Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

Тарихи негізі берік татулық

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Тараз көтерме тарату орталығына барды

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Тараз көтерме тарату орталығына барды

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев бастаған партияның Бақылау-ревизиялық комиссиясының төрағасы Болат Өтепбаев, партия филиалының жетекшісі әрі Астана қалалық маслихатының депутаты Асқар Смағұлов Жамбыл жеріне арнайы сапармен келді, деп жазады Egemen.kz.

Азат Тұрлыбекұлы «Ақ жол» демпартиясының Жамбыл облыстық филиалында мәслихаттардағы депутаттардың ағымдағы жұмыстары жөнінде кеңес өткізді.

«Бүгінде Жамбыл өңірінде облыстық, қалалық және аудандық маслихаттарда партиямыздың атынан 19 депутат қызмет етуде. Өткен аптада Қостанайда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумын өткізген болатынбыз. Кеңес отырысында осы жиында көтерілген мәселелерді қортындылап, өңірлердегі әріптестеріміз үшін өзекті проблемаларды талқыладық.

Партияластар тарифтер мен монополистердің өкілеттігін асыра пайдалануын, инфляция мәселесі және халық тұтынатын тауарларды (киім, аяқ киім, азық-түлік) өндірушілерді, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерді қолдау қажеттілігі, сондай-ақ кеден саясатының тұрақтылығы мен болжамдылығы мәселелерін көтерді. Қант зауыттарының бірінде агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай бойынша кеңес өткізу туралы ұсыныс жасалды. «Ақ жол» демпартиясы фракциясынан «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заң жобасын талқылауға барынша қатысып, депутаттар мен мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мен күшейтуге қол жеткізуді сұрады. Олар мәслихат төрағаларының депутаттар қызметін шектеу бойынша жоспарларына, мысалы, түсініксіз сылтаулармен сессияларға қатысуды шектеу мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

Өңірдегі өкілдеріміз Парламенттің алдағы конституциялық реформасын қолдайды. Президент Қ.Тоқаевтың АҚШ-қа сапарын қызығушылықпен талқылап, Жамбыл облысының өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешеніне шетелдік инвестициялардың өсуін атап өттік», - дейді Азат Перуашев.

Бұдан соң Азат Тұрлыбекұлы бастаған топ: партияның Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков, облыстық мәслихаттың депутаты Дәурен Ахметжаев және Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Руслан Мырқалықов, Бауыржан Найзақұлов, Шахан Байкенжеевпен бірге Тараз көтерме тарату орталығына барды.

Халық қалаулыларын орталықтың құрылтайшысы Алтай Карабеков қарсы алып, инфрақұрылым, логистикалық мүмкіндіктерін таныстырды. Сондай-ақ аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі орталықтың рөліне тоқталып өтті.

Тараз көтерме тарату орталығы – ауыл шаруашылығы өнімдерін жинақтап, сақтау және аймақтық нарыққа тиімді таратуға арналған заманауи кешен. Мұнда салқындатылған сақтау қоймалары, жүк түсіру мен жөнелту алаңдары, сондай-ақ өнім сапасын бақылау жүйелері қарастырылған. Бұл орталықта 10 мың тоннаға дейін көкөніс өнімдері сақталады.

Осы арқылы аймақ тұрғындарына көкөніс өнімдерін тиімді бағада таратуға мүмкіндік бар. Бұл бір жағынан баға бағамын тұрақтандыруға септігі мол.

Азат Тұрлыбекұлы орталықтағы жұмыс процесімен танысып, орталық арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыға тікелей жеткізетін тетіктерге, фермерлермен өзара әрекеттесу мен логистика саласындағы туындайтын мәселелерге назар аударды.

Бүгінде Тараз көтерме тарату орталығында жалға алу негізінде Rich Gold компаниясы да өз жұмысын жүргізіп отыр. Заманауи кәсіпорын жеміс-жидектерді өңдеп,  шырын, пульпа, пюре және концентраттар өндіреді. Компания өндірілетін отандық өнімдердің үлесін арттырып, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосуды көздейді.

Кәсіпорын жеміс өсіретін дихандармен тығыз әріптестік орнатқан. Осы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өнімдерін сатып алып, олардың еңбегін тиімді етуге көмектесіп келеді. Rich Gold-тың өндірге табиғи, экологиялық таза және пайдалы өнімді тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қараша 2025 01:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see155

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see154

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see146

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see135

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see129

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see127

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see125

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see123

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see122

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see122

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see122

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see122

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see120

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see119

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see119

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see119

26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

25 Қыркүйек 2026 22:07see118

Қазақстан Қытаймен мәңгі достықты нығайтуға баса мән береді Тоқаев

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Тарихи негізі берік татулық

26 Қыркүйек 2026 05:24see113

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қаза болу мән жайын тергеп жатыр

25 Қыркүйек 2026 08:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары