Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Өз Доуэльдерімізді қашан жоқтаймыз?

Өз Доуэльдерімізді қашан жоқтаймыз?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бала кезде фантаст жазушы Александр Беляевтің шығармаларын көздің майын тауысып қызыға оқитынбыз. Сол туындылардың ішінде «Профессор Доуэльдің басы» атты роман ерекше есімізде қалған еді. Жуырда сол кітапты қайта оқып шықтық. Сөйттік те, соңғы отыз жылдықта қарым-қабілеті мен білім-білігін халқына арнай алмаған өзіміздің Доуэльдердің алтын бастарын аядық.

«Ауа саудагері», «Ариэль», «Балық адам» сынды ғылыми-фантастикалық таңғажайып туындылар туғызып, «орыстың Жюль Верні» атанған Александр Беляевті қазіргі оқырман ұмытып кеткендей көрінеді. Сөйтсе де Александр Романовичтің романын қайыра парақтағанда әлем әдебиетіне қиял-ғажайыпқа толы он үш роман, жетпістен астам әңгіме-хикаят тарту еткен қаламгердің бүгінгі оқырманға берері әлі де түгесілмегенін, фантастика жанрының классигінің кітаптарына қай заманда көз жүгіртсеңіз де өз иіріміне үйіріп әкетіп, тың ойлардың орамына батыратынын аңғардық. Адамзаттың түсіне қалта телефон кірмеген өткен ғасырдың басында-ақ кейіпкерлері бір-бірімен «радио-телефонмен» («Ауа саудагері») еркін әңгімелесіп жүретін жазушының көріпкелдігі өз алдына, оның «Профессор Доуэльдің басы» туындысындағы кейбір оқиғалар бүгінгі қазақ қоғамының дертімен астаса кеткені бізді ойға қалдырды.

«Профессор Доуэльдің басы» – Александр Беляевтің ең танымал шығармаларының бірі. Бұл туындыны сыншылар автобиографиялық, яғни қаламгердің өз өмірі туралы роман деп бағалаған. Беляев те шым-шытырық оқиғаға толы туын­дыны өз ғұмырымен тығыз байланысты екенін жоққа шығармаған. Әрине, жазушының басы шабылып, оған адам жаны түршігерлік ғылыми тәжірибелер жасалған жоқ. Бірақ қаламгер «туберкулёз плевриті» деген диагнозбен алты жыл ауырып, оның үш жылында денесін мүлдем қозғалта алмай жатқанда роман кейіпкері профессор Доуэльдің барлық азабын өз басынан өткізді. Содан да болар, Беляев түрлі түтікшемен қаны айналып, тыныс алатын профессорының аянышты халін өмірде болып жатқандай шынайы суреттейді. Доуэльмен бірге өз басыңыз да кесіліп, арнайы қондырғыда ғаріптің күйін кешіп жатқандай сезімдерге бөленесіз.

Романның сюжетін тұтас айтып шығу – шарт емес. Десе де айтпақ ойымыз ондыққа тиюі үшін де шығарма мазмұнын қысқаша баян­дай кетейік. Францияның Париж қаласында тұратын хирург-профессор Керн о дүниеге кеткен адамның басын тірілту мақсатында жасырын тәжірибелер жүргізіп, ойына алған нәтижеге қол жеткізеді. Профессордың бұл жетістігінің сырын оның жеке клиникасына ассистент болып қызмет етуге барған Мари Лоран біліп қояды. Керн жұмбақ жағдайда қаза тапқан профессор Доуэльдің басын тірілтіп, оның ақыл-ойын өз мүддесіне пайдаланған. Әйгілі ғалымның «тірі басы» мүжбүрлі түрде Керннің арам-пиғылын жүзеге асыруға міндеттеледі. Осылай Керн Доуэльдің ақыл-ойының көмегімен бірнеше операцияны сәтті жасап, талай ойлы басты өзге адамның денесіне қондырып, ойына келгенін жасайды.

Бастың денесіз тіршілік етуі туралы идея әдебиетте бұрыннан бар. Оған мысал ретінде Эдвард Пейдж Митчеллдің «Денесіз адам» (1877 ) фельетонын, Морис Ренардың «Доктор Лерн» («Жаңа құбыжық», 1908) романын және Гастон Лерудің «Қанды...» (1923) туын­дыларын айтсақ та жетіп жатыр. Бізге Беляевтің ол туындыларды оқып-оқымағаны белгісіз. Белгілісі қаламгер қиялын­дағы оқиғалар 35 жылдан кейін шындыққа айналып, адам бүйрегіне трансплантация жасалды. Сөйтіп, жазушының шексіз қиялы ғылымның мүмкіндігіне даңғыл жол ашты.

Қош! Жүз жыл бұрын жазылып, әлі күнге мыңдаған оқырманды өзіне баурап келе жатқан романды оқығанда бізді мүлдем басқа кеп мазалады. Кейінгі кездері білімді қазақ жастарының шетелге кету үрдісі күшейіп барады. Әлемнің әйгілі ІТ компанияларында «компьютербасты» қаншама қазақ баласы жүр? Сапалы білім алу үшін шекара асқан жастардың дені елге қайтуға құмбыл еместігі туралы ақпараттарды жиі оқитын болдық. Ең сұмдығы сол, білімді жастардың қазақ жерінен тамырын бырт-бырт үзіп жатқан қазіргі халі «денесі жоқ, басы бар» профессор Доуэльдің күйіне ұқсайды. Кейінгі отыз жылда қазақ мемлекетінің ертеңі үшін тер төгуге тиіс Доуэльдеріміздің ақыл-ойын өзге елдің Керндері өз мүдделеріне емін-еркін пайдаланып келе жатыр. Әрине, жаһандану заманындағы жастардың жайлы өмір аңсап шетелге кетуін тежеу мүмкін емес те шығар. Десе де, оларға өз «елінде ұлтан болу» идеясын сіңіруді ақсатып алған жоқпыз ба, осы? Неге екенін қайдам, Беляевтің шығармасының соңғы бетін жапқаннан кейін бізді осындай ойлар алқымдап, мазамызды алды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:236
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары