Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Мұғалімнен машина құрастыру шеберіне дейін: ерлер кәсібін игерген әйелдің табыс жолы

Мұғалімнен машина құрастыру шеберіне дейін: ерлер кәсібін игерген әйелдің табыс жолы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Qarmet компаниясының еншілес кәсіпорны — «Құрылысмет» ЖШС-нің цехында станоктардың ырғағы үзілмейді. Темірдің тарсылы мен дәнекерлеу кезіндегі ұшқынның арасында еңбек етіп жүргендердің арасында бір әйелдің бейнесі ерекше көзге түседі. Бұл — станок және слесарлық жұмыстардың сапасын бақылайтын маман Жұлдыз Қапыш. Оның жұмыс күні темір-терсек, нақты өлшемдер және әр бөлшектің сапасын қадағалаумен өтеді. Себебі шахта жабдығының сенімділігі осы бақылаудан басталады.

Фото: Qarmet

Жұлдыз бұрын колледжде мұғалім болып еңбек еткен. Сабақ беріп, студенттермен жұмыс істеп жүргенде өндірістегі өмірді тіпті елестетпеген. Бірақ уақыт өте келе, өзін жаңа салада сынап көргісі келген.

— Әуелде, әрине, қорқыныш болды. Барлығы бейтаныс, айнала шу, жаңа ережелер. Бірақ өзіме: «Қорықпа, байқап көр» дедім де, шешім қабылдадым. Ең бастысы — істі сүйіп, шын көңілмен атқару. Сонда ешқандай жұмыс ауыр болып сезілмейді, — деп еске алады Жұлдыз. 

Фото: Qarmet

Машина құрастыру саласы дәстүрлі түрде «ерлер ісі» саналып келді. Мұнда физикалық күш, техникалық ойлау мен табандылық қажет. Алайда Жұлдыз бұл салада нәзік жанның да өз орнын таба алатынын дәлелдеп жүр. Бүгінде оның осы бағыттағы еңбек өтілі бес жылға жуықтады. Ол дайын өнімнің сапасын тексеріп, технологиялық процестердің дұрыс орындалуын бақылайды.

— Менің ісіме мұқият болуым мен жауапкершілігім шахта жабдықтарының қаншалықты ұзақ қызмет ететініне тікелей әсер етеді. Сол себепті әр бөлшекті қарап шығуда барынша дәл болуға тырысамын, — дейді ол.

Фото: Qarmet

Әріптестері оның еңбекқорлығын ерекше бағалайды.

— Нәзік қыздың осындай күрделі және ауыр салада өз орнын табуы — мақтауға тұрарлық. Жұлдыз аз уақыт ішінде кәсіби тұрғыда өсіп, үздік мамандар қатарынан көрінді. Біз мұндай ынталы қызметкерлерді әрдайым қолдап, дамытуға күш саламыз, — дейді «Құрылысмет» ЖШС директорының орынбасары Виталий Колесников. 

Қазір Жұлдыз екі баланың анасы. Ата-анасы ұстаз болған, ал ол өз әулетіндегі алғашқы өндіріс маманы.

— Маған балаларымның әйелдің де мықты, дербес және өз ісін жақсы көретін адам бола алатынын көруі маңызды. Егер адам өз ісін сүйсе, кез келген салада жетістікке жетеді, — дейді ол.

«Құрылысмет» кәсіпорнында бүгінде 1500-ден астам адам еңбек етеді. Олардың арасында токарьлар, фрезерлеушілер, дәнекерлеушілер, инженерлер мен шеберлер бар. Бұл үлкен команда машина құрастыру өндірісінің әр сатысында еңбек етіп, Qarmet компаниясының индустриялық базасын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның өнімдерінің 90 пайызы Көмір департаментіне бағытталады — негізінен шахталарға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығарылады. Сонымен қатар Болат департаментімен де бірлескен жобалар жүзеге асып жатыр.

Цехтарда жасалатын әрбір бөлшек пен металл құрылымы шахталардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Әр бұранда, әр дәнекерленген тігіс — еңбекқор мамандардың жауапкершілігі мен шеберлігінің көрінісі. Осындай еңбектің артында Жұлдыз Қапыш сияқты өз ісіне адал, мұқият әрі табанды жандар тұр.

— Ең бастысы — өзіңе сену. Егер істі шын жүрекпен сүйсең, еңбегің де, нәтижең де соған сай болады, — дейді ол күлімдеп. 

Жұлдыз Қапыш бүгінде машина құрастыру саласындағы әйелдер бейнесін жаңаша қалыптастырып келеді. Ол өз үлгісімен: станок басындағы еңбек бұл күштің емес, мінез бен кәсіби рухтың ісі екенін айқын көрсетті. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 20:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see130

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see127

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see126

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see117

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see115

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see114

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see113

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see112

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see111

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see111

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see111

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see111

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see110

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see110

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see109

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see108

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары