Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Менің атым Қожадағы Рахманов мұғалімнің сіз білмейтін тағдыры

Менің атым Қожадағы Рахманов мұғалімнің сіз білмейтін тағдыры

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Кененбай Қожабеков – қазақ театр және кино өнерінде тұрақты із қалдырған актер. Оның сахнада да, экранда да жасаған бейнелері кәсіби даярлыққа, мінезді дәл беру шеберлігіне және нақты психологиялық бақылауға негізделген. Театрдағы алғашқы кезеңі қалыптасып келе жатқан ұлттық актерлік мектеп талаптарымен ұштасып, кейін киноға өткенде осы дайындық экрандық жұмыстарында анық көрінді.

Өміріндегі ауыр жарақат оның шығармашылық жолын күрделендіргенімен, ол өнерден қол үзген жоқ. Жағдайға бейімделіп, киноға қайта келуі оның табандылығын көрсетеді. К. Қожабеков сомдаған рөлдердегі қарапайымдылық, қысқа әрі анық актерлік шешімдер оның стилінің негізгі белгісіне айналды. Бұгінгі мақаламызда актердің қалыптасу кезеңі, театр мен кинодағы жұмыстары, өміріндегі шешуші оқиғалар және оның шығармашылық мұрасының мәні қарастырып көрмекпіз.

Кененбай Қожабеков 1928 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылында дүниеге келген. Ауылда өскен баланың өмірі еңбекпен, әртүрлі мінезді адамдармен араласумен өтті. Бұл кейін рөлдеріндегі тұрмыстық образ және адамдардың табиғи мінезін беруіне ықпал еткенін байқауға болады дейді кинотанушылар. Мектептен кейін ол Алматыдағы театр-көркемсурет училищесіне түсіп, актерлік мамандықты кәсіби түрде оқып,  сахнада қозғалу, сөйлеу, рөлді талдау сияқты негізгі пәндерді меңгерді. Оқу барысында актерлікке қажетті тәртіп, материалды тез игеру дағдылары қалыптасқан екен.

1950 жылы училищені бітірген соң Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрына жұмысқа қабылданды. Театр репертуары түрлі жасқа арналған қойылымдардан тұрды, сондықтан жас актерге әртүрлі мінезді кейіпкерлерді ойнауға тура келді. Бұл тәжірибе оның рөлге тез бейімделуіне, керек образды қарапайым әрі түсінікті жеткізуіне үйретті дейді зерттеушілер.

Осы жылдары К. Қожабеков актер ретінде қалыптасты. Театрдағы тұрақты жұмыс оның кәсіби негізін бекітіп, кейін киноға келгенде қысқа, нақты ойнау стилін қалыптастыруына мүмкіндік берген деп жазады білетіндер.

Кененбай Молданұлының кәсіби жолы театрдан басталғанымен, ол ерте кезеңнен-ақ киноға да назар аударды. 1949–1950 жылдары алғашқы рет фильмге түсіп, «Алитет уходит в горы» картинасында Айе рөлін сомдадады. Бұл рөл оның киноға бейім екенін көрсеткен алғашқы жұмыс болды. 1950–1960 жылдары ол балалар мен жасөспірімдер театрында тұрақты жұмыс істей жүріп, киноға эпизодтық рөлдерге шақырылып тұрды. Театрдағы тәжірибе оған камера алдындағы жұмысқа қажетті жинақылықты берді: сахнадағыдай қатты әрекетке емес, бейненің ішкі мазмұнына көңіл бөлуге үйретті.

1958 жылы Кенекең «Қазақфильм» студиясының актерлік құрамына қабылданды. Бұл кезеңнен бастап оның киноға қатысуы тұрақты еді. Ол түрлі жанрдағы фильмдерге түсе бастады: тарихи, драма, балалар фильмі, заманауи тақырыптағы картиналар. Рөлдері де әртүрлі болды, жас жігіттен бастап жасы үлкен кейіпкерлерге дейін ойнады. Оның актерлік ерекшелігі "бейненің мінезін бірнеше нақты штрихпен жеткізу" дейді кино зерттеушілері. Сол себепті режиссерлер оны күрделі емес, бірақ есте қалатын рөлдерге жиі шақырған екен. Аздаған жылдан кейін К. Қожабеков киноға толық ауысты деуге болады. Кино саласында ол рөлді қысқа әрекеттермен, анық мінезбен беру арқылы өз орнын тапты.

1960 жылы К. Қожабековтің өмірінде  ауыр жағдай болды. Театрдан шыққан сәтте белгісіз біреулердің соққыға жыққан. Сол кезде омыртқасынан ауыр жарақат алады. Жарақат салдарынан ол арбаға таңылды және сахнаға қайта оралу мүмкіндігі болмай қалды. Театрда белсенді жұмыс істеп жүрген жас актер үшін бұл жағдай кәсіби өмірін күрт өзгерткен бетбұрыс болды. Денсаулығына байланысты театрдағы қызметін тоқтатуға мәжбүр болғанымен, ол өнерден толықтай қол үзген жоқ. Уақыт өте келе жағдайына бейімделіп, киноға қайта оралды. Камера алдындағы жұмыс оған қозғалысты аз талап ететін рөлдерді орындауға мүмкіндік берді. Осы кезеңнен бастап ол фильмдерге жиі шақырылып, эпизодтық немесе мінездік рөлдерге түсуді жалғастырды.

Бұл оқиға оның шығармашылық жолын қиындатса да тоқтатпады. К. Қожабеков жағдайына қарамастан жұмысын жалғастырып, киноға бейім рөлдерді орындаумен өз орнын тапты. Оның кейінгі фильмдердегі бейнелері қысқа, нақты әрекетке құрылған болды, бұл оның стиліне де, мүмкіндіктеріне де сәйкес келді.

Енді Кененбай Қожабековтың жалпы фильмографиясы жайлы бірер сөз. Ол 1949 жылдан бастап киноға түсіп, түрлі жанрдағы картиналарға қатысты. Рөлдердің көбі көлемі жағынан үлкен болмағанымен, ол ұзақ жылдар бойы экраннан көрініп отырған тұрақты актерлердің бірі болды. Кинода ол отыздан астам рөл сомдаған екен.

Көрермендер, әсіресе, оның үш бейнесін ерекше атап өтеді: «Менің атым Қожа» фильміндегі Әмірқұлды, «Қыз Жібектегі» хан Сырлыбайды және «Жамбыл» фильміндегі Нәдірді. Осы рөлдер арқылы Қожабеков көпшілікке жақсы танылады және оның аты қазақ киносының белгілі кейіпкерлерімен қатар аталады.

Кененбай Қожабеков 1988 жылы дүниеден өтті. Өміріндегі ауыр оқиға оның шығармашылықтан толық алыстап қалуына себеп бола алмады. Керісінше, киноға қайта оралуына түрткі болған тұстары да байқалады. Қозғалысы шектеулі болса да, ол жұмысын жалғастырып, өзіне қолайлы рөлдерді сомдауды тоқтатқан жоқ. Қалай десек те, оның өнер жолы қажымас қайраттың үлгісі болып қалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 12:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see165

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see157

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see150

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see148

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see147

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see146

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see144

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see142

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see140

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see139

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see138

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see135

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see120

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see119

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see117

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see116

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see116

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see114

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары