Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсуі мүмкін

Мектептегі мәселе: ата ана айыппұл арқалайды

Мектептегі мәселе: ата ана айыппұл арқалайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Енді оқушылардың оқу процесі кезінде смартфон ұстауына заңмен тыйым салынады, яғни «Білім туралы» заңның 47-бабының 10.1-тармағына сәйкес, сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануға болмайды. Егер оқушы айтылған тәртіпті бұзса, оның ата-анасы немесе қамқоршысына 5АЕК көлемінде, шамамен 20 мың теңге айыппұл салынады.

Вице-министр Майра Мелдебекова Сенатта өткен брифингте «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы бойынша алдымен ескерту жасалады. Ал құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл салынады» деп нақтылап айтқан еді. Білімнің сапалы әрі жүйелі берілуінде тәртіп пен заңның берік болуы, әлбетте, қуантарлық жайт. Заңның мақсаты да – баланың сабаққа көңіл бөлуін қадағалау. Телефон қоңырауы, әлеуметтік желінің әлегі баланың білім алуына да, денсаулығына да зиян тигізері айтпаса да түсінікті. Десек те, білім саласының мамандары айыппұл салу арқылы мәселені түбегейлі шешу қисынға келмейді, білім саласына, шынымен де, алаңдайтын болсақ, мәселені реттеудің нақты тетігін жасау керек деген ұсыныстар айтты. 

Сонымен, заң бекіді, жаңа заңға сәйкес мектептердің тәртіпке қаншалықты бағынып жатқанын анықтау үшін Алматы қаласындағы мектептердің біріне қоңырау шалып, жағдайды білуге тырыстық. №58 мектептің тарих пәнінің мұғалімі, сынып жетекші Самал Қабдолдақызы  жағдайды баяндап берді.

– Бұрын оқушылардан телефон жинай­тынбыз, кейін оқушылар әртүрлі платформаны, білім алуға қажет ресурстарды пайдаланып, көп жағдайда технологиялық құралдармен жұмыс істейтіндіктен, телефонын алуды қойдық. Смартфонды ТЖБ, БЖБ кезінде жинап аламыз, қалған уақытта оқушының өзінде, алайда мұның да зияны тиіп жатыр. Ескерту жасап, телефонын алсаң, «емізігін тартып алған баладай» түрі бұзылып, не істерін білмей кетеді. Айыппұл салу мәселені толық шешеді деп ойламаймын. Ата-ана бірнеше рет төлеуі мүмкін, сосын оның да жүгі болмай қалады, – дейді 20 жылын білім саласына арнаған тәжірибелі ұстаз.

Оның айтуынша, телефонды оқушы мектепке келгенде, жинап алған дұрыс-ақ, алайда көп функциясы бар сынып жетекші үшін қиындығы жетеді. 

– Оқушылар асханада төлем жасауым керек, ата-анама хабарласуым керек деп түрлі жағдайын айта бастайды. Оқу процесінде технологиялық құралдарды пайдалану қажет болады. Сынып жетекші өз пәнінен сабақ бере ме, әлде әр оқушының жағдайымен ай­­налыса ма? Сынып жетекші де, пән мұғалімі де, ҰБТ-ға жауапты да, тәрбиеге қарайтын да бір адам. Бәріне де жауапты сол – бір мұ­­ғалім. Қазір ұстаздардың өзі шаршап кетті. Сол себепті де реттейтін бір тәсілдің, нақты ше­шімнің болғаны жөн, – дейді С.Қабдолдақызы.

Мұғалім оқушылардың телефонға әуестігі сабақ уақытында кедергі тигізетініне келіседі. Оның сөзінше, телефонға минут сайын қарамаса, отыра алмайтын балалар бар. 

– Балалардың қазір не көріп отырғанын да білмейсің. Кейбір оқушылар «Апай, тұра тұрыңыз, тұра тұрыңыз, мынаны өлтіріп алайық, атайық, шабайық» деп ойынның ішіне түсіп кетеді. Адам өлтіру, ату дегенді қиналмай айтады. Бала еңкейіп, партаның астынан қарап отырады. Жетіліп келе жатқан ұл-қыздың физиологиясы өзгеріп барады. Төмен қарап отыра бергеннен, қанайналым жүйесі дұрыс болмайды. Қан жүрмеген соң мидың жұмысы істемейді. Энергия болмайды, ұйқы кеп, түсіндіргеніңді тыңдай алмайды, – дейді ол.

С.Қабдолдақызы осылай жалғаса берсе, балалар денсаулықтан да, ойлаудан да айы­рылады, ойлана алмайтын ұрпақ тәрбиелеп жатқанымызға қорқамын деп алаңдайды. Бұл мәселе ел жұртын ғана емес, дамыған елдерде де өзекті болып тұр. Қазір Францияның бастауыш мектептерінде смартфон ұстауға тыйым салынған, ал 200 орта мектепте «сан­дық үзіліс» пилоттық жобасы іске асып жатыр. Оқушылар құрылғыларын жеке шка­фына сақтап, құлыптап қоюға тиіс. Италияның бастауыш және орта мектептерінде телефон ұстауға болмайды, тек ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін мұғаліммен қолдануға болады. Нидерландта да талап солай. Эстония тәсілі мүлде өзгеше, елде смартфонды оқу құралы ретінде оқытуға қатысты пәндер бар. Жоғары сынып оқушы­ларына ЖИ акаунт­тары беріліп, сабақ өтіледі. Финляндия мектептерінде оқушылардың білім алуына арнайы планшеттер беріледі, мектептер толық цифрлық технологиямен қамтамасыз етілген. Ал С.Қабдолдақызы еліміздегі жағдайды реттейік десек, мектептерді технологиямен толық жабдықтау қажет дейді. 

– Қазір ЖИ технологиясын меңгеруіміз керек деп жатырмыз. Мектептегі барлық кабинетте цифрлық құрылғы, техникалық мүмкіндік болса, смартфонның оқушыға керегі де болмайды. Сабақта пәндік кабинеттерде керегін пайдаланып, оқуын жалғастыра береді. Қаланың ортасында отырсақ та, интерактив тақта жоқ, интернет қосылмайды. Әрине, кей кабинеттерді реттеп жатыр, бірақ толық қажетімізді өтемей тұр. Ұстаздардың өзі де цифрландыруға толық­қанды дайын емес, сондықтан телефонның көмегіне жүгінеміз, – дейді ұстаз. 

Бұл мәселе төңірегінде Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, Құрметті ұстаз Аягүл Миразованың пікірін білдік. Ұстаздың айтуынша, Корея, Жапония, Сингапур сынды дамыған елдерде де оқушылар мектепте телефон ұстамайды. Бұл мемлекеттер техниканың нағыз дамыған аймағы бола тұра телефон ұстатуға қарсы, ал білім беру жүйесі өте жоғары деңгейде дейді. Ұстаз айыппұл төлеумен мәселе шешіле салмайды дейді, тіпті кейбір бала ата-анасының айыппұл төлегенін шыбын шаққан құрлы көрмеуі мүмкін.  Бұл заң – алғашқы ұсыныстардың көрінісі. Бұдан ары қарай нақты, нәтижелі шешімін бекіткен жөн. Бұл орайда елдегі ақылы мектептердің жүйесін негізге алып, әрекет етуге боларын ұсынды.

– Елімізде базасы жан-жақты жабдық­талған, қалыптасқан ақылы мектептер бар, онда балаларға сабақ уақытында телефон ұстатпайды. Оқушылар мектепке кіргеннен бастап телефонын есік алдына қалдырады. Бір жағдай болса, бір жері ауыра қалса, ата-анасына хабар бере алмайды деген ой туса, онда интернеті жоқ, Tik Тok, Instagram-ы жоқ кнопкалы телефонды ұстатады. Бұл өте дұрыс. Балаларымыз қаласақ та, қаламасақ та, телефонға байланып қалды, ойланып отырғаннан гөрі телефоннан тез қарай салғанды құп көреді. Денсаулығы жоқ бала болмаса, білім алуға бәріне бірдей мүмкіндік бар. Мүмкіндікті жойып отырған  қолдағы телефон екені даусыз. Заңды қуана-қуана қабылдау керек, енді заңның нақты орындалу үшін жүйе керек, – дейді Аягүл ұстаз. 

Телефонды қайда, қалай өткізеді деген мәселе тағы қылаң береді. А.Миразова айтқандай, ақылы мектептерде бұл мәселені реттейтін арнайы мамандар бар, штат та жеткілікті. Сынып жетекші тек оқушының жағдайына, үлгеріміне, тәрбиесіне көңіл бөледі, сондықтан да сапалы жұмыстан нәтиже бар. Оқушының телефонды өткізетін де, қайта алатын да мүмкіндігі бар. Өкінішке қарай, жалпы білім беретін мектептерде мұндай мүмкіндік жоқ. 

– «Сөмкеңе салып қойып, пайдаланба» дегеннен нәтиже болмайды. Баланың аты – бала. Ол жыбырлап, сөмкесінің ішінен оны алып шығып, неше түрлі айласын асырады. Ұстаздар болып, ата-ана болып, Үкімет боп осының игі жағын ойластырып, дұрыс шешімін тапқан маңызды. Ал смартфонын үйге бар­ғанда, тапсырмасын қарауға, қосымша ізденуге, ЖИ құралдарын қолдануға болады, әрине. ЖИ технологиясын да електен өткізіп, қалай пайдалану керегін уақыт өте әдебін үйренерміз. Толық игеруге дейін оның да біраз қиындығы болады, – дейді білім саласының жанашыры. 

Әлеуметтік желі оқырмандары да жаңа заңға қатысты түрлі ой-пікір білдіріп, қыран-топан талқыға айналдырды. Ата-аналар жүйелі жағдай жасап, әр оқушыға жеке шкаф немесе телефон сақтағыш жәшіктің болғанын дұрыс дейді. Астана қаласының тұрғыны, ата-ана Алма Нұрғазықызы да сабаққа кірмес бұрын телефон жинауға келіседі. 

– Сабақта жинап алған дұрыс, үзілісте асханаға барарда, маңызды жағдайда ғана қолдануға болар. Негізі, смартфон көп кедергі келтіреді. 5АЕК деген көп болар, ата-аналар алда шу шығаруы мүмкін. Одан да күрделі мәселе көп. Мәселені әр мектептің ішкі тәртібіне байланысты, айыппұлсыз-ақ шешуге болады. Басшылыққа да байланысты, бағындыра алса, шешудің жолы көп. Бұлай бола берсе, ұстаздар да ұстамасын деп шығуы мүмкін, оқушы ұстазға қарап бой түзейді емес пе? – дейді А.Нұрғазықызы. 

Ұзақ жыл мектепте басшылық қызметте болған Аягүл Миразова заман талабына сай технологиялық құралдармен достасу қажет болса да, ұстаздардың білім саласында немқұрайды болмауын ескерте өтті.  

– Бор мен тақтада берген білім тайға таңба басқандай миымызда сақталып қалды. Қазір техникалық құрал керек, бірақ орнымен пайдалану керек. Ұстаздарға да айтарым сол, техникаға байланып қалмау керек. Бала бойында, ойында бұл білім ұзаққа қалмайды, – дейді А.Миразова.

Ұстаздың пайымдауынша, смартфонның пайдасымен зияны да қатар тиіп отыр, мәселен адам шошырлық оқиғалар, бала суициді де тікелей телефон әсерінен. Заң барына қуанасың, бірақ жүйе болмаса, келеңсіз оқиғаның азаярына күмән арылмайды.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 05:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

29 Маусым 2026 20:49see124

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

29 Маусым 2026 23:54see121

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

30 Маусым 2026 00:07see118

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

29 Маусым 2026 12:57see117

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

29 Маусым 2026 11:02see117

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

29 Маусым 2026 10:00see116

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

29 Маусым 2026 18:42see116

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

29 Маусым 2026 18:04see116

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

29 Маусым 2026 11:02see116

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

29 Маусым 2026 12:56see115

Астанада полиция формасын киіп пранк түсірген блогер 10 тәулікке қамалды

30 Маусым 2026 16:16see113

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

29 Маусым 2026 10:14see113

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

29 Маусым 2026 17:49see113

Биыл Еуразия халықаралық байқауында қанша номинация болады

30 Маусым 2026 15:53see112

Бурабайдағы көл суы тексерілді: Министрлік алғашқы нәтижелерді жариялады

30 Маусым 2026 18:55see112

Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

30 Маусым 2026 15:16see112

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр Тоқаев

30 Маусым 2026 15:25see111

Макрон ресми іс шарада тағы да қара көзілдірікпен көрінді

30 Маусым 2026 15:42see111

Әлеуметтік желіде мешіт пен медресеге ақша жинайтындар көбейді

30 Маусым 2026 16:10see109

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өсуі мүмкін

29 Маусым 2026 23:53see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары