Оралдағы әуежайда жаңа рейстер ашылды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайдан Түркістанға тікелей әуе қатынасы қайта жанданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, алғашқы рейс 3 қаңтарда ұшады. Ұшуларды SCAT Airlines компаниясы орындайды, ал билеттердің құны – 33 000 теңге. Бұл бағыт бойынша рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.
Министрлік 2026 жылы Орал мен Ташкент арасында тікелей әуе қатынасы ашылатынын да мәлімдеді. Жаңа бағытты өзбекстандық Centrum Air компаниясы іске қосуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта Оралдан Франкфурт, Шарм-эль-Шейх және Тараз қалаларына халықаралық рейстер ұшады. Бұған қоса, Алматы, Астана, Ақтау және маусымдық Шымкент бағыттары да қолжетімді.
2023 жылдың ақпан айынан бастап Орал әуежайын "Орал әуежайы холдингі" ЖШС басқарып келеді. Компанияның 51%-ы қазақстандық инвесторларға, ал 49%-ы шетелдік инвесторға тиесілі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қаңтар 2026 11:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















