Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Өңірлерге серпін беретін кадрлық бағдарлама іске қосылды

Өңірлерге серпін беретін кадрлық бағдарлама іске қосылды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жоба жергілікті жерлерде кәсіби әрі тиімді басқарушы буынды қалыптастыруды көздейді.

Партияның Саяси менеджмент академиясы жаңа форматта ауылдық округтердің сайланған әкімдерін, мәслихат депутаттарын және бастауыш партия ұйымдарының өкілдерін оқыту жұмысын бастады.

Жаңа бағдарлама басқарушылық құзыреттерді арттыруға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, стратегиялық ойлауды жетілдіруге және мемлекеттік жобалық басқаруды меңгеруге бағытталған. Оқыту жұмысы Абай облысында басталады.

Сөз басында Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов әлем қарқынды өзгеріп жатқанын, жаһандық тұрақсыздық жағдайында жаппай цифрландыру мен Жасанды интеллект жаңа өмір шындығына айналғанын атап өтті. Жаңа сын-қатерлерге лайықты жауап беру үшін Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр.

Фото: Amanat

Бұл қадам азаматтардың ел басқару ісіне араласуын кеңейтіп отыр.

«AMANAT» партиясы жалпыұлттық үдерістерге тікелей қатысады. Сондықтан партияластар жаңа жағдайда алға қойылған міндеттерді лайықты әрі тиімді орындау үшін жаңа құзыреттерді белсенді түрде меңгеруі қажет.

— Біздің Президентіміз халықаралық қатынастардың мойындалған маманы, әлемдік деңгейдегі дипломат ретінде осындай прогрессивті үрдістерді жақсы біледі. Мемлекет басшысы «Алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсініктің ескіргенін, оның орын «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басқанын үнемі айтып жүр. Оның үстіне, жаңа Конституцияда адами капиталды дамыту, білім мен ғылым стратегиялық басымдық ретінде бекітілді. Бұл біздің басты ресурсымызға айналды. Сондықтан осы бағдарды басшылыққа алған «AMANAT» партиясы бүгін жергілікті кадрларды оқыту бағдарламасын бастап отыр. Олар өзіне жауапкершілік ала алатын, табанды, тиімді шешім қабылдай білетін маман болуы керек, — деді Мәжіліс төрағасы.

Ерлан Қошанов сайланған ауыл әкімдері, мәслихат депутаттары және БПҰ өкілдері бүгінде халық сенім артатын, азаматтар өз мәселелерін шешу үшін жүгінетін нағыз өңірлік элита екенін ерекше атап өтті.

Фото: Amanat

Бұл ретте, ауыл әкімдері мемлекеттік бағдарламаларды жүзге асырудан бастап, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға дейінгі кең ауқымды мәселелерге жауап бере отырып, үлкен жүктеме арқалап отыр.

Өз кезегінде, мәслихат депутаттары мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланыстың негізгі буыны ретінде қарастырылады. Азаматтардың сенімі мен өңірлердегі тұрақтылық деңгейі олардың кәсіби шеберлігіне, коммуникация сапасына тікелей байланысты. Партияның күн тәртібін жүзеге асыру ісінде 3800 БПҰ ерекше рөл атқарады. Дәл осы деңгейде қоғамдық пікір қалыптасып, халықпен кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Партия төрағасы жаңа оқу жобасы болашағы зор басқарушыларды анықтауға арналған платформаға айналатынын ерекше атап өтті. Бағдарлама аясында «AMANAT» партиясының кадрлық резерві қалыптасып, мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметте ілгерілетуге бағдарланған тиімді әрі бәсекеге қабілетті көшбасшылар даярланады.

Жаңа оқу жобасына қатысты пікір білдірген «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова жаңа оқу бағдарламасы қолданбалы тәсілімен ерекшеленетініне және заманауи ғылыми зерттеулерге сүйенетініне назар аударды.

— Саяси менеджмент академиясы ұсынып отырған жаңа білім беру бағдарламасы тәжірибелік бағытымен ерекшеленеді. Онда әріптестеріміз қызмет барысында кездесетін түрлі жағдайға нақты шешім ұсынылады. Бағдарлама Назарбаев Университеті, AlmaU, SDU және БИЛ сынды жетекші жоғары оқу орындары ғалымдарының қатысуымен әзірленді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес оқыту бағдарламасының модульдік құрылымын мақұлдады. Сондай-ақ еліміздегі жоғары оқу орындары бұл оқыту модульдерін өз бағдарламаларына енгізе алады, — деді партия хатшысы.

Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік қызмет саласының басшылық құрамын толықтыру барысында «AMANAT» партиясы мүшелерінің әлеуеті ашық әрі бәсекелі цифрлық іріктеулер арқылы белсенді пайдаланылып жатқанын атап өтті.

Фото: Amanat

Istanbul Kent University экономика, әкімшілік және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Хасрет Чомак «AMANAT» бағдарламасы нақты нәтижеге негізделгенін және саяси шешімдерді тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағыттайтын көшбасшыларды даярлауды көздейтінін айтты.

Абай облысының әкімі Берік Уәли жаңа модульдік бағдарлама ауыл әкімдерінің заңнаманы іс жүзінде қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталатынын, олар бюджеттік ресурстарды тиімді басқаруды — бюджеттік вертикальді түсінуден бастап, өз кіріс базасын дамытуды, салық түсімдерін арттыруды және аумақтардың экономикалық өсімін ынталандыруды меңгеретінін атап өтті.

Фото: Amanat

Сондай-ақ іс-шарада Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры, италиялық саяси технолог Рикардо Пелиццо, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы Айзада Рахметова және «Жетіген» БПҰ төрағасы, Алатау қаласы Жетіген шағын ауданындағы № 11 орта мектептің музыка пәні мұғалімі Анастасия Мельник, Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов, Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген және Торайғыров университетінің ректоры Нұрлан Медетов сөз сөйледі. 

Фото: Amanat

Жаңа оқу бағдарламасының басталуына мемлекеттік органдар мен академиялық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы партияның өңірлік филиалдарының қызметкерлері қатысты.

Айта кетелік Премьер-министр Олжас Бектенов ғылыми жетістіктер көрсеткішін облыс әкімдерінің рейтингтеріне қосу қажет екенін айтқан еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:273
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 22:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары