Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Парламентаралық ассамблея жиынына қатысты

Парламентаралық ассамблея жиынына қатысты

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақ­стан Парламентінің депу­тат­тары Тәжік­стан астанасы Душан­бе қала­сында өткен Пар­ла­мент­аралық ассамб­лея­­сы­ның оты­рысына қа­тыс­­ты. Сапар аясын­да пар­­­ламенттік делега­ция Тә­жік­стан Прези­денті Эмо­мали Рахмон­мен кездес­ті. Сон­дай-ақ Сенат төр­ағасы Парламент­аралық ассамб­лея алаңында ТМД ПА-ға қатысушы елдер­дің Парламент­тері пала­та­лары­ның басшыларымен екі­жақты кездесулер өткізді.

Мәулен Әшімбаев Тәжік­стан басшысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәле­мін жет­кі­зіп, бүгінде қазақ-тәжік қарым-қатынасы екіжақ­ты ынты­мақ­тастықтың барлық саласында белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ол жоға­ры деңгейде қол жеткізіл­ген уағ­да­­­ластықтарды тиімді іске асы­­руға жәрдемдесу екі ел Пар­ла­­­­мент­тері депутаттарының ма­­ңыз­­ды міндеті екеніне назар аударды.

Сенат төрағасы ТМД Парла­мент­аралық ассамблеясының отырысына қатысушыларға ілти­пат білдіріп, осы жылдар ішін­де ұйым диалог, заңнамалық бас­тамаларды іске асыру және елдер арасындағы сенімді нығайту үшін тиімді алаңға айналғанын тілге тиек етті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ТМД мемлекеттері басшы­лары­ның кеңесінде атап өткен­дей: «Біздің мақсатымыз ортақ – Достастықты жасампаздық пен өрлеудің, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің кеңіс­тігіне айналдыру». Тәуелсіз мемле­кеттер достастығы халық­тары­мыздың болашағы үшін өзара сыйластықты, сенім мен ортақ жауапкершілікті сақтау институты ретінде қажет ұйым. Осы ретте ТМД Парламентаралық ассамблеясы аясындағы бірлес­кен қызметіміз мемлекет басшылары айқындап берген негізгі басымдықтардың жарқын көрінісі екені анық. Сондай-ақ мұндай қадам дәстүрлі мәселелерден бөлек, жасанды интеллектіні реттеу, цифрлық құқықтарды қорғау және басқа да көптеген өзекті мәселені қамтиды. Бұл – ТМД өзінің қажеттілігін сақтап қана қоймай, жаңа шындыққа бейімделе отырып, белсенді дамып келе жатқанының нақты дәлелі. Достастықтың 35 жылдығы қарсаңында осындай үрдіс аса маңызды», деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ палата спикері Достастық аясындағы ынтымақ­тас­­тық мәдениетаралық және дінара­лық диалогті нығайтуға деген өзара құрмет пен ұмтылыс­қа табан тірей­тінін атап өтті. Осыған орай ол Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының VIII съезінің қорытын­дыларына кеңінен тоқталып, әріптестеріне ТМД елдерінің делегация­лары аталған форумға жоғары деңгейде белсенді қатыс­қаны үшін алғыс білдірді.

М.Әшімбаев ТМД елдері Парламенттері палаталарының бас­шы­ларына Қазақстанда елдің демократиялық дамуы жолын­дағы жауапты қадам болып саналатын алдағы парламенттік реформа туралы айтып берді.

«Келесі жылдың басында біз қазақ­стандық парламентаризм тари­хындағы маңызды кезең – Қазақстан Республикасының қазіргі Парламентінің 30 жылды­ғын атап өтеміз. Қазақстан Парла­менті­нің мерейтойы дамудың жаңа және маңызды кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан Респуб­лика­­сы­ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында бір палаталы Парламентке көшуді көз­дей­тін парламенттік реформа жүргізуді ұсынды. Бұл бастама – Қазақстанның өкілді институттар­ды нығайту және тиімді заңна­малық билік қалып­тастыру жөнін­дегі дәйек­ті саясатының қисынды жалға­сы. Осы мәселе бойынша түпкі­лікті шешім 2027 жылы өтетін жалпыұлттық референдумда қа­был­данады», деп Сенат төрағасы алдағы бірлескен жұмыстың нақты бағыттарына тоқталды.

ТМД ПА алаңында Қазақ­­­стан бастамашы болған «Отба­сы­лық-тұрмыстық зор­лық-зомбы­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» модельдік заң мақұл­данды. Айта кетейік, аталған құжат Қазақ­стандағы заң шығару қызметі­нің оң тәжірибесі ескеріле отырып ұсынылған еді. Бұл заң әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге тың серпін берген маңызды қадам болды.

Іс-шара барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының федерациясына ТМД-ға мүше мемлекеттер­дің Парламентаралық ассамб­леясы жанындағы байқау­шы мәртебесін беру туралы сөз сөйледі. Қазақстан Пар­ламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина отырысқа қатысушыларға жерге орналас­тыру туралы модельдік заң­­дар, парник­тік газдар шығарын­дыларын шектеу туралы айтып берді. Сондай-ақ ол ұлттық заң­намада пайдалану үшін ТМД ПА-ға қатысушы мем­лекет­тер­дің Парламенттеріне жібе­ріл­ген ТМД-ға қатысушы мем­­лекет­тер үшін жер қойнауы және жер қой­науын пайдалану тура­лы мо­дельдік кодекске енгізуге арнал­­ған өзгерістерге де назар аударды.

Мәулен Әшімбаев ТМД ПА алаңында Ресей Федерациясы Федерал­ды Жиналысы Федера­ция Кеңесінің төрағасы Вален­тина Матвиенкомен екіжақты кез­десу өткізді. Онда тараптар Қазақ­стан-Ресей ынтымақтастығы­ның маңыз­ды мәселелерін және Қазақстан Президентінің Ресейге мемлекеттік сапарының қорытындыларын талқылады. Қол жеткізілген келі­сім­­дер сауда-экономикалық, энер­ге­­ти­калық, көлік және гумани­тарлық са­лалардағы көпжоспарлы ынты­мақ­тастықты нығайтуға бағыттал­ғаны сөз болды. Қазақстан Па­р­ла­ментінің Сенаты мен Ресей Федералды Жиналысының Феде­рация Кеңесі арасындағы ын­ты­­мақ­тастық жөніндегі комис­­сия­­ның белсенді жұмысы, оның екі ел­дің нормативтік-құқық­тық база­сын жетіл­діру бо­йынша қабыл­даған ша­ралары да әңгімеге арқау болды.

Палата спикерінің Тәжік­стан Республикасы Маджли­си Оли Маджлиси милли төр­ағасы Рустами Эмомалимен кездесуі барысында көпқырлы ынты­мақтастықты, парла­мент­аралық байланыстар мен өңірлік өзара іс-қимылды нығай­ту мәсе­ле­лері­не баса мән берілді. Тарап­тар саяси диалогті кеңейту, сау­да-эконо­микалық байла­ныс­тар­ды дамыту, бірлескен жоба­лар­ды іске асыру үшін сауда-эко­но­ми­калық, мәдени-гума­ни­­тар­лық, цифр­лық салалар, жасанды ин­­тел­лект және білім беру бағыт­­тары қосымша мүмкін­діктер бе­ре­ті­нін айтты. М.Әшім­баев Қазақ­­с­тан бұл бағыттағы ынтымақ­­тас­тық­қа дайын екенін тілге тиек етті.

Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочановамен кездесуде Қазақстан мен Беларусьтың сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынты­мақ­тастығы, сондай-ақ көпжақ­ты алаңдар аясындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқы­ланды. Сұхбат кезінде Қазақстан Парламентінің Сенаты мен Бела­русь Республикасы Ұлттық Жина­лысының Кеңесі арасын­дағы ынтымақтастық жөнін­дегі комиссия жұмысының нәтиже­леріне мән берілді. Одан бөлек, парла­мент­­­аралық өзара іс-қимыл­ды ны­ғай­­туға арналған бірқатар нақты прак­ти­­калық қадамдар жан-жақты сөз болды.

Қазақстан Парламенті Сенаты­­­ның төрағасы ТМД ПА алаңын­да тағы басқа пар­ламенттік делегациялардың бас­шы­ларымен екіжақты кездесулер өткізді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары