Пәкістандағы қайғылы жағдай: ауруханадағы өрттен 14 жаңа туған сәби көз жұмды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Сурет: BildИсламабадта сұмдық қайғылы оқиға болды: Pakistan Institute of Medical Sciences ауруханасының босану бөлімінде шыққан өрт салдарынан 14 жаңадан туған нәресте көз жұмды. Өрт шыққан сәтте бөлімде болған 15 нәрестенің тек біреуі ғана аман қалды, деп хабарлайды Би-би-си.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына кондиционердегі қысқа тұйықталу себеп болған. Тілсіз жау оттегі магистральдарына тез тарап, өрттің шапшаң өршіп кетуіне әкеп соқты.
Куәгерлер мен қаза тапқан балалардың туыстары өрт қауіпсіздігі ережелерінің өрескел бұзылғанын айтып отыр. Нәрестелердің бірінің әкесінің айтуынша, ғимаратта келушілерге арналған тек бір ғана есік жұмыс істеп тұрғандықтан, адамдарды эвакуациялау қиынға соққан. Ал аурухана әкімшілігі кезекші персоналдың өз орнында болғанын және шығатын есіктердің бұғатталмағанын алға тартты.
Қайғылы оқиғаға жоғары мемлекеттік деңгейде жедел әрекет жасалды:
Пакистан Премьер-министрі Шехбаз Шариф Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігін қызметінен босатты;
Төтенше жағдайдың себептерін тергеу үшін арнайы комиссия құрылды;
Сарапшыларға өрттің шығу себептері туралы ресми есепті 24 сағат ішінде ұсыну тапсырылды.
Бүгін, 18:01
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 20:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















