ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
«2026 жылғы 13 шілде сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылды: Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі – 63 кандидат, «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі – 69 кандидат, «Әділет» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі – 186 кандидат, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі – 47 кандидат, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі – 72 кандидат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі – 33 кандидат, «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі – 76 кандидат», деді Шавхат Өтемісов.
Жаңа есімдер мен танымал тұлғалар: «Әділет» партиясының сайлауалды тізіміне кімдер енді?
ОСК хатшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген нормалар, заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялардың құқықтары туралы айтты.
«Қазіргі уақытта барлық саяси партиялардың құжаттары партиялық тізімге енгізілген азаматтардың Конституцияның 35-бабының 3-тармағында, 54-бабының 3-тармағында және Конституциялық заңның 4-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады», деп түйіндеді Шавхат Өтемісов.
Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:96
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 16:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















