Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Мұғалім, дәрігер, әкімге де медиацияның қыр сырын үйрену керек медиатор

Мұғалім, дәрігер, әкімге де медиацияның қыр сырын үйрену керек медиатор

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

— Қазір шаңырақ шайқалмас үшін түрлі орталық, ұйымдар жұмыс істеп тұр. Оған медиация қосылды. Мұның қандай да бір пайдасы бар ма? Неге отбасындағы кикілжің толастамай тұр?

— Бұл сұрақ мені де жиі ойландырады. Біз тәлім-тәрбиені баламыз кішкентай кезде, бәлкім мектептен бастауымыз керек шығар. Салт-дәстүрге, тарихқа негіздеп, бойына сіңіре білсек дейміз. Тарихшы С. Созақбаевтың «Жеті жарғы» кітабы ең құнды дүние әрі бала тәрбиесіне қажетті бағдар. Жалпы саралай келе отбасындағы тәрбие 90-жылдары ақсай бастағанын көріп отырмыз. Сол кезде білімді, білікті адамдардың көбі жұмыс таба алмады, мамандығын тастап, саудаға көшті. Ал сауда істеген адам таңнан кешке дейін базарда, одан қалса тауар тасуға өзге өңірге жолға шықты. Мұның бәрінің салдары қазір білініп, көріп жүрміз. Жасы 40-тан асқандар арасында анасына дауыс көтеріп, жекіп сөйлейтіндер бар. Қалай тоқтатамыз? Енді мектепте отбасы құндылығы туралы сабақ өтуі тиіс. 

— Тәрбие сағаты аз ба? 

— Бұл аздық етеді. Ең болмаса мәдени-ағартушылық іс-шараларда отбасындағы қарым-қатынасты насихаттап, ата мен немере, әкесі мен баласы, анасы мен қызы арасындағы байланысты көрсетіп, ізет-ілтипатты насихаттаса дейміз. Күн сайын ата-анасы баласына үлгі болып, айтып отырса бала да жақсы тәрбие алып, бойға сіңіріп өседі. Мәселен Ойыл ауданында Келін клубы, Ене клубы бар. Ақтөбе қаласына да дәл осындай клуб керек.

Көбіне жастарға жылы сөз жетпейді. Маған бір іс түсті. Жас келін таяқ жеген, жаны жаралы. Ол арыз жазу үлгісін сұрады, күйеуін қылмыстық жауапқа тартқысы келді. Үш баласы бар ана. Ер адам сотталса баласына да, әйелге де қиын. Күйеуі жұмыстан үйге келген кезде анасы түрлі нәрсені сылтауратып, жамандайды. Көңілі қалған ер азамат бар өшін әйелінен алады. Медиацияға арыз жазды. Біз жолдасын шақырдық. Кабинетке дардай басшы келді. «Тез айтыңыз, неге шақырдыңыз?» деді ашуланып… 

— Олар келуге міндетті ме? 

— Ешкімді күштемейміз, міндеттемейміз. Бірақ «келіп кетсеңіз, ақылдасайын деп едім» деген соң ғана біздің есігімізді қақты. Бұйырмаймыз, өтінеміз. Медиатор сот секілді қадап айтпайды, жылы сөйлеп, жәрдем береміз. Біз судья, прокурор, қорғаушы, тергеуші, анықтаушы емеспіз. Тек екі ортадағы көмекші, делдалмыз. Шын мәнінде күйеуі де жұмыстан, отбасынан шаршаған. Жұмыста тексерулер болды, үйге келсе айқай-шу. Одан анасын ертіп әкелуін сұрадым. Анасы әдемі әже. Баласының нағыз азамат болғанын, ал ендігі кезек немерелерінде екенін айттым. Ол үшін келініне демеу болып, кішкентайларын бірге тәрбиелеуі керек. Адам алдыңа келгенде түзу жолға салар сөз өздігінен құйылады. Ене мен келінге тағдыры бір, өмірі бір-біріне байлаулы екенін айттым. Расымен де мәселенің мәнісі анықталды. Екі қабатты үй көптің көкейін тескен екен. Алты қызы бар, бұл жалғыз ұл. Қыздардың да көздегені сол баспана болып шықты. Кейін үйді келіннің атына аударуды сұрады. Бірақ мен келін мен үш балаға теңдей жазып бердім. Біраз уақыттан кейін келін келіп, алғысын айтты. 

Кейде адамдарға қатты сөйлеуге тура келеді. Әке-көке деп айтса, естімейді. Нақты шешімін айтсам, көнеді. Темір ауданында алты бала бір баланы ұрып-соқты деп айыпталып еді. Бұл оқушыларға қатысты іс. Сол айыпталушылардың бірі мен жәбірленуші таяуда медиациялық келісімге келді. Кешірім сұрады, нәтижесінде шартты жазаға кесілді. Ұрып-соғу, ұрлық, алаяқтық істеру бойынша сотталғандарды түзету мекемесіне жіберу дұрыс емес. Төбелессе де, ұрлық жасаса да қоғамдық жұмысқа міндеттеу керек. 

Фото: Светлана Балпейісованың жеке архивінен

— Қазір қоғамдық жұмысқа тарту, жұмыс істеуге міндеттеу жазасы қолданылып жүр…

— Бұрын айтқанмын, қазір іске асып жатыр. Қоқыс жинасын, жусын, тазартсын. Басшыны да, басқасын да қара жұмысқа міндеттеген дұрыс. Кешке үйіне барып, бала тәрбиесімен айналыссын. Ал бізде ұсақ қылмыс жасаған адамды да түзету мекемесіне жібереді. Олардың тамағы дайын, жатын орны бар. Ал әйел баламен жалғыз қалып, соны асырайды. 

— Медиаторлардан көбіне кімдер көмек сұрайды? Жәбірленуші ме, әлде сотталушы ма?

— Көбіне жәбірленушілер жүгінеді. Әйелдермен қатар ер адамдар да медиатор көмегін алып жүр. Бірде қала тұрғыны келді. Үйі бар, әйеліне көлігін алып берген, бизнес бастауға көмектескен. Екі баласы бар. Бір күні әйелі бөлек кететінін айтқан. Мен әйелімен екі апта бойы сөйлестім. Ұрмайды, соқпайды, жат қылығы жоқ. Тек бір шаңырақта тұрғысы келмейді. Әңгіме арасында анасының үшінші рет тұрмыс құрғанын естідім. Әйел қызды жалғыз өсірсе, қыз ер адамның тәрбиесін көрмесе, ер адаммен бірге тұруға қиналады. Бұл да бір шындық. 

— Медиаторларға іс қалай түседі?

— Қазір адамдар медиаторларды біледі, сондықтан өздері іздеп келеді. Аудан, ауылға барамыз, түсіндіреміз. Түзету мекемелеріне де барамыз. Жазасын өтеушілердің кейбірі тергеушілердің медациялық келісім туралы айтпағанын, білмегенін жеткізді. Анықтаушы, тергеушілерге істі алдымен медиаторға жіберуге міндеттесе, құба-құп болар еді. Бұл менің ұсынысым.

Қорғаушылар да ақпараттандыруы тиіс. Олар да жұмыстың қамын, табысын ойлап, жасырып қалады кейде. Бұл дұрыс емес. Сотта да медиатор бар. Ол судьялар арасынан болады. Бірақ менің ойымша судьяның медиатор болғаны дұрыс емес. Олар бұйрық раймен сөйлеп үйреніп қалған, ал медиатор адамның тілін түсінетін маман. Қазіргі кезде мұғалім, дәрігер, әкімге де медиацияның қыр-сырын үйрену артық болмайды. 

— Медиаторларға жылына қанша іс келіп түседі?

— Қазір мұндай санақ жоқ. 

— Медиаторлардың саны белгілі ме?

— Оқыту жұмыстары 2012 жылы басталды. Содан бері ондаған адам білімін жетілдіріп, өсті. Бір ментордың өзі 150 адамды оқытқан еді. Мен үшін бұл бәсекелестік емес, бір отбасын, оның әулетін сақтап қалуға септігін тигізетін игі іс. Бір айтарым, бәріміз де кешірімді болуымыз керек.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 12:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see156

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see148

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see146

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see144

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see142

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see126

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see126

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see125

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see124

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see123

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see120

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see118

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see118

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see116

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see115

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see114

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары