған (жалпы кезек – 89 адам, оның ішін­де – 17 көпбалалы отбасы) Марқакөл ауданының тұрғындарына бөлу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Бұдан бөлек, аудан орталығында 1978 жылы салынған 6 көпқабатты үйдің қасбетін және шатырын жөндеу жұ­мысы жүр­гізілуде. Оған 207 млн теңге қарас­тырылған. Оның ішінде, екі 16 пәтер­лік 2 қабатты және төрт 24 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйлер бар. 

Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы оффтейк келісімшарттар аясында екі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Соның ішінде, Марқакөл ауылында 34 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй салу және 24 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үйді қайта жаңарту жобасы тұр. Ауқымды мақ­саттың бірі – жаңа салынған, қайта жаңартылатын және әлеуметтік нысан­дарды орта­лық­тандырылған жылу жүйе­сімен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта «Марқакөл ауылында орталықтан­ды­рылған қазандық пен жылу желілерінің құрылысы» жобасы әзір­ленуде. Қазандық қуаты – 6 Гкал, жылу желісінің ұзындығы 12 шақырым болмақ.

Әлеуметтік салаға да айрықша көніл бөлінуде, Марқакөл ауданында білім беру нысандарының жалпы саны – 21 (19 мектеп, 1 балабақша, 1 шығармашылық үйі). Аз қамтылған отбасылардан 868 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді, оның ішінде бастауыш сыныптардың 460 оқушысы бар.

Оқу жылының нәтижесі бойынша, ауданның білім сапасы 71,2% құрады. Биыл мектептерге 79,1 млн теңгеге 7 кабинет сатып алынды. Офтейк келісім­шарт шеңберінде Игілік ауылында 500 млн тең­геге 50 орындық мектеп салынды. Сон­дай-ақ Қайнарлы ауылында 650 млн тең­геге 50 орындық және Төсқайың ауылында 960 млн теңгеге 100 орындық мектептің құрылысы басталды. 

Қазір ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз мектеппен қамтылған. 2 жастан 6 жасқа дейінгілер – 98%. Соны­мен қатар 2025 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 467 жұмыс орнын (оның ішінде 196 – тұрақты, 247 – уақытша) құру жоспарланып, жылдық жоспар 106%-ға орындалды.

2025 жылы Марқакөл ауданына еңбек күші артық өңірлерден 8 отбасы (35 адам) қоныс аударып келді, осылайша жоспар 112%-ға орындалды. Оның ішінде, Ақбұ­лақ ауылына – 4 отбасы (19 адам), Марқа­көлге – 1 отбасы (4 адам), Қалжырға – 2 от­басы (9 адам), Қазақстан елдімекеніне – 1 отбасы (3 адам) жіберілді. Қоныс аудару­шылардың барлығы бірреттік көшуге арналған субсидия алды.

2009 жылдан бастап республика бой­ын­ша дипломы бар мамандарды ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұрақты тұру үшін тартуға бағытталған жоба іске асыр­ылу­да. Жобаның мақсаты – денсау­лық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыз­дандыру, мәдениет, спорт және агро­өнер­кәсіп кешені саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдық округтер, кенттер мен ауыл әкімдері аппараттарының мемлекет­тік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету.

Жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау екі бағыт бойынша көрсетіледі: 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтер­ме жәрдемақы төлеу (2025 жылы – 369 200 теңге) және тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік несие беру: аудан орталықтарында – 2 500 АЕК (9 230 000 теңге), ауылдық елді мекендерде – 2 000 АЕК (7 384 000 теңге). 

Биыл жоба аясында 48 маманға жалпы сомасы 18,9 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Сонымен қатар 10 маманға жалпы сомасы 90,4 млн теңге көле­мінде бюджеттік несие беру 2025 жыл­ғы қараша айына жоспарланған.

Жыл сайын ілгері дамыған Марқакөл өңірінің халқы Мемлекет басшысына, Үкі­метке және облыс әкіміне өздерінің шын­айы алғысын айтып келеді. Тұр­ғын­дар кейінгі жылдары өңірде атқарылып жатқан игі істер мен даму қарқынын ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see159

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see152

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see144

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see143

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see141

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see140

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see137

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see122

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see121

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see119

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see119

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see118

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see117

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see116

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see113

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see112

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see110

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see109

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары