Мексикада жер сілкінісінен екі адам опат болды
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Мексиканың оңтүстігінде болған 6,5 магнитудалы жер сілкінісінен екі адам опат болды. Герреро штатында 50 жастағы әйелдің баспанасы опырылып, қиранды астында көз жұмды.
Ал Мехикодағы 67 жастағы ер адам көпқабатты үйден қашып шықпақ болғанда қаза тапты. Қуатты жер дүмпуінен бірқатар ғимарат, аурухана мен жолдар бүлінді. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметтеріне қарағанда, зілзала Герреро штатындағы Тынық мұхитының жағалауында 35 шақырым тереңдікте тіркелген.
Морелос, Халиско, Оахака, Табаско, Колима штаттары мен елдің астанасында да анық сезілді. Жер сілкінісінен соң 1 мыңға жуық ілеспе дүмпу болған. Сондай-ақ табиғаттың тосын мінезі Мексика президенті Клаудия Шейнбаумның баспасөз мәслихатын тоқтатып, журналистер мен өзге де қатысушыларды президенттік сарайдан эвакуациялауға мәжбүрледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:77
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қаңтар 2026 16:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















