Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту нәтиже берді

Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту нәтиже берді

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Біздің елде де мұнай-газ саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. «Жақын арада мұнай өндіру көлемін жылына 100 миллион тоннаға жеткіземіз», - деді Мемлекет басшысы.

Былтыр еліміз қара алтын экспортын 15 пайызға арттырды. Жоспарға сай 70 млн тоннасын сыртқы нарыққа шығардық. Алайда ақшаға шаққандағы көрсеткіш айтарлықтай емес. Өйткені мұнай бағасы құбылмалы. Осы ретте еліміз шикізаттан гөрі дайын мұнай өнімдерін сатуға басымдық бере бастады. 

Елде мұнай өңдеу саласын 2040-ншы жылға дейін дамытудың нақты бағдары бекітілді. Энергетика министрі Ерлан Аққенженов қуаттылықты арттыруға, өнім сапасын жақсарту және ғылыми негізделген технологияларды енгізуге басымдық берілетінін айтты. Өндіріс көлемін жылына 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін жеткізу көзделеді. Үш мұнай өңдеу зауыты кезең-кезеңімен кеңейіп жатыр. Мәселен, былтыр битум шығаратын зауытты жаңғырту жобасы аяқталды. Ал өндіріс қуаты 1,5 есе артып, 1,5 миллион тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік туды. Нәтижесінде елдегі жол құрылысында отандық битум қолданылады.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Шымкент мұнай өңдеу зауытын 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға дейін, Атырау мұнай өңдеу зауытын 5,5 миллион тоннадан 6,7 миллион тоннаға дейін және Павлодар мұнай-химия зауытын 5,5 миллион тоннадан 9 миллион тоннаға дейін кеңейту жұмыстары жоспарлы жалғасуда. Сонымен қатар жылына 10 миллион тонна мұнай өңдеу қуатына ие жаңа зауыт салу жобасына әлеуетті инвесторларды тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы шеңберінде мұнай өнімдерінің экологиялық талаптарын күшейту көзделіп, К5+ деңгейіндегі жоғары стандарттарға көшу бекітілді.

 

6 млн тоннадан аса дизель өндірілді

Былтыр дизель отыны рекордтық деңгейде өндірілді. Нарыққа 6,14 млн тоннасы шығарылған. Бензин өндірісі де 400 мың тоннаға ұлғайды. Сөйтіп, ішкі сұраныс толық қамтылды. Әсіресе Шымкент мұнай өңдеу зауытының қарқыны күшті. Мұнда 2,28 млн тонна жанар-жағармай шығарылды. Дизель көлемі 2 млн тоннадан асқан. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты 1,8 млн тонна авто бензин шығарды. Өндірілген дизель 1,9 млн тонна. Павлодар мұнай-химия зауыты 1,7 млн тоннаға жуық бензин және 2,1 млн тоннадан аса дизель отынын өндірді. Жалпы өткен жылы отандық өңдеу зауыттары 13,6 млн тонна жеңіл мұнай өнімдерін өндірген. Бұл алдыңғы жылдан 1 жарым млн тоннаға артық. Өңделген шикізаттың жиынтық көлемі 17,46 млн тоннаға жетті.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Ішкі нарықты реттеу мақсатында біз батыл қадамдарға бардық. Бағаны әкімшілік жолмен белгілеуден бас тартылып, Президенттің либерализациялау жөніндегі Жарлығына сәйкес нарықтық механизмдерге көштік. Бұл шаралар саланы жүйелі қалпына келтіру үдерісін бастауға мүмкіндік беріп, ішкі нарықты отынмен тұрақты қамтамасыз етуге және тапшылық туындау қаупін жоюға жол ашты.

Елде бутадиен зауыты салынады

2029 жылы елде алғашқы бутадиен зауыты іске қосылады. Құны 1 млрд доллардан асатын инвестициялық жоба Атырау облысында жүзеге асады. Мамандар жаңа зауыт мұнай-химия саласын ғана емес, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытатын стратегиялық маңызға ие дейді. Мұнда көмір су шикізатын терең өңдеуге көңіл бөлінеді. Осылайша синтетикалық каучук импортын азайтып, отандық шина, желім, герметика, конвейер лентасы т.б. өндірісіне қажет шикізат базасын қалыптастыруға болады. Жоспар бойынша жылына 380 мың тонна өнім шығарамыз. Бұл өңдеу өнеркәсібінің үлесін 1 пайызға арттырады. Ал шикізатты Қарағанды облысындағы дөңгелек зауыты пайдаланады. Мұндағы өндіріс көлемі жылына 3 млн-ға жетеді деген жоспар бар. 

Бутадиен зауыты экономикамыздың артуына ықпал етеді. Ілеспе мұнай газынан бастап, Қазақстан аумағында өндірілетін дайын өнімге дейін қосылған құн тізбегін құруға мүмкіндік аламыз. Бұл шиналар мен резеңке бұйымдардың құнын төмендетеді. Сонымен қатар, жаһандық каучук нарығындағы сыртқы жағдайлардың ықпалынан тәуелсіз боламыз.

Импортқа тәуелділік азаяды. Бұған қоса, дайын өнімді ЕАЭО және Орталық Азия нарығына шығару мүмкіндігі бар. Жеңіл химия өнімдері, кейбір авто компонент және үйге қажет жабдықтарды өндіруге шикізат базасы өзімізде жасақталады. Қазір еліміз поли-пропилен импортына тәуелділікті 5%-ға дейін төмендетті. Яғни кешенді жұмыс жемісін беріп жатыр. Кәсіпорындар мұнайды өңдеу тереңдігін 94 пайызға дейін жеткізуге ниетті. Бұл үшін озық технологиялар енгізіледі. «Әрине сұраныс барда, мұнай экспорты да тоқтамайды», - дейді сарапшылар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 11:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see137

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see132

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see117

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see115

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see113

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see111

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see110

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары