Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Мәжіліс депутаты Altel, Tele2 және Beeline ның тариф саясатын тексеруді талап етті

Мәжіліс депутаты Altel, Tele2 және Beeline ның тариф саясатын тексеруді талап етті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов Премьер-Министр Олжас Бектеновке және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровқа ұялы байланыс операторларының тарифтерді қымбаттатуына қатысты депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жақында Қазақстанның ұялы телефон операторлары – Altel, Tele2 и Beeline ұялы телефонның абонент төлемін 20 пайызға қымбаттайтынын мәлімдеді. Яғни, аталған операторлар  интернеттің де тарифін 20 пайыз өсіреді.

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – қоғам алдындағы парыз» екенін жиі айтады. Алайда, ұялы байланыс нарығындағы алпауыттардың тірлігі бұл ұстанымға мүлде қайшы. 

Расында, елдегі телоператорлардың бұл қадамы – миллиондаған қазақстандықтың қалтасына салмақ салатын шешім. Өйткені, бүгінде телефон мен интернет – халықтың ақпаратқа қолы жеткізуі, жұмыспен қамтылуы, кәсіпкерлік жүргізуі, баланың білім алуы, мемлекетпен байланыс орнатуы үшін ең маңызды құрал. Яғни тарифтің көтерілуі қарапайым отбасылардың бюджетіне ғана емес, олардың өмір сүру сапасына қол сұғу деп бағалауға тура келеді.

Аталған қадам біздің халқымыздың барлық әлеуметтік топтарының қалтасына «қырғидай тиетіні» анық. Қазақстанның халқының барлығы дерлік ұялы телефонды пайдаланады. Осы ақпарат шыққалы еліміздің әр өңірінен сайлаушылар хабарласып, әлеуметтік желілерде, қабылдау бөлмелерінде өздерінің шағымдарын білдіруде. «Күнкөріс қиындап тұрғанда, неге байланыс та қымбаттауы тиіс?», «Неге баға бір мезетте көтерілді?» деген заңды сауалдар қойылуда, - деп атап өтті депутат.

Депутат үш бірдей ірі оператордың тарифті бірдей көлемде, бір уақытта қымбаттатуы қоғамда үлкен күмән тудырып отырғанын айтты.

– Бұл – компаниялар арасындағы бәсекенің емес, өзара келісімнің, үйлесімнің, астыртын ақылдасудың белгісі емес пе?  «Байтал түгіл бас қайғы» дегендей, осындай қадамдардан кейін «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасын ойлаудың өзі мұң болып қалды... Ел Президентінің «Жеке монополия – мемлекеттік монополиядан да сорақы» деген сөзі дәл осындай жағдайларға бағытталып айтылғандай.

Әдетте бәсекелі нарықта әр оператор өз стратегиясын бөлек-бөлек жасайды. Бірі бағаны төмендетеді, бірі акция жасайды, енді бірі қосымша қызмет ұсынады. Бұл жағдай – қарапайым тұтынушылардың құқығын таптау деп есептейміз. Себебі: баға өседі, бірақ нарықта балама оператор жоқ, яғни тұтынушы таңдау мүмкіндігінен айырылады. Нәтижесінде, абоненттерге бажсыз (жай ғана бағаны келісіп көтеру арқылы) жоғары ақы төлеу міндеттеледі, - деді Жанарбек Әшімжанов.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2023 жылдан бері байланыс тарифтері 7–57пайыз аралығында қымбаттаған. Қазақстанда 26,3 миллион мобильді жазылым бар – бұл халық санынан да көп. 18,8 миллион азамат мобильді интернетке тәуелді.

– Бұл цифрлар – мобильді байланыс қазір жай қызмет емес, елдің цифрлық тұтастығын ұстап тұрған стратегиялық ресурс екенін дәлелдейді. Яғни бағаның тұрақсыздығы — экономикалық қана емес, аса үлкен әлеуметтік қауіптің де белгісі. Дәл қазір қоғамда операторлар нарықтағы өзінің үстемдігін пайдалана отырып,  монополиялық келісім жасауы ықтимал деген пікір өрттей қаулап тұр, - деді Мәжіліс депутаты

Осы ретте «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Агенттік мынадай шешімдер қабылдауы қажет деп есептейді:

Интернетті жеткізу, тарату секторларын монополиялық келісім фактілері бағытында кешенді тексеру жүргізу қажет. Үкімет ұялы байланыс нарығын монополиядан арылту шараларын қолға алуы керек. Бұл ретте, мемлекетің қауіпсіздігі мен тұтынушылар мүддесі бірінші кезекте ескерілуі тиіс. Ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыру үшін мүлдем мобильді интернеті жоқ ауылдаға желіні жеткізу бойынша нақты жол картасын даярлау. Аталған компаниялар өздерінің ұялы телефон интернет нарығындағы үстем жағдайын пайдалан отырып, өзара баға жөніндегі келісімнің бар-жоқтығын анықтау керек. Аталған компаниялар ұялы телефон, интернет  нарығына  заңсыз ерекше құқықа ие.  Бұл ерекше құқықты бұзу үшін осы нарықтағы  нарығына басқа қатысушыларды енгізу қажет, яғни бәсекелестікті арттыру керек. 

- Аталған шаралар Президент Тоқаев атап өткендей «бағаны тұрақтандырудың» басты факторы болады, - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 17:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары