Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Нобель комитеті саясатты бейбітшіліктен жоғары қойды Ақ үй

Нобель комитеті саясатты бейбітшіліктен жоғары қойды Ақ үй

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

— Президент Трамп бейбіт келісімдерге қол қоюды, соғысты тоқтатуды және адамдардың өмірін сақтап қалуды жалғастыра береді. Ол — гуманист жүректі тұлға, және оның ерік-жігерінің күшімен тауларды қозғай алатындай адам ешқашан болмайды. Нобель комитеті саясатты бейбітшіліктен жоғары қойғанын дәлелдеді, — деп жазды Стивен Чунг әлеуметтік желі X-тегі мәлімдемесінде.

Трамп пен оның одақтастары соңғы бірнеше апта бойы президенттің бұл беделді сыйлыққа лайық екенін насихаттап келген. Олар Трамптың биыл қаңтарда Ақ үйге оралғаннан кейін кемінде жеті қақтығысты реттеу ісіндегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ оны Израиль, Камбоджа және Пәкістан сияқты бірнеше ел де қолдаған, деп хабарлайды The Hill.

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі, Флорида штатының республикашылы Анна Паулина Луна бейсенбі күні ресми түрде Трамптың кандидатурасын Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімге қол жеткізуге қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығына ұсынды. Өткен айда Трамп пен Израиль премьер-министрі екі жылға созылған Газа соғысын тоқтатуға бағытталған 20 тармақтан тұратын жоспарды жариялаған. Екі тарап та келісімнің алғашқы кезеңдерін қолдайтындарын білдірді.

Бейсенбі күні Трамп журналистердің сыйлыққа үміті жөніндегі сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

— Мен тарихта тоғыз айдың ішінде сегіз әскери қақтығысты шешкен ешкімді білмеймін. Ал мен сегіз қақтығысты тоқтаттым. Мұндай бұрын болған емес. Олар өз істерін істей береді, бұл қалыпты жағдай. Мен мұны марапат үшін емес, көптеген адамның өмірін сақтап қалу үшін жасадым, — деді Дональд Трамп Ақ үйдегі Финляндия президентімен кездесу кезінде.

Бұған дейін Нобель комитеті Венесуэла саясаткері Мария Корина Мачадоның бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанғанын жариялаған. Комитет өз мәлімдемесінде оның «Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын ілгерілету жолындағы тынымсыз еңбегін және диктатурадан демократияға бейбіт әрі әділ өтуді қамтамасыз ету үшін жүргізген күресін» атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 01:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see155

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see147

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see145

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see143

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see141

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see128

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see125

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see125

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see125

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see124

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see123

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see122

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see117

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see117

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see115

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see115

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see114

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see113

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары