Орман шаруашылығынан климаттық зерттеулерге дейін: Қазақстан мен Эстонияның экологиялық серіктестігі
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Эстония Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі ел арасында маңызды құжатқа қол қойылды. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Эстония Республикасының Климат министрлігі қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум жасасты.
Құжат экология және табиғатты қорғау бағытындағы бірқатар маңызды ынтымақтастықты көздейді. Атап айтқанда, орман шаруашылығын басқару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, биоалуантүрлілікті сақтау, орман экожүйесін бақылау және климаттың өзгеруіне бейімделу салаларында тәжірибе алмасу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар тараптар климаттық зерттеу жобаларын бірлесіп іске асыру, Париж келісімінде көрсетілген мақсаттар және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы аясындағы ұзақ мерзімді міндеттер бойынша екіжақты кездесулер өткізуге келісті.
Меморандум Қазақстан мен Эстония арасындағы экологиялық серіктестікті күшейтіп, табиғатты қорғау және климат мәселелері бойынша бірлескен жұмысқа жол ашады.
Бүгін, 15:45
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:79
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 18:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















