Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Менің атым Қожа қуыршақ бейнесінде

Менің атым Қожа қуыршақ бейнесінде

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бердібек Соқпақбаевтың қаламы­нан туған шығарма бүгінде өз оқырманын жоғалтқан емес. Классикалық туындының әдебиетте өміршең болуы да жазу­шының шығармашыл қабілеті мен оқи­ғаның шынайы өмірмен қабысып жатуында. Сондықтан да болар, қойы­лым­ды тамашалауға келген көрермен ара­сынан балалардан өзге ересектерді де кез­дестіруге болады. Себебі қазақ әдебиеті мен мәдениетімен сусындап өскен әрбір қа­зақ бұл шығармадан өзінің қайталанбас ба­лалық шағын табады. Білместікпен жа­саған бала кездегі қателіктері мен шек­сіз­дік­ке ұласқан арман-қиялын көреді. Қай жас­тағы көрерменге болмасын, бұл шы­ғар­ма сонысымен құнды әрі ыстық. 

Атап өтерлік маңызды жайт, бұл қуыр­шақ театрының мерейлі 90-маусымдағы ке­зекті премьерасы. Өнер ордасының бас­шысы Алмат Амангелді осынау мерей­той­лық маусымда танымал шығарманы қуыршақ үлгісіне бейімдеудің де өзіндік мес­седжі бар екенін жеткізді.

– Біз үшін Бердібек Соқпақбаевтың шы­ғармасын қуыршақ театры сахнасына шы­ғару – үлкен жауапкершілік. Бұл туын­ды әр буынның жүрегіне жол тапқан. Енді сол рухани мұраны қуыршақ өнері арқылы жаңғыртып, жас көрерменге жеткізу – біздің басты мақсатымыз, – деді Мем­лекеттік қуыршақ театрының директоры А. Амангелді.

Қойылымда басты рөлді сомдаған ак­тер – Ерсұлтан Тезекбай. Ол Қожа бей­не­сін сахнаға алып шықпас бұрын шығар­маны қайта оқып шыққан. Актер кейіп­кер­дің ішкі жан дүниесін зерттеу бары­сын­да өзінің балалық шағы таспаланған бей­не көз алдынан өткенін айтады. Дәл осы қойылымда оның балалық шағымен үн­десетін эпизодтар да кездеседі. 

– Рөліме дайындық барысында бала­лық шағымның көптеген естелігі ойға орал­ды. Жазғы демалыста ата-әжеміздің қо­лында болдық. Сол уақытта атқа мініп, ауыл аралап, ұлттық тағамдардан дәм та­тып, асық ойнап өстік. Қожа сияқты біз­дің де талай тентектігіміз болған. Алайда Қожаның сыртқы келбеті бұзық болып кө­рінгенімен, ішкі жан дүниесіне үңіл­сеңіз, ол өте мейірімді, ақылды кейіпкер. Қожаның әкесіне деген сағынышы мен ана­сына деген махаббаты ерекше әсер қал­дырады, – деді Ерсұлтан Тезекбай.

Басты рөлді сомдаушы Қожаның об­разындағы негізгі құндылық  жауап­кершілік пен ерік-жігер деп санай­ды. Қателікке бой алдырса да оны түсініп, өз-өзінен есеп ала білуі қазір де өзектілігін жоймаған қасиет. «Қожа әкесінің тәр­бие­сін көрмесе де, әке орнын жоқтатпай, ана­сының ақылын тыңдап, үмітін ақтауға талпынуы  үлкен тәрбие деп білемін», – деді ол. Сондай-ақ біз актерден Қожаның бойындағы өзіне тән ұқсас қасиеттер ту­ралы сұрап көрдік.

– Бала кезімнен көбі сырт келбетіммен қа­тар, мінезімнің кейбір тұстары да Қо­жа­ға ұқсайтынын айтатын. Қожаның бойындағы тентектік, әр нәрсені көрсем деген қызығушылық әрбіріміздің  балалық шағымызда болған құбылыс секілді. Әрине, кейіпкерімнің бойындағы осы бір қылықтар кезінде менің де бойымнан та­былды. Балалықпен көп нәрсені бүлдірген де, көп адамды күлдірткен де кездерім болды, – деді ол.

Қойылым режиссері Еркебұлан Қаб­дыл­дың сөзінше, классикалық шығар­ма­лардың өміршеңдігі – олардың адамзат тари­хымен бірге жасасып келе жатқан тақырыптарды қозғауында. Ұрлық, өтірік, бул­линг секілді мәселелер – кез келген қо­ғамда кездесетін, адамның мінез-құл­қы­мен байланысты құбылыстар. Театр ұжымы «Менің атым – Қожа» қойылымы арқылы көрерменге жаман қылықтың түбі қайда апаратынын көрсетіп, балаларға дұрыс пен бұрысты ажырата білуді үй­ретуді мақсат еткен.

 – Бұл идея менің ойымда бұрыннан жүр­ген болатын. Қуыршақ театрының ау­диториясы негізінен балалар, сон­дық­тан м­ұндай классикалық туынды дәл қуыр­­­­­шақ театры сахнасында қойылуы тиіс. Көрермен «Менің атым – Қожаны» көріп, кейін шығарманы оқыса немесе фильмін көруге ықылас танытса, мақса­тымыздың орындалғаны. Қойылымды қуыршақ арқылы сахналаудың өзіне тән ерекше табиғаты бар. Егер драма теат­рын­да актерлер оқиғаны шынайы кейіпте жет­кізсе, қуыршақ театрында бұл міндетті кейіп­керге жан бітіретін қуыршақтар атқарады, – деді режиссер. 

Актерлік ұжым үшін балалардың назарын бірден өзіне аударатын көрініс­терді құрастыру, олардың қызығушы­лы­ғына лайық шешім табу біршама ізденісті талап еткен. Сондай-ақ қойылым режис­сері Қожаның образы бүгінгі балаларға да жақын екенін атап өтті.

– Қожаның бойындағы қасиеттер – әрқайсымыздың ішімізде бар мінез. Ме­нің де бала кезімде Қожаға ұқсайтын қылықтарым болған. Қазіргі балалардың бойында да осындай бұзықтық сипаттар кездеседі деп ойлаймын. Сондықтан Қожаның образы балалар үшін қызықты. Өйткені Қожа мен Сұлтанның жасаған қылығын қазіргі балалардың өзі де қай­талайды, – деді Е. Қабдыл. 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары