Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Оқушылар қатарласын жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген: оқиғаның мән жайы

Оқушылар қатарласын жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген: оқиғаның мән жайы

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы орта мектептен шу шықты. 7-сынып оқушысын "жыныстық қатынасқа" түсуге мәжбүрлеп, оны бейнекамераға түсірген балалардың видеосы мамандарды аяғынан тік тұрғызды. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.

7,8,9-сынып оқушылары не ойын екені, не зорлық екені белгісіз жағаұстатарлық жайтты видеоға түсірген.

Бейнежазбада қызы бар, ұлы бар – жасөспірімдер қызды жатқызып, үстіне жас баланы шығарып, анайы әрекетке барған. Үстіне шыққан жеткіншектің жасы 10-да. Ол жан-жағынан қаумалағандардың айтқанын істеп, көрсеткенін қайталаған.

"13 қазан күні бір ата-ана келіп, ана бейнежазбаны көрсетті. Жағамды ұстадым. Бірден ата-аналарын шақырып, полицияға хабарластым. Екі ата-ана келді, ал жәбір көрдім деген қыздың асыраушысы Талғарда жұмыс істейді, ол түнгі сағат онда келді", - дейді №3 мектептің директоры Гүлзар Сераждинова.

Бұл жайдан күдікті балалардың ата-аналары хабардар болған. Дәл сол күні полиция пунктінде ювеналды полициямен қоса, прокуратураға да хабарлама жасалған.

"Ұялы телефондарын тексергенде балалардың бұрыннан араласатыны белгілі болған. Олар бір көшенің бойында тұратын достар. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, криминалдық полиция, прокуратура келді. Сол жерде Қылмыстық кодекстің 124- бабы бойынша іс қозғалды", - дейді мектеп директоры.

Сорақысы сол, бейнежазба телеграм әлеуметтік желісіндегі тыйым салынған топқа салынған. Қазір балалар оқитын мектеп мазасыз күйде.

"Мен видеоны салған қыздан сұрап білдім. Телеграм каналда бір бот бар екен. Ол жерде әркім ойына келген бейнежазбаны сала береді екен. Ал жәбірленуші қыз ол бейнежазбаның жарияланғанын білмеген", - дейді директор.

Жәбір көрген оқушының анасы 2023 жылы жол апатынан қайтыс болған. Қазір нағашы әпкесінің қамқорлығында. Мына жағдайдан қамқоршысы мүлдем хабарсыз болып шыққан.

"Баланың көңіл-күйі қалыпты. "Мені ешкім зорлаған жоқ. Ол кішкентай бала ғой, қалай зорлайды" деді. Не үшін бұлай істегенін сол күйі түсінбедік. Күдікті деген екі баланың ата-анасы ғана балаларының кінәсін мойындап жатыр", - дейді Гүлзар Сераждинова.

Бейәдеп қылық жасаған балалар өз әрекетін мойындамаған. Ең қиыны – балалар өз әрекетін толық түсіне қойған жоқ.

Жәбір көрген оқушының сабақ үлгерімі орташа болғанымен, ашық-жарқын, кез келген адаммен бірден тіл табыса кетеді, дейді мұғалімдері.

Бейәдеп әрекетке 4 қыз, 4 ұл қатысқан.

Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісі жәбірленушінің қамқоршысынан сұрап көрді.

"Қазір бәлен деп ешнәрсе айта алмаймын. Мынау кінәлі деп те біреудің баласын көрсете алмаймын. Болар іс болды. Шулап жатыр, айтып жатыр. Қазір тергеу жүріп жатыр. Соншама дабыра етіп, шулатып жіберді. Олай істеудің қажеті жоқ еді. Қазір экспертиза жүріп жатыр, басқа ешнәрсе айта алмаймын", - дейді жәбірленуші баланың қамқоршысы Арзыгүл.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше Қылмыстық Кодекстің 124-бабы бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:224
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 17:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары